Магнит өрісі. Бұранда ережесі. Магнит индукция векторы. Физика, 10 сынып, қосымша материал 1.

8 практикалық жұмыс.

Оқушының аты-жөні ___________________________________

Оқу мақсаттары:

10.4.1.4 – жасанды магнитті экспериментте жинау және оның қолданылу саласын түсіндіру;

10.4.1.5 – соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды түсіндіру.

Тақырыбы: Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру.

Мақсаты: электромагнитті жинау және оның магнит өрісі қандай факторларға тәуелді болатынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, компас (магниттік тілше), доға тәрізді магнит, амперметр, сызғыш, электромагнитті жинауға қажетті құралдар (катушка және өзекше).

Қауіпсіздік ережесі. Қауіпсіздік ережесін мұқият оқыңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.

Байқаңыз! Электр тоғы! Өткізгіш сымдардың үзілмегенін және оқшаулағыштарының бүлінбегенін тексеріңіз. Магнит өрісімен жұмыс жасау барысында қолыңыздағы сағатты шешіп тастаңыз және ұялы телефонның парта бетінде болмауын қадағалаңыз.

Қауіпсіздік ережесімен таныстым және орындаймын: ________________________

оқушының қолы

Жұмыс барысы.

  • Электр тізбегін жинаңыз. Электр тізбегінің схемасын сызыңыз.
  • Тізбекті тұйықтаңыз және магниттік тілшенің көмегімен катушканың магниттік полюсін анықтаңыз.

Катушкадан магниттік тілшеге дейінгі арақашықтықты S1 және катушкадағы ток күшін I1 өлшеңіз.

Өлшеу нәтижесін 1-ші кестеге жазыңыз.

  • Тізбектегі ток күшінің мәнін өзгертпей, катушканың магнит өрісінің магниттік тілшеге әсері шамалы болатын S2 арақашықтыққа магниттік тілшені катуша осінің бойымен жылжытыңыз. Осы арақашықтықты өлшеңіз және кестеге жазыңыз.

1-кесте

Өзекшесіз катушка

S1, см

I1, А

S2, см

  • Ток күшін өзгертпей, катушканың ішіне өзекше салыңыз. Алдыңғы әрекеттерді қайталаңыз. Катушкадан магниттік тілшеге дейінгі арақашықтықты S3 және катушкадағы ток күшін I2 өлшеңіз. Өлшеу нәтижесін 2-ші кестеге жазыңыз.
  • Тізбектегі ток күшінің мәнін өзгертпей, катушканың магнит өрісінің магниттік тілшеге әсері шамалы болатын S4 арақашықтыққа магниттік тілшені катуша осінің бойымен жылжытыңыз. Осы арақашықтықты өлшеңіз және кестеге жазыңыз.

 2-кесте

Өзекшесі бар катушка

S3, см

I2, А

S4, см

  • 3 және 5 пункттердегі нәтижелерді салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Реостаттың көмегімен тізбектегі ток күшінің мәнін өзгертіңіз. Қорытынды жасаңыз:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Доға тәрізді магнитті электромагнитті жинаңыз. Электромагнит катушкаларын өзара тәзбектей жалғаңыз және оның ұштарында әр аттас магниттік полюс орналасуы керек. Магниттік тілше арқылы электромагниттің полюстарын анықтаңыз. Алынған электромагниттің магниттік күш сызықтарын сызығыз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

ОМ: 10.4.1.5 – соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды түсіндіру.

  • Тогы бар катушка мен магниттік тілшенің қандай ұқсастығы бар? ………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

  • Тогы бар катушканың ішіне өзекше салғанда, оның магниттік әсері қалай өзгереді? ………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

  • Катушканың магнит өрісінің күш сызықтары қалай өзгереді? Егер:

а) орамдағы ток шамасын арттырса:

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

б) орамдағы токтың бағытын өзгертсе:

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

в) орам санын азайтса:

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

………………………………………………………………………………………………………...

  • Видеоны көріңіз (4-қосымша «ЭМ-ті кранның жұмысы») және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Электромагнит дегеніміз не? Электромагниттер қандай мақсаттарда қолданылады (3-5 мысал)? Тұрақты магнитпен салыстырғанда электромагниттердің қандай артықшылығы бар?

Бағалау критерийі:

  • Электр схемасын сызды;
  • Өлшеулерді дұрыс жасады;
  • Ғылыми деректерді пайдалана отырып, дұрыс қорытынды жасады?
  • Соленоидтың магнит өрісіне қандай факторлар әсер ететінін және қалай әсер ететінін түсіндірді;
  • Магнит өрісінің күш сызықтарын бейнелей алады.

Электротехникаға қызыққан оқушыларға арналған эксперименттік тапсырмалар.

Тақырыбы: «Электромагниттің, электр қоңырауының, электромагниттік реленің жұмыс істеу принципін түсіну. Электрондық қондырғылар арқылы реленің жұмысын басқару»

Оқушылар электромагниттің жұмысын зерттейді

Құрал-жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, катушка, темір өзекше, қоңырау, шам, кілт, электромагниттік реле, фоторезистор

№1 тапсырма «Электр қоңырауы»:

1) тізбектей жалғанған ток көзі, катушка, кілттен тұратын тізбек құрастырыңыз;

2) қоңырауды катушкаға жақындатыңыз;

3) катушканы айнымалы ток көзіне қосыңыз;

4) тізбекті тұйықтаңыз және электр қоңырауының жұмыс істеу принципін зерттеңіз;

5) жұмыс істеу принципін жазыңыз.

№2 тапсырма « Электромагниттік реле»

1. тізбектей жалғанған ток көзі мен кілтке электромагниттік релені, шамды параллель жалғаңыз;

2. тізбекті тұйықтаңыз және электромагниттік реленің жұмысын зерттеңіз;

3. электромагниттік реленің жұмыс істеу принципін жазыңыз.

№3 тапчырма «Электрондық қондырғылар арқылы реленің жұмысын басқару (фоторезистора)»

1) тізбектей жалғанған фоторезистордан, ток көзінен, шамнан, кілттен, электромагниттік реледен тұратын тізбекті жалғаңыз;

2) тізбекті тұйықтаңыз және фоторезистордың көмегімен электромагниттік реленің жұмысын зерттеңіз;

3) электромагниттік релені басқару принципін жазыңыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу