Гравитациялық және электростатикалық өрістерді салыстыру. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты бағыттаушы карта
Тапсырма 1. Жұппен жұмыс. Берілген тұжырымның дұрыс және бұрыс екендігін анықтаңдар
Тұжырымдама:
1. ______Электр және гравитациялық өрістер екі қасиетпен сипатталады: күштік және энергетикалық.2. ______Гравитациялық өрістен электр өрісінің айырмашылығы- электр өрісі екі зарядталған объектілердің тікелей байланыссыз әрекет ететін күштік өрісі.3. ______Нүктелік зарядпен немесе массасы бар дене өрісінің пайда болуы кезінде, электр өрісінің күштік әсері гравитациялық өрістің күштік сипатына қарағанда қашықтық артқан сайын жылдамырақ кемиді.4._______ Біртекті электр өрісінде қозғалған зарядтың үдетілуі тек заряд шамасы мен массасына байланысты.5. _______Массасы бар екі дененің арасындағы өзара күштің шамасы олардың орналасқан ортасына байланысты емес.6. _______Кулон заңы электростатиканың негізгі заңдарының бірі болып табылады, ол екі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшінің шамасын анықтайды.7. ______Бірнеше дене тудырған өрістің кернеуліктері – осы денелер тудырған жеке өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысы болып табылады.8. ______Электр өрісінің кернеулігі - электр өрісінің күштік сипаттамасы, ол скаляр шама.9. ______Нөлдік деңгейден жоғары белгілі бір биіктікке көтерілген дененің потенциалдық энергиясы, дененің берілген биіктіктен нөлдік деңгейге түскен кездегі тарту күшінің атқарған жұмысына тең.10. ________Біртекті электр өрісінде орын ауыстырған зарядталған дененің потенциалдық энергиясының өзгеруі, дененің қозғалысының траектория пішініне тәуелді.
Тапсырма 2. Сабақ жоспарымен танысыңдар
- Менталды картаны толықтыру.
- Есеп шығару.
Тапсырма 3. Есеп шығару.
Есеп шығаруды бағалау критерийлері:
- электр және гравитациялық өрістер сипаттамаларының формулалары арасындағы ұқсастықтарды қолдану;
1.Радиусы 1 см және массасы 50 грамм болатын теріс зарядталған қоғалмай тұрған шар қоршаған кеңістікте электрлік және гравитациялық өріс тудырады.(a) Сфера бетіне қатысты өріс сызықтарының бағыты қалай бағытталатынын жазыңдар.(I) гравитациялық өріс ... бетіне перпендикуляр, өріс сызықтары ... бетіне тек ... ... ..(ii) электр өрісі ... бетіне перпендикуляр, өріс сызықтарының бағыты бетке немесе беттен .... мүмкін
(в) Сфера заряды -4мкКл. Сфера центрінен 20 см қашықтықтағы нүктенің
(i) гравитациялық өріс кернеулігін ………………………………..
(ii) электр өрісінің кернеулігін …………………………………
(с) Электр өрісінің кернеулігінің гравитациялық өріс кернеулігіне қатынасы қалай өзгереді, егер осы қашықтықты тағы да 20 см-ге арттырса. Өз жауабыңды түсіндір. ........ өзгермейді, өйткені қашықтықты екі еселесе, электр және гравитациялық өріс кернеуліктері 4 есе кемиді ... .................................... ................
2.Екі протон бір-бірінен 1 см қашықтықта орналасқан. Кулон күшінің гравитациялық күшке қатынасын есептеңдер.
3*. Екі горизонатль орналасқан екі металл пластинкалар бір-бірінен 1,8 см қашықтықта вакуумде орналасқан. Суретте көрсетілгендей, пластинкалар арасындағы потенциалдар айырымы 270 В.
Протон пластинкалар арасындағы кеңістікте орналасқан. Неге протон пластинкалар арасында қозғалған кезде гравитациялық өріс ескерілмейді. Сан және сапа жағынан түсіндіріңдер.Электр өрісіндегі күш гравитациялық күштен артығырақ,сондықтан оны ескермеуге болады.
Сабақтың оқу мақсатын тағы бір еске түсір де, бүгінгі сабаққа рефлексия жаса.Өзңнің тақырыпты меңгеру деңгейіңді бағала:
1. Ешкімнің көмегінсіз өзім орындай аламын «+»;
2. Маған көмек керек «±»;
3. Орындай алмаймын «-» .
Ескерту! Екінші бағанды мұғалім сабақ нәтижесі бойынша толтырады.
Критерийлері | Өзін-өзі бағалауы | Мұғалім бағасы |
электр және гравитациялық өрістер сипаттамаларының формулалары арасындағы ұқсастықтарды қолдана аламын | 1. 2. 3. | 1. 2. 3. |
Үй жұмысы:
-оқулықтан материалды қайталау
-есепті шығару:
Есепті пайдалану көзі: https://easy-physic.ru/napryazhennost-polya-prostye-zadachi/
- 10 см қашықтықта заряд тудырған электр өрісінің кереулігі 90 В/м-ді құрайды. Қандай қашықтықта зарядтын электр өрісінің кернеулігі 30 В/м -ден кемболады?
2 * Гравитациялық өріс үшін осыған ұқсас тапсырма құрастырыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру