Идеал газ. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Идеал газ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау;

10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаты

Ғалымдар өмірін білу, идеал газ моделін сипаттау және МКТ-ң негізгі теңдеуін қолдану

Бағалау критерийлері

ғалымдар өмірін біледі;

идеал газ моделін сипаттай алады;

МКТ-ң негізгі теңдеуін қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

бөлшектің (кинетикалық) моделі

particle (kinetic) model

Қатты заттар

Solids

сұйықтықтар

Liquids

газдар

gases

микроскопиялық жылу энергиясы

microscopic thermal energy

макроскопиялық жылу энергиясы

macroscopic thermal energy

кинетикалық энергия

kinetic energy

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Химия

алған білімдерін идеал газды сипаттауда қолдана алу

Бастапқы білім

Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекула-кинетикалық теориясы.

7 класс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатын жариялау.
  • Бүгінгі сабақта қолданылатын терминдердің қазақша және ағылшынша аудармаларымен таныстыру

Презентация

1-3-слайд

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

4 минут

15 минут

15 минут

«Ой қозғау» Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қойылатын сұрақтар:

1. Заттың атомдары мен молекулалары қандай элементар бөлшектерден тұрады?

2. Молекула- кинетикалық теорияның қандай негізгі қағидалары бар?

Жаңа сабақ. (3-4 оқушыдан тұратын 3 топқа бөліп, оқушыларға топтар бойынша тапсырма алып, дайындалып бірін -біріне түсіндіреді)

1-топ: «Ғалымдар өмірінен»(МКТ-ның дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер беріледі.)

 Молекулалық физиканың ең алғаш қалыптасқан бөлімі – газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы. Бұл теория 1858 – 60 жылдары Дж.Максвеллдің1868 жылы Л.Больцман және 1871 – 1902 жылдары Дж.Гиббс еңбектерінің нәтижесінде классикалық - статистикалық физика болып қалыптасты. Мұнда газдардың, сұйықтықтардың және қатты денелердің құрылысы, олардың сыртқы әсерлердің (қысым, температура, электр және магнит өрістері) нәтижесінде өзгеруі, тасымалдау құбылысы (диффузия, жылуөткізгіштікішкі үйкеліс), фазалық тепе-теңдік және ауысу процестері (кристалдану және балқу, булану және конденсация, т.б.) заттардың кризистік күйі, әр түрлі фазалардың бөліну шекараларындағы беттік құбылыстар қарастырылады. 20 ғасырда молекулалық физиканың жедел қарқынмен дамуы нәтижесінде одан статистикалық физика, физ. кинетика, қатты денелер физикасы, физ. химия тәрізді ірі, өз алдына дербес салалар бөлініп шықты. Қазіргі ғылым мен техниканың жаңа заттар мен материалдарды кеңінен пайдалануының нәтижесінде заттар құрылысын зерттеудің сан алуан әдістері пайда болды. Заттардың және олардың зерттеу әдістерінің әр түрлі болуына қарамастан молекулалық физика заттар құрылысының микроскопиялық (молекулалық) сипатына негізделе отырып, олардың макроскопиялық қасиеттерін зерттейді. Д. И. Менделлев ғылым жолында заттардың ішкі құрлысын. Бөлшектерін, байланысу тәртібін, агрегаттық күйін экспериментті түрде жете зерттеп, теориялық деректер мен дәйектерді нақты дәлелдермен көрсете білді.Голланд физигі Я.Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен сұйықтықтардың физ. қасиеттерін түсіндіру үшін молекула аралық өзара әсер ұғымын (1873) пайдаланып нақты газдардың күй теңдеуін (Ван-дер-Ваальс теңдеуі) қорытып шығарды. 

  2-топ: «Физикалық модель» (берілген физикалық модельдің мағынасын ашып , түсіндіріп береді. Олар, кристалдық тор моделі және Броундық қозғалыс  моделі)

  • Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады.
  • 1. Молекулалық кристалдық торлы заттар (ә) түйіндерінде молекулалар орналасқан, ал молекула аралық тартылыс күші өте аз болуына байланысты мұндай кристалдық торлы заттардың көпшілігі қалыпты жағдайда газ күйінде кездеседі. Оларды қыздырғанда оңай балқиды немесе температура әсерінен ыдырап кететін беріктігі нашар қосылыстарға жатады.

Тордың типі

Қүрылыс бірлігі

Бөлшектердің арасындағы байланыс типі

Балқу температурасы

Ерігіштігі

Мысалдар

Молекулалық

Молекулалар

Әлсіз молекулааралық байланыстар

Төмен

Органикалық еріткіштер мен суда ериді

Барлық газдар, жай заттар, І2, Вr2, қышқылдық оксидтер, қышқылдар, органикалық заттар

Броундық қозғалыс атомдар мен молекулалардың бей-берекет жылулық қозғалысы жөніндегі молекула-кинетикалық теорияның ең көрнекті дәлелі болып есептеледі. браундық қозғалыс — сұйық не газ ішіндегі ұсақ бөлшектердің қоршаған орта молекулаларыныңсоққысы әсерінен болатын бей-берекет қозғалысы. Мұны 1827 жылы ағылшын ғалымы Р. Броун (Браун) зерттеген.

Броундық қозғалыстың қарқындылығы уақытқа тәуелді емес. Бірақ ортаның температурасы жоғарылаған сайын және ортаның тұтқырлығы мен бөлшектердің мөлшері кеміген сайын Броундық қозғалыстың қарқындылығы артады. 

3- топ: Виртуальды тәжірибе: «Газ молекуласының жылдамдығын анықтау» (виртуальды яғни компьютердегі тәжірибе арқылы, онда болып жатқан құбылысты түсіндіреді және жылдамдығын анықтайды)

Қорғау(топтар тақырыптары бойынша қорғау жасайды)

Бағалау критерийі

Дескриптор:

ғалымдар өмірін біледі;

идеал газ моделін сипаттай алады;

МКТ-ң негізгі теңдеуін қолдана алады;

ғалымдар жайлы мәліиеттер береді

идеал газдың физикалық моделін түсіндіріп береді.

компьютердегі тәжірибе арқылы газ молекуласының жылдамдығын анықтайды.

2-5 слайд

Видео көрсетілім

5-6-слайд

1

Сабақтың соңы

6 минут

Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек

Үй тапсырмасы: Идеал газ. МКТ.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

7-8 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыға жеке келу арқылы қолдау көрсетеді.

Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің тарапынан кері байланыс ұсынылу әрбір этапта жүзеге асады

Оқушылар өлшеуіш таспа және болат шармен жұмыс жасайтын болғандықтан, тапсырма орындау алдында оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылады

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу