Электр токтың генераторы. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Айнымалы ток генераторы.

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийлері:

- Генератордың құрылысын біледі.

- Генератордың жұмыс істеу принципін түсіндіре алады.

- Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын түсіндіреді.

1. Суретте магнит өрісінде тогы бар рамканың айналу эффектісі көрсетілген.

Айналу эффектісін қалай күшейтуге болады?

А. Орамдардың санын арттыру керек

В. Орамдағы ток күшін азайту керек

С. Магнит өрісінің бағытын өзгерту керек

D. Орама ретінде жіңішке сымды қолдану керек [1]

2. Генератор орамының AB және CD бөлктерінде индукцияланған ток бағыты қандай?

А. AB – бізге қарай, CD – бізден ары қарай

В. AB – бізге қарай, CD– бізге қарай,

С. AB – бізден ары қарай, CD– бізден ары қарай

D. AB – бізден ары қарай ,CD– бізге қарай. [1]

3. Генератор орамынан ток суретте көрсетілген бағытта өтсе, орамның айналу бағытын анықтаңыз

А. Сағат тілімен

В. Сағат тіліне қарсы

С. Сол жағы жоғары

D. Оң жағы төмен [1]

4. а) Генератор дегеніміз не?

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ [1]

b) Генератордың жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген?

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ [1]

c) Генератордың негізгі бөліктерін атаңдар.

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ [1]

d) Генератордың негізгі бөліктерінің қызметін сипаттаңдар.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ [4]

Жауаптар:

1. А

2. D

3. В

4. а) Генератор – механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.

b) Генератордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген.

с) Сым орам, тұрақты немесе электромагнит, сақиналар, щеткалар

d) Сақиналар мен щеткалар айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын (орам –ротор) немесе электромагниттерге көректенетін ток беретін қондырғылар (электромагнит -ротор).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу