№ 2 Зертханалық жұмыс: Электролиттердегі электр тогының пайда болуының шарттарын зерттеу. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Зертханалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Электролиттердегі электр тогының пайда болуының шартарын зерттеу.

Мақсаты: электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау;

Құрал-жабдытар: дәнекерлі модульдер SB (түзу -3, бұрышты-2, алшақ салынған -1, шеткі -2, бұрышты ұяшықты -2), сөндіргіш SB-1, қақпақсыз кювет-, мыс электродтар – 2, серіппелі қысқыштар «қолтырауын», оқшауланбаған – 2, жалғаушы сымдар (көк 250 мм-1, қызыл 250 мм-1, көк 500 мм-2, қызыл 500 мм-2), көптекті өлшеуіш құрал (түпнұсқа)-2, ток көзі-1, күкірт қышқылы, 10 % ерітінді, 1000 мл, нтрий гидрооксиді, 10 % ерітінді, 1000 мл, сүзілген су, 5л, зімпаралы қағаз, аспаздық тұз, ас суы, шүберек немесе сорғыш қағаз.

Қондырғы:

1-сурет 2-сурет

Жұмыстың барысы:

Сүзілген су.

  • Жезді электродтарды сұйықтыққа арналған кюветтердің бүйірлік беттеріне орналастыру керек. Электродтар бетін тиянақты тазалау керек. Кювета таза болуы керек. Кюветаның ішіне берілген сұйықтықты құйыңыз.
  • Электродтардағы «қолтырауындарды» қосыңыз (2-суретті қараңыз). 1-суретте келтірілгендей тізбеленген модульдерден сызба жинақтаңыз. Сызбаны жинаған кезінде сөндіргішті ажыратыңыз. Сызбаға екі көпканалды өлшеуіш құралды, ток көзін және жез электродтарды 2 суреттегідей қосыңыз. Кюветаны жартылай шамасында сүзілген сумен толтырыңыз.

3-сурет 4-сурет

  • 3-суретте көп каналды өлшеуіш құралға кернеуші өлшеуіш құрал (вольтметр) ретінде қолдану үшін сымдарды қалай жалғау керектігі көрсетілген. Вольтметрді тіркеуге келтіріңіз: өлшеу шегін 10 В қойыңыз (кернеу түрі: тұрақты кернеу, V -). Қызыл сымды + таңбасы бар құралдың ұяшығына, ал көк сымды – таңбасы бар құралдың ұяшығына қосыңыз.
  • 4-суретте көп каналды өлшеуіш құралға ток күшін өлшеуіш құрал (амперметр) ретінде қолдану үшін сымдарды қалай жалғау керектігі көрсетілген. Тұрақты ток күшін өлшеу үшін шкаланы таңдаңыз. Ұсынылатын шкала - тұрақты токтың өлшеу шегі 3 мА.
  • 1-2 суретке сәйкес сызбаны жинаңыз. Сөндіргішті ажыратыңыз. Ток көзіндегі кернеуді реттеушіні «0» күйіне қойыңыз, ток көзін қосыңыз. Сөндіргішті тұйықтаңыз. Ток көзінің кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап бұраңыздар. Вольтметрдегі кернеу 2 В-ке жеткізіңіз. Ток күшін өлшеп, 1-кестеге жазып алыңыз.

Ас тұзы.

  • Сөндіргішті ажыратыңыз. Суды төгіп тастаңыздар және кюветаны құрғақтап сүртіңіз. Электродтарды қайта орнына салыңыз және кюветаға шамамен түбінен 2 см ас тұзын себіңіз. Сөндіргішті тұйықтаңыз. Кернеуді 2 В жеткізіңіз және ток күшінің мәнін 1-кестеге жазыңыз. Амперметрдің өлшем шегін 30 мА ауыстырыңыз. Сүзілген суды ақырындап ас тұзына құйып, әр кез амперметр көрсеткіштерін бақылаңыз. Тілше шкаланың шектік мәніне (30 мА ) жақындаған кезде бірден құралдың өлшеу шегін арттырыңыз (300 мА). Амперметрдегі көрсеткіш тұрақты болғанға дейін шпательмен тұз ерітіндісін араластырыңыз. Осыдан кейін сөндіргішті ажыратыңыз және ас тұз ерітіндісі үшін токтың максималды мағынасын 1-кестеге жазыңыз.

Ас суы.

  • Кюветаны мұқият жуып, құрғақтап сүртіңіз.
  • Кюветаны ас суымен толтырыңыз.
  • Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
  • Амперметрдің өлшеу шегін 30 мА қойыңыз және кюветаға ас суын құйыңыз.
  • Кілтті қосып, кернеудің 2 В мәніндегі ток күшінің мәнін алыңыз.
  • Ток күшінің мәнін 1-кестеге жазыңыз.
  • Кілтті сөндіріңіз.

Күкірт қышқылы.

  • Кювета мен электродтарды жуыңыз, құрғатып сүртіңіз.
  • Кюветаны күкірт қышқылы ерітіндісімен толтырыңыз.
  • Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
  • Амперметрдегі ток күшінің шегін 300 мА қойыңыз.
  • Кілтті тұйықтаңыз.
  • Кернеудің 2 В мәніндегі күкірт қышқылындағы ток күшінің мәнін 1-кестеге енгізіңіз.
  • Кілтті ажыратыңыз.

Сілті қышқылы.

  • Кювета мен электродтарды жуыңыз, құрғатып сүртіңіз.
  • Кюветаны сілті қышқылы ерітіндісімен толтырыңыз.
  • Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
  • Амперметрдегі ток күшінің шегін 300 мА қойыңыз.
  • Кілтті тұйықтаңыз.
  • Кернеудің 2 В мәніндегі күкірт қышқылындағы ток күшінің мәнін 1-кестеге енгізіңіз.
  • Кілтті ажыратыңыз.
  • Ток көзінің корпусындағы кернеуді ақырындап «0» күйіне бұрыңыз.
  • Қондырғыны ажыратыңыз.
  • Кювета мен электродтарды жуып, құрғатыңыз.

1-кесте. Сұйықтықтарды электрлік қасиеттерін салыстыру.

Тәжірибе реті

Кюветадағы зат

Ток күші, I, А

1

Сүзілген су

2

Ас тұзы

3

Ас тұзының ерітіндісі

4

Ас суы

5

Қышқыл ерітіндісі

6

Сілті қышқылы

1. 1-кестедегі мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Тұздың, сілтілер мен қышқылдардың суда еруі нәтижесінде бұл заттардың судағы ерітінділері электр тогын өткізе алу қабілетіне ие болатын химиялық үрдісті сипаттаңыз__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Неліктен кристалды ас тұзы электр тогын өткізбейдә, ал су ерітіндісі токты жақсы өткзеді____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Неліктен ас суы электр тогын шамалы өткізеді___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу