Электр тогының жұмысы мен қуаты. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.3A Электр теориясы

ФМБ НЗМ Тараз қ.

Пән: физика

Мерзімі:

Мұғалімнің аты - жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.7 - применять формулы работы, мощности и КПД источника тока при решении задач; ток көзінің қуатын және ПӘК-інің формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • электр тогының жұмысы және қуаты түсінігінің физикалық мағынасын түсіндіре алады;
  • электр тогының жұмысы және қуатын анықтау формулаларын біледі;
  • Джоуль-Ленц заӊының тұжырымдайды;
  • токтың жұмысы мен қуатын эксперимент арқылы айнымалы және тұрақты шамалардың көмегімен анықтайды.

Жетістік критерийлері

Түсіну

- электр тогыныӊ жұмысының физикалық мағынасын түсінеді;

- электр тогыныӊ қуатының физикалық мағынасын түсінеді;

- Джоуль-Ленц заӊын түсінеді.

Қолдану

электр тогыныӊ жұмысын, қуатын формулаларын қолдана отырып, есептейді;

токтың жұмысы мен қуатын эксперимент арқылы айнымалы және тұрақты шамалардың көмегімен анықтайды.

Математикалық сауаттылық

  • есептеу барысында дұрыс есептеу жүргізеді

 Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология: Электр тогыұрақты электр тогы, ток көздері, еркін зарядтар, ток тасымалдаушылар, ток күші, кернеу, кедергі, амперметр, вольтметр, омметр, амперметрді тізбектей жалғау, вольтметрді параллель жалғау, электр тогыныӊ жұмысы, электр тогыныӊ қуаты

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді.

 Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

 Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

 Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшініӊ квадратына, өткізгіштіӊ кедергісіне және токтыӊ өту уақытына тура пропорционал. 

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шындық

 Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттармен жұмыс істеу

Бастапқы білім

Оқушылар электр заряды, электр өрісі, магнит өрісі ұғымдарымен алдыңғы тоқсаннан таныс. Алдыңғы сабақтарда электр тогы, кернеу ұғымдарымен танысты. Электр тізбегін құрастыруды, электрлік тізбек компоненттерінің, электрлік өлшеуіш құралдардың шартты белгілерін біледі.

Сабақтың барысы

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

0 – 1 мин

Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын сабаққа психологиялық дайындау.

1 – 5 мин

(D, W) Механикалық қуат пен жұмыс ұғымдарын еске түсіру. Электр зарядын электр өрісінде орын ауыстырған кезінде өріс күштерініӊ орындаған жұмысын еске түсіру.

Оқушыларға әртүрлі электр құралдарын (фен, үтік, ноутбук, ұялы телефон т.б.) беріп, қуатын салыстыруды ұсыну.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу/сабақ мақсатымен таныстыру.

5 – 20 мин

(W, D) Жаңа тақырыпты меңгерту

Электр тогының әрекетін екі шама сипаттайды: токтың жұмысы және қуаты.

Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді. Мысалы, металл өткізгіштіӊ қызуы, шамныӊ жануы т.б. Бұл жағдайларда электр энергиясы басқа түрдегі энергияға (ішкі энергия) айналады.

 

 

 

А- электр тогыныӊ жұмысы (Дж); I- тізбектегі ток күші (А)

U- тізбек ұштарындағы кернеу (В); t- уақыт (с).

Электр тогыныӊ әрекеттері

1 Дж = 1А · 1В · 1с

Токтыӊ жұмысын өлшеу үшін амперметр, вольтметр және сағат керек. Практикада токтыӊ жұмысын арнайы аспаптармен – санағыштармен (счетчики) өлшейді.

 

 Электр тогыныӊ әсері тек қана жұмыспен емес, оныӊ қуатыменде сипатталады.

 

 

(W, D) Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

  1 Вт = 1 А· 1с

  1 Дж = 1 Вт · 1с

 1 кВт·сағат = 1000 Вт · 3600 с = 3 600 000 Дж

 

 Тізбектей жалғанған шамдардыӊ қуаты:

 

 Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуат формуласымен есептеледі.

 

 Параллель жалғанған шамдардыӊ қуаты:

 Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

Джоуль-Ленц заңы

Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшініӊ квадратына, өткізгіштіӊ кедергісіне және токтыӊ өту уақытына тура пропорционал.

 

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba075-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_19.swf

немесе «Токтың жұмысы мен қуаты»

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10951

Токтың жұмысы мен қуаты

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10950

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba076-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_20.swf

20 – 40 мин

(W) Электр тогыныӊ жұмысын және қуатын есептеу.

 

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba075-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_19.swf

№8 слайд

(G) Егер оқушылар зертханалық жұмысты уақытынан ерте аяқтаса, келесі тапсырмаларды ұсынуға болады.

Тапсырма № 1: Суретте көрсетілген электр тізбегіндегі Л2 шамыныӊ қуатын анықтаӊыз.

Тапсырма № 2: Суретте көрсетілген электр тізбегіндегі Л1 шамыныӊ қуатын анықтаӊыз.

Үлестірмелі материал

40-45 мин

Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс

Үй тапсырмасын беру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кері байланыс

Нені білдім?

1.

2.

3

Не қызық болды?

Нені білу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу