Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||
Сынып: 10 жаратылыстану-математикалық бағыты | Қатыспаған оқушы Қатысқан оқушы саны: | саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi | ||||||
Оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау; | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Ыдыс қабырғасына түсірілген газ қысымы қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіну, білу МКТ негізгі теңдеуіне кіретін шамалардың газ қысымы өзгергенде қалай өзгеретіндігін көрсету | ||||||
Бағалау критерийі | Білу молекула-кинетикалық теорияның негізгі ережелерін біледі. Түсіну Ыдыс қабырғасына түсірілген газ қысымы қандай шамаларға тәуелді екендігін анықтайды; Қолдану МКТ қағидаларына сүйеніп, газдың қысымын түсіндіреді; | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: Идеал газ, молекулалар, соқтығысу, газ қысымы, ілгерілемелі қозғалыс, абсолют температура, орташа кинетикалық энергия. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында бір-бірінің пікірін тыңдауға, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға дағдыланады. Өзінің және өзгенің жұмысына баға беруде критерийлер бойынша нақты дәлелдер келтіре алады. Шыншылдыққа үйренеді. Жаһандық азаматтық Глобальды жылынуды газ, температура және қысым терминдерін қолданып түсіндіру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. Формулаларды түрлендіру, есептеу. | ||||||
Бастапқы білім | Идеал газ. Тестік тапсырма. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 минут | Оқушылармен амандасу. Оқушының назарын сабаққа аудару. Оқу мақсаттарымен таныстыру, | Слайд №1-№3 | |||||
Сабақтың ортасы 10 минут 3 минут 19 минут | Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасын орындау. «Қатты заттар, сұйықтар және газдар» «Молекулааралық күштер» Өзара бағалау. Оқушылар жұбы жауап кілті бойынша тапсырманы бағалайды. Критерий бойынша бағалау: Қатты заттардың, сұйықтардың, газдардың молекулалық құрылымының ерекшеліктерін біледі; Қатты заттардың, сұйықтардың, газдардың қасиеттерін біледі; Жеке жұмыс. Тестік және құрылымдық тапсырманы орындау. | «kktwig-zatty-kyleri-test» файлы 12,14-беттерде | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бағалау. Критерий бойынша мұғалімнің бағалауы. Рефлексия. Нені үйрендім; Нені орындай алмадым | Стикерлер | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру