Күш.Күштерді қосу.Ньютон заңдары. Физика, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Күш.Күштерді қосу.

Ньютон заңдары.

Оқу мақсаты: 10.1.2.1 Ньютон заңдарын түсіну және қорытқы күшті анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Көптеген оқушылар:

Түзу сызықты қозғалыс үшін алгоритм құрады

Барлық оқушылар:

Ньютон заңы бойынша дененің қозғалысына есептер шығаруға алгоритм құрады.

Кейбір оқушылар:

Тең әсерлі күшті анықтауға есептер шығаруда алгоритмін құрады

Жетістік критерийі

Күштердің бағытын ажырата алады;

Бірнеше күштер әрекет ететін дененнің қозғалысына алгоритм құрады;

Алгоритм бойынша Ньютон заңдарына есептер шығарады.

Дененің массасы-денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәріжесін анықтайтын физикалық шама

Дененің массасы – m

Оның бірліктері

мкг, мг, г, кг, ц, т

Күш

Күш – дене жылдамдығының өзгеруінің себебі болатын физикалық шама;

Күш Ньютонмен өлшенеді

1кН=1000Н, 1мН=0,001Н

Күштің бағыты бар, яғни векторлық шама

F әрпімен белгіленеді және үстіне бағыт қойылады

Күш динамометр деген құралмен өлшенеді.

Күштің бірлігі ретінде тыныштық күйдегі массасы 1кг денеге 1с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш алынған.

Ағылшын физигі Исаак Ньютоннның құрметіне күштің бірлігі Ньютон деп аталған.

Дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне әкеледі.

Күш денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Күшті өлшеу

Күшті өлшейтін арнайы құрал динамометр деп аталады (грекше динамос күш, метрео өлшеймін).

Қарапайым динамометр

Қол динамометрі немесе Силомер

Тарту динамометрі

Күш әсерінің нәтижесі тәуелді:

күштің шамасына

бағытына

күшті түсіру нүктесіне

Күшті бейнелеу

Сызбаларда күш бағытпен бейнеленеді, ол күштің әсер ететін жағына қарай бағытталады.

КҮШ ТҮРЛЕРІ

Күштің түрлері

Серпімділік күші

Үйкеліс күші

Ауырлық күші

Архимед күші

Жіптің керілу күші

Тіреудің реакция күші

Салмақ

Бүкіләлемдік

тартылыс күші

Проблемлық сұрақ: Денелердің құлау себебі неде?

G – гравитациалық тұрақты

m1/2денелердің массалары

r – дененің массалар центрін қосатын аралық

Бүкіләлемдік тартылыс күші

.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңыкез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң.

Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады.

Еркін түсі үдеуі

Егер MЖер массасы , RЗ – оның радиусы, m берілген дене массасы болса , онда ауырлық күші

мұндағы gЖер бетіндегі еркін түсу үдеуі.

Бүкіләлемдік тартылыс заңының бір байқалуы ауырлық күші болып табылады.

Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс заңымен түсіндіріледі.

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы,

Жердің жасанды серігінің қозғалыстары ,

Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы

Жерге жақын денелердің қозғалысы,

Денелердің жерге құлауы,

Тасу және қайту,

Сарқырамалар,

Қол сөмкесінің ауырлығы.

Жер атмосферасының болуы т.б

 

Ауырлық күштерін көрсет

N

N

N

Тіреудің кері әрекет күші

Тіректің реакция күші деп тіректің денеге

әрекет ететін серпімділік күшін айтады

Деформация. Серпімділік күші.

Гук заңы.

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латыншада бүліну, бұзылу) деп атайды.

1. Серпімді

2. Серпімсіз (пластикалық)

Дененің деформациясы дененің әр түрлі бөліктері әр түрлі орын ауыстырғанда ғана пайда болады.

Деформация пластикалық және серпімді болып бөлінеді.

Күштің әсері тоқтағаннан кейін өзінің бастапқы пішіні мен көлемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен көлемі қайта қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

Созылу, сығылу, бұралу, майысу, ығысу деформациялары болады.

Деформациялаушы күшке қарама қарсы бағытталған күш серпімділік күші деп аталады.

Гук заңы. Деформация күші.

Гук заңы

Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал, яғни дененің деформациясы неғұрлым көп болса, серпімділік күші де соғұрлым көп болады.

Гук заңы серпімді деформация үшін ғана орындалады!

Гук заңы деформация шамасы аз болған жағдайда ғана орындалады. Деформация шамасы едәуір көп болғанда, бұл заң орындалмайды, ал тіпті үлкен деформацияларда дене серпімділік қасиетін жоғалтады.

387. Амортизатордың серіппесі 320 Η күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?

388. 4 Η күш әсерінен динамометрдің серіппесі 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппені 16 мм-ге ұзарту үшін салмағы қандай жүк салу керектігін анықтаңдар.

393. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Η серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

394. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см-ге ұзарды; сонда серіппенің серпімділік күші 0,004 кН, серпімділік күші 10 Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

Күштерді қосу

Бір түзудің бойындағы күштерді қосу

www.physic.kz

F1

F2

F1+F2

Тең әсерлі күш

Денеге әсер етуші бірнеше күштердің қорытқы күші тең әсерлі күш деп аталады.

www.physic.kz

Бір бағыттағы күштерді қосамыз

www.physic.kz

0

х

F1

F2

F1+F2

=R

Тартады-тартады…

www.physic.kz

Қарама-қарсы бағыттағы күштер

www.physic.kz

0

х

F1

F2

F1-F2

=R

Бір-біріне бұрыш жасайтын күштерді қосу

www.physic.kz

F2

F1

F2

F1+F2=F3

Аққу, шортан және шаян.

Р

Қорытқы күш

Қорытқы күш

369. Массасы 30 кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңдар.

370. 120 Η ауырлық күші бар бір шелек судың массасын анықтаңдар.

Тақырыпты қайталауға арналған есептер

B-деңгей

Массалары 1000кг екі дене арасы қандай болғанда әсерлесу күші 6,67*10-9Н-ға тең болады.

Массалары 80 тоннадан болатын екі вагон арасы 1метр болса ,бір-бірін қандай күшпен тартады?

C-деңгей



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу