Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газ заңдары

Күні:

Мектеп:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақт тақырыбы

10.3.2.1 -идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

10.3.2.1 -идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Идеал газ күйінің теңдеуін қолданып есептеп шығару.

Бағалау критерийлері

-газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын біледі

-Күй теңдеуін есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Бөлшектің моделінің (молекула-кинетикалық) қалай есептелетінін, қалай қатты заттың балқитынын және сұйықтықтың қалай қайнайтынын ауызша түсіндіру үшін диаграмманы пайдаланады (айтужәнетыңдаудағдылары)

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

бөлшектің (кинетикалық) моделі, қаттызаттар, сұйықтықтар, газдар, микроскопиялық макроскопиялықжылу энергиясыкинетикалық энергияжылукездейсоқ,ретсізвибрациябайланысбалқытуқайнау

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

 Құндылықтарды дарыту

Жұмыс істеу барысында өза ара ыңтымақтастық, сыйластық және акдемиялық адалдық қасиеттерін дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, химия

Бастапқы білім

8 сынып аралығында өтілген материалдар

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сабақтың ортасы

10минут

7 минут

10 минут

І. Ынтымақтастық ортасын құру:

*Мен және мені сипаттайтын сын есім* ойыны

Теңдеулер арқылы топқа бөлу.

(Үй тапсырмасына байланысты)

МКТ негізгі теңдеулері кеспе қағаздарға жазылады.

Кеспе қағаз бойынша әрбір топ өз теңдеулерінің қалай қорытылып шығатынын дәлелдеп беруі тиіс.

Дескрипторлар:

Оқушылар МКТ негізгі теңдеулерінің түрлерін ажыратып, неге тәуелді екенін қорытып шығарады.

Физикалық диктант

Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларына және оқушылар контейнер қабырғасымен үнемі соқтығысатын бөлшектердің траекториясына байланысты физикалық диктант жазғызу:

МКТ-ның негізгі қағидалары

  • Газдағы ұсақ бөлшектер саны өте көп болады.
  • Бөлшектер хаостық шапшаң қозғалыста болады.
  • Бөлшектер арасында тартылу және тебілу күштері әрекет етеді.
  • Бөлшектер көлемі контейнердің көлемімен салыстырғанда өте кіші.
  • Барлық соқтығысулар серпімді болып келеді.

Контейнер қабырғасымен үнемі соқтығысуы

  • Бөлшектердің соқтығысуы қабырғаға қысым түсіреді.
  • Аудан бірлігіне түсетін күштің орташа мәні қысым болып табылады.
  • Орташа кинетикалық энергия термодинамикалық температураға пропорционалды.

Дескрипторлар:

МКТ-ның негізгі қағидаларын біледі

Контейнер қабырғасымен үнемі соқтығысуын сипаттай алады

Мағынаны тану.

Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсаты жарияланады

Жаңа тақырып слайд бойынша талқыланады.

Газдың барлық үш заңының идеал газ күйі теңдеуінің салдары болатынын көрсету

Оқушылармен өткен тақырып бойынша алған білімдерін айқындау, рV =νRТ идеал газдың күй теңдеуін қорытып шығару. мұндағы R = 8.31 ДжК-1моль-1 және ν = зат мөлшері

bilimland.kz сайты бойынша симуляторда газда болатын әр түрлі процестер газ күйі қасиетіне қалай әсер етендігін көру үшін, газ параметрлерін өзгертіп, нәтижесін жұппен топпен талқылау.

Есептер шығару. Жұппен жұмыс

Дескрипторлар:

МКТ теңдеуінен молекулалар концентрациясын тауып, молекулалар санын табады.

Молекулалар санын өсу ретімен орналастырады.

Идеал газ күйінің теңдеуін қолданып, көлемді табады.

Кеспе қағаз

Кеспе қағаз

Физикалық диктант

https://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10830

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңындаоқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау

Бағалау – жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу барысында өз ара бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

.

Барлық оқушылар МКТ негізгі қағидаларын біледі.

Көпшілігі: Идеал газ күйінің және МКТ теңдеулерін қолданып есептеп шығара алады.

Кейбір оқушылар: Жоғары «С» деңгейдегі есептерді шағара алады.

Жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу барысында дескрипторларға сәйкес өз ара, өзін өзі бағалау

Физика кабинетінде қауыпсіздік техника ережесін сақтау керек



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу