Электр өрісі. Физика, 10 сынып, қосымша материал 1.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқыңдар. Мағыналы сұрақтарды белгілеп оларға жауап жазып, тірек- схемасын құрыңдар.
- Электр өрісі деп нені түсіндіреді?
- Электромагниттік әсерлесулер жылдамдығы қандай?
- Электр өрісінің қасиеттері қандай?
- Электростатикалық өрісті қалай түсінесің?
- Электростатикалық өрістің қасиеттері қандай?
Электр өрісі. Зарядталған денелердің өз-ара электрлікәсерлерініңтабиғатын түсіндіру үшін заряд маңайындағы кеңістікте өз-аралық әсерлерді орындаушы физикалық агент болуы қажет. Жақыннан әсер ету теориясы бойынша – денелер арасындағы күштік әсерлесуді сол денелер маңайындағы орта арқылы орындалатын және әсерлесудің кез-келген түрін белгілікті жылдамдықпен кеңістікте бере алатын ерекше материялық орта –электр өрісі деп аталады.
Электр өрісін қозғалатын және қозғалмайтын зарядтар тудыра алады. Электр өрісінің бар екендігін оның қозғалмайтын немесе қозғалатын электр зарядтарына деген күштік әсерлері арқылы және электрзарядын нейтрал жағдайдағы өткізгіш денелердің бетіне индукциялау қабілеті дәлелдейді.
Қозғалмайтын заряд маңайындағы электр өрісін –электростатикалық өріс деп атайды.Бұл өріс арқылы санақ жүйесімен салыстырғанда жалпы қозғалыстағы зарядталған денелер арасында күштік әсері бар электромагниттік өріске жатады.
Электр өрісінің графикалық көрінісін -ағылшын физигі Майкл Фарадей ұсынған болатын.Бұл әдісте тұтас сызықтармен кернеулік сызықтарды көрсетеді
Кернеулік сызықтарды сызудың ереже бойынша оған жүргізілген жанама бағыты әр нүктедегі кернеулік векторының бағытымен сәйкес келеді. Сондықтан күш сызықтарының бағыты кернеулік сызытарымен бағыттас болып олар өз-ара қиылыспайды және электр өрісінің әр нүктесінде E бірақ бағыт қана болады.
Электр өрісін күш сызықтарының көмегімен кернеулікті сапалы түрде сипаттауға болады.Ол үшін күш сызықтарының қоюлығы немесе тығыздығы кернеулік векторының модуліне пропорционал түрде таңдалынып алынады.. Күш сызықтарының тығыздығы – осы сызықтарға перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды бетті тесіп өтетін сызықтар санымен анықталады.
Күш сызықтарының кескіндері өрістің әр нүктесіндегі кернеуліктің неге тең екенін және кеңістікте қалай өзгеретінін көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру