Салыстырмалы қозғалыс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

«Механика» бөлімі, “Кинематика” бөлімшесі

Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы қозғалыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

 Сабақ мақсаттары

Дене қозғалысының салыстырмалылығы, траекторияның, орын ауыстырудың, жылдамдықтың салыстырмалылығын білу;

Салыстырмалы жылдамдықты, орын ауыстыруды есептеу;

Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

 Бағалау критерийлері

Дене қозғалысының салыстырмалылығы, траекторияның, орын ауыстырудың, жылдамдықтың салыстырмалылығын түсінеді;

Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын біледі;

Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есептер шығару кезінде қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Векторлық шама, скалярлық шама, жылдамдық, орын ауыстыру , скалярлық жылдамдық, векторлық жылдамдық, траектория, санақ жүйесі, санақ денесі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Векторлық шамадан скаляр шамадан айырмашылығы ….

Механикалық қозғалыс - бұл….. .

Дене ……… денелермен салыстырғанда қозғалады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту жеке/топтық жұмыс кезінде жауапкершілікке баулу, уақытты тиімді пайлануға баулу, өмірден мысалдар келтіру арқылы/көмегімен жүзеге асады .

 Пәнаралық байланыстар

Математика: Векторларды қосу ережесі, графиктік тәсілі

 АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint слайд көрсетілімі, https://www.youtube.com видеоресурсы

Бастапқы білім

7-сыныпта “ Кинематика” бойынша өткен материалды сабақ барысында топтық жұмыста оқушылар түсіндіреді..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

-топқа бөліну: қызыл, сары, жасыл стикерлердің бірін оқушы таңдайды. - «Миға шабуыл». Ситуациялық тапсырма беріп оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

қызыл, сары, жасыл стикерлер

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

10 мин

9 мин

3 мин

5 мин

8 мин

Топпен жұмыс. Топқа 3 түрлі тақырыпша жазылған оқу материалдары беріледі. Белгіленген уақыт ішінде оқушылар оқып, топтарында талдайды.

1-топ. Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы.санақ жүйесі.

2-топ. Траектория. Орын ауыстыру векторы. Жол.

3-топ. Орын ауыстыруларды қосу. Жылдамдықтарды қосу.

Топтық таныстырылым.

Бағалау. Әрбір топ жұмысы таныстырылымнан кейін басқа топ бағалау критерийлері бойынша смайл тарату арқылы өзара бағаланады.

Бағалау критерийі:

1-топ. Санақ денесі, санақ жүйесіне анықтама береді;

Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығын санақ денесі және санақ жүйесіне қатысты түсіндіреді.

2-топ. Траекториянының салыстырмалылығын графиктік тәсіл арқылы түсіндіреді;

Орын ауыстыру векторы мен жолдың айырмашылығын графиктік тәсілмен түсіндіреді.

3-топ. Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды санақ жүйелерінде түсіндіреді;

Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды қосудың формулаларын жазады.

Қозғалыстың салыстырмалылығы туралы бейнероликті көрсетіп, мұғалім тақырыпты жүйелейді.

«Кім шапшаң?» Оқушыларға 7 есеп ( 5 сапалық, 2 сандық есептер) беріледі. Есептің түрін оқушы таңдайды. Көбірек тапсырма орындаған оқушы анықталады.

Слайд №5

Таратпа материалдар

Таратпа материалдар

https://www.youtube.com/watch?v=Lfay8_wH58o слайд №7-9

таратпа материал, слайд №10-11

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Өзеннің бір бетінен екінші бетіне жүзу нәтижесі сіз жылдамдықпен жүзіп жүрген бағытқа байланысты ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу