Фотоэффектінің қолданылуына есептер шығару. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 3 Қалыптастырушы бағалау

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Фотоээфекттің қолданылуы

Дағдылар

11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану

Білу, түсіну және қолдана алу

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетті

Қолдану

Анализ

  • E = hν формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін қорытады.

Тест тапсырмалары

  • Фотоэффект дегеніміз не?

A)    Түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысы.

B)     Түскен жарықтың әсерінен металдардан электрондардың ұшып шығу құбылысы

C)     Түскен жарықтың әсерінен сұйықтардан электрондардың ұшып шығу құбылысы

D)    жауаптардың бәрі дұрыс.

  • Фотоээфектіні зерттеп, заңдарын тағайындаған ғалым ....

A)    1923 жылы Милликен.

B)     1887 жылы Герц.

C)     1905 жылы Столетов.

D)    жауаптардың дұрысы жоқ.

  • Фотоэффектінің заңдарының маңызы неде?

A)    фотоэффект процесіндегі энергияның сақталу заңы

B)     фотоэффект процесіндегі электрондардың  қозғалысын түсіндіру  болып табылады

C)     фотоэффект процесіндегі жарық кванттарының энергиясы мөлшерінің шектеулілігін көрсетеді

D)    фотоэффект процесіндегі энергияның қалай бөлінетіндігін дәлелдеп түсіндіретін заң.

  • "Жапқыш кернеу" дегеніміз не?

A)    катод пен анод арасындағы кернеу

B)     фотоэлектрондардың катодтан анодқа жетпей қалатындай потенциалдар айырымын түсіретін кернеу

C)     катодтан анодқа қарай электрондар қозғалысқа келетін кернеу.

D)    фотоэлектрондардың жылдамдығын әлсірететін кернеу

  • Фотоэффектінің "қызыл шекарасы" дегеніміз не?

A)    жарық түссе де фотоэффект болмайтын толқын ұзындығы

B)     жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығатын жиілігі

C)     фотоэффект туғыза алатын ең аз жиілік шамасы

D)    жауаптардың бәрі дұрыс.

  • "Қанығу тогы" қай кезде пайда болады?

A)    1 секундта катодтан ұшып шыққан электрондардың  қозғалысы  туғызатын ток

B)     түскен жарықтың әсерінен катодтан ұшып шыққан электрондар санын анықтайтын ток.

C)     катодқа түсетін жарық интенсивтілігінің берілген мәнінде фототоктың өсуі

D)    жауаптардың дұрысы жоқ.

  • Сыртқы фотоэффектінің маңызы неде?

A)    автоматты ойындар үшін қолданылады

B)     фотоэлементтерде қолданылады

C)     өдірісте, әртүрлі технологиялық процестерде, фоторелелерде - әскери істерде  қондырғыларды  автоматты түрде ағытып, іске қосып отыруға қолданылады

D)    жауаптардың бәрі дұрыс

  • Фотон деп нені айтамыз?

A)    Әрбір жарық кванты бір бөлшек болып табылады, оны фотон деп атаймыз.

B)     бір порция энергияcы hv-ға тең элементар бөлшек, оны фотон деп атаймыз.

C)     жарықтың бөлшектік қасиетін дәлелдейтін бір квант - фотон деп аталады

D)    жауаптардың бәрі дұрыс.

  • Фотонның энергиясы неге тең?

A)     E=hv

B)     E=mc2

C)     E=0

D)    E=eU.

10. Фотон импульсінің болуы ненің дәлелі болып табылады?

A)    жарықтың тыныштық массасының бар болуының

B)     жарықтың бөлшектік сипатының бар екенін дәлелдейді

C)     жарықтың энергиясының бар болуының

D)    жауаптардың бәрі дұрыс

11. Эйнштейн теңдеуі дегеніміз не?

A)    E=mc2

B)     E=hv

C)     hv=Aш+mv2/2

D)    E=eU.

12. Бір кванттың таситын энергиясы неге тең?

A)     E=hv

B)     E=mc2

C)     E=0

D)    E=eU.

13. Фотоэффектінің І заңы қалай тұжырымдалады?

A)    әр металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы , яғни  одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын ең аз жиілік бар  - vmin.

B) қанығу фототок күші түскен жарықтың интенсивтілігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.

C) фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтілігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.

D) жауаптардың бәрі дұрыс.

14. Планк тұжырымдамасының физикалық маңызы неде?

A)    Жарықтың  әрбір үлесін "квант" деп атаймыз

B)     Әрбір квант 1 "үлес" энергия тасиды, оның шамасы hv-ге тең.

C)     Қызған дене жарық шығарғанда "үлеспен" үздікті шығарады.

D)    классикалық физиканың заңына қайшы, дене энергияны үлестік, дискреттік түрде шығаратынын, жарықтың бөлшектік күйде тарайтынын тұжырымдап берді.

15. Ішкі фотоэффект дегеніміз не?

A)    жарықтың әсерінен бос электрондардың санының артуынан болатын құбылыс.

B)     жартылай өткізгіштердегі электрондар мен кемтіктердің санының артуынан жүретін фототоктың қолданылуы

C)     фотоэффект 2 түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы

D)    жауаптардың бәрі дұрыс

Есептер шығару

1.Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,50 ЭВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 103 км/cболу үшін вольфрам бетіне түсірілетін жарықтың жиілігін тап.

(1 эВ = 1,6*10-19 Дж;  m=9,1*10-31кг;  h=6,64*10-34 Дж.с) E = 4,50 эВ*1,6*10-19 Дж = 7,2*10-19 Дж;

2. Потенциалы 600В өріс нүктесінен ұшып жыққан электронның жылдамдығы  , ал бағыты өріс күш сызықтарымен бағыттас. Электрон келіп тоқтайтын нүктенің потенциалын анықтаңыз. (e = 1,6 * 10-19кл;   m = 9,1 * 10-31 кг)

3.Толқын ұзындығы 450 нм сәуле әсерінен цинкте фотоэффект байқала ма? Цинктен электрондардың шығу жұмысын тап ( Аш = 4,2 ЭВ;  h = 4,136 * 10-14ЭВ*с )

4. Электрон үндетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден потенциалы 300 В нүктеге орын ауыстырды. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, электронның соңғы алған жылдамдығын анықтаңыз. (e= 1,6 *10-19 кл;  mэ=9,1*10-31 кг;)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу