Есептер шығару. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма: https://jamboard.google.com
Топтық жұмыс: /оқушыларды үш топқа бөліңіз/
1 топ. Ағаштың бетін тегістейтін сүргінің басы қарапайым гармоникалық тербеліс жасайды және оның тербеліс жиілігі 24000 мин–1. Тепе-теңдіктен максимал ауытқуы – 1,5 мм.
а) циклдік жиілігін анықта;
ә) максимал жылдамдығын анықта;
б) 8.43-суретте осы құралдың тепе-теңдіктен ығысуының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикті пайдалана отырып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін сал.
2 топ: Суретте қарапайым гармоникалық тербеліс жасаған жүйенің тербеліс графигі берілген. Графикті пайдаланып:
а) жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жаз және графигін сыз.
ә) үдеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жаз және графигін сыз.
3 топ: Тербелмелі бесіктің тербелісі мына теңдеумен x=3cos2πt берілген (ығысу метрмен алынған) болса, анықта:
а) амплитуданы;
ә) циклдік жиілікті;
б) тербеліс периодын;
в) тербеліс жиілігін;
г) максимал жылдамдықты анықта;
ғ) жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жаз;
д) удеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жаз;
е) ығысудың уақытқа тәуелділік графигін сыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру