Қазақстанда және әлемде электр энергиясын өндіру және пайдалану. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | Мұғалім: | ||||
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 29 | |||||
Күні : | Сынып : 11 | ||||
Ұзақ мерзімді сабақ жоспарының бөліімі: | 4.3 Айнымалы ток | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанда және әлемде электр энергиясын өндіру және пайдалану | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.3.14 - Қазақстандағы электр қуатының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау | ||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: - электр станцияларының ең көп таралған түрлерін қолдану принципін және құрылысын білу; - энергияның әртүрлі түрлерін беру және пайдалану әдістерін анықтау; - электр энергиясының басқа энергия түрлерінен артықшылықтарын сипаттау; - электр энергиясын алыс қашықтықтарға берудің физикалық негіздерін түсіндіру; - әр түрлі электр станциялардың жұмыс принципін салыстыру - Қазақстандағы электр қуатының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау және талдау | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - электр станцияларының ең көп таралған түрлерін қолдану принципін және құрылысын біледі; - энергияның әртүрлі түрлерін беру және пайдалану әдістерін анықтайды; - электр энергиясының басқа энергия түрлерінен артықшылықтарын сипаттайды; - электр энергиясын алыс қашықтықтарға берудің физикалық негіздерін түсіндіреді; - әртүрлі электр станциялардың жұмыс принципін салыстырады - Қазақстандағы электр қуатының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды және талдайды | ||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыптық лексика мен терминология: Электр энергиясы, электр станциясы, жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр станциясы (АЭС), ротор, тиімділік | ||||
Алдыңғы білім | Физика, тұрақты ток 10 сынып (3-тоқсан) | ||||
АКТ дағдылары | Оқушылардың ақпаратты іздеумен, оны таңдаумен байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту; салыстыру және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтар | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарлау уақыты | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
| (f) (W) Миға шабуыл -Электр тогы дегеніміз не? - Айнымалы ток дегеніміз не? - Тұрақты токпен салыстырғанда айнымалы токтың артықшылығы неде? -Трансформатор дегеніміз не? -Трансформация коэффициенті бірден үлкен болса, трансформатор қалай аталады? -Электр станцияларында не үшін күшейткіш трансформатор қолданылады? - Неліктен трансформатор өзекшелері жеке лакталған электротехникалық болат пластиналарынан жасалған? | ||||
5 -12 мин 12-25 мин | (W) (G) Ой шақыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Видео көрсету Оқушыларды видео көрген соң, жұппен талқылауды сұрау Жылу электр станциялары. Жұмыс принципі: https://www.youtube.com/embed/3lAPi8PtUOs Гидроэлектростанция: https://www.youtube.com/watch?v=U3E7_2BPLbM Альтернативті көздер: https://www.youtube.com/watch?v=k8LPoUf3-ps (I) (G) Ресурстармен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлініп, теориялық материалды оқиды (дереккөз бойынша сараланған). Топтық талқылау 1) «Физика», 11 сынып оқулығы 2) Таратпа материал (Қоымша 1) Материал оқылғаннан кейін әр топтан 1 оқушы басқа топтарға сағат тілімен түсіндіреді. Саралау Қабілеті жоғары оқушыларды интернеттен «Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану» туралы ақпаратты табуға және оны түсіндіруге шақырады | Интерактивті тақта, компьютер Жылу электр станциялары. Жұмыс принципі: https://www.youtube.com/embed/3lAPi8PtUOs Гидроэлектростанциясы: https://www.youtube.com/watch?v=U3E7_2BPLbM Альтернативті көздер https://www.youtube.com/watch?v=k8LPoUf3-ps Қосымша 1 «Физика» оқулығы 11сынып Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшыбаев: Алматы «Мектеп» 2010 | |||
25-35 мин | (W) Топтардың есебі (F) Жұппен тірек конспектісі бойынша талқылайды | Кормаков 11 сынып. Тірек конспектісі Қосымша 2 | |||
35-40мин | Қорытынды жасау. Рефлексия Үйге: Ақпаратты Sankei диаграммасы түрінде ұсыну | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Қорытынды бағалау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру