Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і. Физика, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

.Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

ОМ: Есеп шығаруда жұмыс, қуат және ток көзінің ПӘК-і формулаларын қолдану

Өткізгіш неге қызады:

Мұндай жағдайларда екі бірдей шамдарда шығарылатын жылу мөлшерін салыстырыңыз

Электр энергиясын есептегіш

Қауіпсіздік техникасы

Ток күші электр тізбегінің ең негізгі сипаты болып табылады. Электр тізбегімен жұмыс атқарғанда мынаны ескеру керек: ток күші 1 мА дейін қауіпсіз болып табылады. Ток күші 100 мА асқанда адам ағзасына қауіпті, тіпті өлімге әкеп соғады. Электр құралдарымен жұмыс жасағанда өте ұқыпты болып, сақтық шараларын сақтау керек, әйтпесе адам өмірі қауіпке ұшырауы мүмкін.

Электр тогының жұмысы

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.

A=qU; I=q/t

Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:

A=IUt

егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q

SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж)

өлшенеді.

1 Дж = 1А·1В · 1 с

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады

егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q

Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt

Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt

=

1 Вт∙сағ. = 3600 Дж

1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж

1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.

=

Токтың қуаты

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

P=A/t=IU

егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R

1 Вт=1 Дж/с, 1 Дж =1 Вт*с

1 Вт∙сағ. = 3600 Дж

1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж

1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.

Джоуль- Ленц заңы.

Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:

Q=I2Rt

Ағылшын физигі Джеймс Джоуль

(1818-1889) 

Ресей физигі

Эмилий Христианович Ленц

(1804-1865)

Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ біздің қалада 7 теңге тұрады?

Берілгені:

Р=100 Вт

t= 6 сағ*30=180 сағ

Тариф= 7 теңге

А-? кВт*сағ

құны- ?

Шешуі :

А=Р*t

А= 100 Вт *180 сағ.=18000 Вт*сағ= 18 кВт*сағ

құны – 7 теңге * 18 кВт*сағ =

= 119 теңге

Жауабы: А= 18 кВт*сағ,

құны 119 теңге

2А ток күші мен 220 В кернеуінде 10 м биіктікке массасы 100 кг жүкті 30 с аралығында көтеретін электр двигателінің ПӘК-ін анықтау

Шешуі:

ПӘК – жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың ара қатынасыy айтады

Пайдалы жұмыс АП = mgh,

жалпы жұмыс Аж=UIt



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу