Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс

«Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу»

Бағыты: 10 (қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы)

Зерттеу тақырыбы: Электр тогы.

Мақсаты: 1-суретте көрсетілген тізбекті схема бойынша жинау, зерттейтін сұйықтыққа батырылған электродтардағы кернеуді және ток күшінің мағынасын өлшеу, зерттелетін электролидтердің электр қасиеттері бойынша қорытындылар жасау.

Қолданылған ұғымдар: электр тогы, электролит, ток күші, кернеу.

Жабдықтар:

Атауы

Мөлшері

1

Қақпақсыз кювета (ваннаша)

1

2

Мыс электродтар,76мм x 40 мм

2

3

Серіппелі қысқыштар «крокодил», оқшауланбаған

4

4

Жалғаушы сымдар, 250 мм

6

5

Жалғаушы сымдар, 500 мм

4

6

Қорек көзі, 0...12 В. тұрақты ток/6В, 12 В ауыспалы ток

1

7

Кілт

1

8

Амперметр

1

9

Вольтметр

1

10

Ауыз суы

1

11

Ас тұзының ерітіндісі

1

12

Күкірт қышқылы, 10% ерітінді

1

13

Натрий гидрооксиді, 10% ерітінді

1

Қосымша материалдар

11

Құмқағаз орташа (наждачная бумага, средняя)

1

12

Шүберек немесе сорғыш (сүзгіш) қағаз

1

Жұмыстың орындалу реті

 1. Мыс электродтарды сұйықтыққа арналған кюветалардың бүйірлік беттеріне орналастыру керек. Электродтар бетін тиянақты тазартып алыңыздар. Кювета таза жуылуы керек.

 2. Электродтарға «крокодилдарды» қосыңыздар. (1 сурет).

 3. 1-суретте көрсетілгендей схема жинақтаңыздар. Схема құрастырған уақыттында кілтті ажыратыңыздар. Схемаға сәйкес амперметр мен вольметрді және ток көзімен мыс электродтарды сәйкесінше қосыңыздар. Кюветаны жартылай таза ауыз суымен толтырыңыздар.

 4. Вольтметрді тіркеуге келтіру. 10 В өлшеу шегін қойыңыздар. (тұрақты кернеу түрі,V-).

 5. Жалғағыш сымның біреуін (+) таңбалауы бар құралдың ұяшығына және екіншісін (-) таңбалауы бар құрал ұяшығына қосыңыздар.

 6. Токты (амперметр) өлшеу үшін өлшегіш құралға жалғағыш сымдарды тізбектей қосамыз. Қалыпты токты өлшеу үшін шкаланы таңдаңыздар. Қалыпты токты өлшеу шегі 300 мА бұл – ұсынылатын шкала.

 7. Қорек көзіндегі кернеуді реттеушіні «0» күйіне қойыңыздар, ток көзін қосыңыздар. Кілтті тұйықтандар. Ток көзінің кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап бұраңыздар. Вольтметрдегі кернеу 2 В болуына жетуін тосыңыз. Ток күшін өлшеңіздер және 1 кестеге жазыңыздар.

 8. Кілтті ажыратыңыздар. Суды төгіп тастаңыздар және кюветаны құрғақтап сүртіңіздер. Электродтарды қайтып орнына салыңыздар және кюветаға ас тұзының ерітіндісін құйыңыздар. Кілтті тұйықтаңыздар. 2 В кернеуді қойыңыздар және ток күшін өлшеңіздер. Кілтті ажыратыңыздар.

 9. Кюветаны күкірт қышқылы ертіндісімен толтырыңыздар, амперметрдегі ток күшінің өлшеу шегін 300 мА таңдаңыздар. Сөндіргішті тұйықтандар және 2 В кернеуімен күкірт қышқылының ертіндісімен токты өлшеңіздер. 1 кестеге осы мағынасын енгізіңіздер. Кілтті ажыратыңыздар.

 10. Кюветаны және электродтарды жуыңыздар және құрғатып сүртіңіздер. Сілті ерітіндісін қолдануымен тәжірибені қайталаңыздар. Нәтижені 1 кестеге енгізіңіздер. Кілтті ажыратыңыздар. Тоқ көзінің корпусындағы кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап «0» күйіне бұраңыздар. Қондырғыны ажыратып. Тағы да кюветаны және электродтарды жуыңыздар.

 

Қондырғы

1-Сурет

Бақылаулар және нәтижелер

1 кесте. Алынған мәліметтерді кестеге енгізіп, кедергіні есептеңіз.

Тәжірибенің №

Кюветадағы зат

І, А

U, B

R, Ом

1

Таза ауыз суы

2

Ас тұзының ертіндісі

3

Қышқыл ертіндісі

4

Сілті қышқылы

1. Жасалған жұмыстан қандай қорытынды шығады? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Сілтілердің және қышқылдардың, тұздардың суда еруіндегі болатын химиялық үрдісті суреттеңіздер, осы заттардың су ертінділері электр тогын өткізетін қабілетті осының нәтижесінде біле аламыз ба?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Неге кристаллды ас тұзы электр тогын өткізбейді, ал су ертіндісі токты жақсы өткізеді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Сілтілердің және қышқылдардың, тұздардың ерітінділерінде электр тогы қалай пайда болатыны туралы қорытынды жаз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу