Сабақ тақырыбы: Контурдағы еркін гармониялық тербелістердің теңдеуі. Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақты жоспарламай тұрып орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарлары ұсынылған үлгіге сәйкес құрастырылуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік тербелістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

 Сабақ тақырыбы: Контурдағы еркін гармониялық тербелістердің теңдеуі. Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу.

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.3 - компьютерлік модельдеу арқылы зарядтың және ток күшінің уақытқа графикалық тәуелділігін зерттеу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылау, Excel кестелік процессорын меңгеру деңгейін тексеру.

Бағалау

 критерийлері

Электромагниттік контур үшін заряд пен ток күшінің уақыт бойнша тәуелділігін саралай алады.

Excel бағдарламасын қолданады

Графиктерді салыстыру кезінде саралау дағдыларын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылардың физика тілінде сауатты жазу және сөйлеудің ғылыми мәдениетін дамыту, физика пәніне танымдық қызығушылықты жандандыру.

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды білімдерін қолдануға, жаңа, зерттелмеген әлемді тануға ниетін арттыруға ұйымдастыру

Пәнаралық

 байланыстар

физика және информатика

АКТ қолдану дағдылары

Excel бағдарламасымен жұмыс дағдылары

Бастапқы білім

Еркін және еріксіз тербелістер

Заряд пен ток күшінің уақыт бойынша тербелістерінің гармониялық теңдеулері

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сабақты берілген есептер тобын шығаруға қажетті ақпаратты қайталаудан бастаймыз.

Тақырып бойынша есептердің төрт тобы:

1. Гармониялық тербелістердің жалпы заңдылықтарын қолдануға арналған есептер. 2. Нақты тербелмелі жүйелердегі еркін тербелістер бойынша есептер. 3. Еріксіз тербелістер туралы есептер.

4. Табиғаты әр түрлі толқындар туралы есептер.

– 1 және 2 топ есептеріне тоқталамыз.

Есептер

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

Сабағымыздың келесі кезеңі –практикум.

Электромагниттік тербелістерді зерттеу үшін Excel кестелік процессорын пайдаланамыз. Компьютерлік модельдеу тапсырмалары Электромагниттік тербелістер.xlsx. файлында көрсетілген. Бұл файл үш кезеңнен тұрады.

1 кезең: Теориялық сұрақтарға жауап.

2 кезең:

1. Бастапқы сандық мәліметтерді келесі ұяшықтарға енгізу:

1) С18: ток күшінің бастапқы мәні;

2) С19: бастапқы уақыттағы конденсатор заряды;

3) С20: контурдың актив кедергісінің мәні;

4) С21: катушка индуктивтілігі;

5) С22: конденсатор сыйымдылығы;

6) С31: жартылай интервалдар әдісі арқылы теңдеуді шешу кезінде нөлге тең деп алынатын бастапқы уақыт мезеті;

7) С32: соңғы уақыт мезеті.

Мәліметтер мысалы:

2. С33-те бағдарлама қадамын есептеу. Интервалдар саны кесте бойынша анықталады.

3. Есептеу:

1) өшу коэфициентін (С24);

2) меншікті тербеліс жиілігін (С25);

3) меншікті тербеліс периодын (С26);

4) сындық кедергі мәні (С29).

4. I(t) және q(t) графиктерін тұрғызу үшін кестені толқыту, жоғарыдағы есептеуіш формулаларды қолданып екі график алу қажеттігін ескеріңіз, I(t) және q(t) тәуелділіктерінің масштабы әртүрлі.

Есептеуіш формулалар

  • Графиктерді тұрғызу

tmax уақыт мезетін өзгерту арқылы графиктердің өзгерісін бақылау, модель істен шығатын уақытты анықтау. Осы уақыт аралығын меншікті тербеліс периодымен салықтыру.

3 кезең: Жасалған жұмыс жайлы қорытындылар

Қабілеті жоғары оқушылар үшін слайдтарда тербелістерді зерттеуге бірнеше есеп берілген.

 http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/3a6d01f3-bb68-e494-84c3-07a125a1ba00/00144679589309473.htm Интербелсенді модель

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Сабақ мақсаттарына оралу

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация Қабілеті жоғары оқушылар үшін слайдтарда тербелістерді зерттеуге бірнеше есеп берілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу