Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

«Физика» ӘБ жетекшісі:

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Мұғалім:

Физика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11

Бөлім Айнымалы ток

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

Оқыту мақсаттары

11.4.3.14 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Сабақтың мақсаты

жоғарғы / төменгі кернеулерде энергияны жеткізу кезіндегі энергия шығынын сипаттайды;

генераторлардан тұтынушыларға дейін энергияны тарату жүйелерін сипаттайды;

айнымалы токтың және жоғары кернеудің ғылыми-экономикалық артықшылықтарын түсіндіреді;

электр энергиясын тиімді пайдалануға мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар: жоғарғы / төменгі кернеулерде энергияны жеткізу кезіндегі энергия шығынын сипаттайды;

генераторлардан тұтынушыларға дейін энергияны тарату жүйелерін сипаттайды;

айнымалы токтың және жоғары кернеудің ғылыми-экономикалық артықшылықтарын түсіндіреді;

электр энергиясын тиімді пайдалануға мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

трансформатордың екінші орамында айнымалы кернеудің қалай пайда болатынын ауызша сипаттау, сонымен бірге, кіріс және шығыс кернеулерінің арасындағы фазалар айырымын сипаттау

активті және реактивті кедергісі бар айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңының қолданылуын түсіндіру

Пәнге қатысты лексика мен терминология

индукция,

айнымалы ток,

магнит ағыны,

фазалар айырымы,

екінші реттік орам,

бірінші реттік орам, трансформация коэффициенті

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

айнымалы ток ……. индуцияланады

трансформатор тұрақты токта жұмыс істемейді, себебі...

кіріс және шығыс кернеулерінің арасында ……... пайда болады

Пәнаралық байланыс

География

АКТ-ны қолдану дағдылары

Ақпаратты іздестіру, оны іріктеу бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту; фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру және орнату

Алдыңғы білім

8 сынып:

Электр өрісі. Тұрақты ток. Конденсаторлар

Магнит өрісі. Электромагниттік индукция

9, 11-сынып:

Қарапайым гармоникалық тербелістер. Тербелістер графиктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0 – 7 мин

(W) Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау:

Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?

Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

Трансформация коэффициенті деп нені айтамыз?

Төмендеткіш деп қандай трансформаторды айтады?

Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?

Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?

Smart board

Мақсат қою

710 мин

(W) Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеп, оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын таныстырады.

Smart board

1040 мин

(I, G) Оқушылар материалды өз бетінше оқып, алған білімдері бойынша түсініктеме мазмұндама жазады. Мұғалім оқушылардың жазған жұмыстарын топтарды аралап бақылап, коментарий айтып, қажет болса түсіндіреді.

Қазақстанда электр энергиясын өндіру

Электр энергиясын жеткізу

Электр энергиясын тиімді пайдалану

Таратпа материал

(Қосымша 1

немесе ағылшын, орыс тілінде

http://www.minnelectrans.com/transmission-system.html#how, https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D1%8B%D1%81%D0%BE%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%BF%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%8F%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D1%82%D0%BE%D0%BA%D0%B0)

40 – 65 мин

(G, D) 3 адамнан құралған топта оқушылар Қосымша 2 – де көрсетілген ресурсты қолданып, мұғалімнің бақылауымен тізбекті құрап жұмыс жасайды. Демонстрация бойынша оқушылар трансформатордың құрылымы, қалай жұмыс жасайтынын оның өмірдегі қолданысымен байланысын сипаттайтын жазбаша белгілер дайындайды. Жазып болғаннан кейін 10 минут ішінде әр топ оқушылары бір бірінің жұмыстарын көріп, 6 минут жазбаларын оқып, 4 минут ішінде мұғалімнің жетекшілігімен бір-біріне кері байланыс жасайды.

Қолданылатын кілт сөздер: тасымалдау, кернеуді жоғарылату, неліктен жоғарылатылды, кедергі мен беттік әсерден энергияны жоғалтуды азайту, штативтер, тіреуіштер, кернеудің төмендеуі, тұрмыстық/коммерциялық, жүктеме.

Қосымша 2

http://practicalphysics.org/ac-power-line-high-voltage.html

65 – 72 мин

(W) Мұғалім Қазақстандағы электр энергиясы желілері туралы қорытындылайды; өндіру, беру, бөлу, тұтынушылар, энергия шығынын азайту; P = I2R; тұрақты токты және айнымалы токты пайдалану, үнемдеу. Оқушылар тыңдап, жаңа ақпараттарды дәптерге түсіреді.

Smartboard

72 – 76 мин

(W) Жаңа материалды бекіту

Мұғалім сабақ мақсаттары бойынша оқушылармен бірге, тақырыпты бекітеді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

7678 мин

78 – 80 мин

Кері байланыс

Үй тапсырмасы (Қазақстандағы электр энергиясын тарату туралы эссе жазу)

Қосымша 3

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жазбасаңыз болады.

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу