Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хамитова Л.Б.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар қисықсызықты қозғалысты түзусызықты қозғалыстан ажырата алады

Барлық оқушылар қисықсызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеудің бағытын біледі

Барлық оқушылар бұрыштық орын ауыстыруды радианмен жаза алады

Барлық оқушылар шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты түсінеді және сипаттайды

Барлық оқушылар сандық және сапалық есептерді шеше алады

 Бағалау критерийлері

Қисықсызықты қозғалыстарды ажырату;

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты түсіну және сипаттау

Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды біледі

Формуланы есеп шығару барысында қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Оқушылар бұрыштық үдеумен және бұрыштық жылдамдықпен қозғалған қисықсызықты қозғалысты сапалы түсіндіреді.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Оқушылар физикалық терминдерді қолдана отырып, айналмалы қозғалыс тақырыбына дискуссия жасай алады

Пәнге тән лексика мен терминология: жылдамдық, үдеу, орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу.

centrifugal acceleration –центростремительное ускорение

angular displacement-угловое перемещение

angular velocity-угловая скорость

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Векторлық жылдамдық өзгере алады, себебі…………..

Қандай бағытта…………………….

Қандай …………………………тәсілдер сіздерге таныс?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Математика (графиктер мен пропорция)

 АКТ қолдану дағдылары

Практикалық жұмысты орындау барысында ноутбук қолданылады

Бастапқы білім

Оқушылар 7.2А бөлімінен скалярлық және векторлық жылдамдықтар мен үдеуді қайталау қажет. Математика пәнінен сызықтық теңдеудің графигін y = kx+b білу керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайталау

- қозғалыстың қандай түрлерін білеіз?

- түзусызықты және қисықсызықты қозғалыстар немен ажыратылады?

- осы қозғалыс түрлерін қандай санақ жүйесінде қарастыруға болады?

- түзусызықты және қисықсызықты қозғалыстар үшін жол мен орын ауыстыруды салыстырыңыз

Сабақ тақырыбын және мақсатын айқындау

1. Демонстрациялық тәжірибелер

Көрсетіледі: шардың вертикаль бойымен қозғалысы, науа бойымен домалауы, жіпке байланған шардың айналуы, ойыншық автомобильдің үстел бетімен орын ауыстыруы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған шардың қозғалысы.

Сұрақ:

1) Берілген денелердің траекториясы немен ерекшеленеді? (оқушылардың жауабы)

2) Қисықсызықты және түзусызықты қозғалыстың анықтамасын беріңіз?

2. Қисықсызықты қозғалысқа екі мысал қарастыру: үзік сызық және қисық сызық бойымен (5-6 слайд)

Сұрақ: осы траекториялар немен ерекшеленеді?

3. Мультфильм қарау

https://www.youtube.com/watch?v=I0st8pTnP1I

- Қасқыр қандай қозғалысты көрсетті

- шеңбер бойымен қозғалыс қисықсызықты қозғалыстың мысалы бола ала ма?

- Табиғаттағы және тұрмыстағы қисықсызықты қозғалысқа мысал келтіріңдер

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=I0st8pTnP1I

Сабақтың ортасы

(W) Оқушыларға видео көрсетіп және талдату арқылы қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды талдаймыз (жылдамдық, орын ауыстыру және координата)

(W) Айналу периоды және жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгіземіз.

(Т) Мұғалім 360° бір айналым бұрышының орнына 2π радианды қолдануға болатынын айтады. Содан кейін оқушылар әртүрлі градустарды радианға айналдыруды қарастырады. Бұрыштық жылдамдықты бұрылу бұрышының бұрылу уақытта қатынасы ретінде анықтайды ω= 2 πr/T және сәйкесінше v = rω.

Сыну ойлауды дамытатын тәжірибе

(D) Мұғалім жартылай толтырылған суы бар шелекті алып, вертикаль бағытта айналдырады. Айналу жылдамдық судың төгілмеуі үшін жеткілікті болады. Сұрақ:

Су неге төгілмеді?

Шеңбер бойымен бірқалыпты бірқалыпты қозғалысты қалай сипаттауға болады?

Жұппен орындалатын практикалық жұмыс:

Оқушылар жіпке байланған жүктің айналу жылдамдығын v = 2 πr/T формуласымен анықтайды, Т – айналу периоды.

Глоссариймен жұмыс

centrifugal acceleration –центростремительное ускорение

angular displacement-угловое перемещение

angular velocity-угловая скорость

Қалыптастырушы бағалау

1. Бірқалыпты қозғалған поездың вагоннының жоғарғы полкасынан дене құлап қалды. Дененің қозғалысын сипатта

а) вагонмен салыстырғанда...................

б) жермен салыстырғанда..................

2. Сағаттың секундтық стрелкасы 1 минутта бір айналым жасайды. Стрелка радиусы 10 см. Есептеңіз:

а) стрелка ұшының бұрыштық жылдамдығын

б) сызықтық жылдамдығын

в) айналу жиілігін

г) центргетартқыш үдеуін

Есептер жинағы бойынша есептер шығару

1. электрқозғалтқыштың айналу периоды 0,5 с. Айналу жиілігі неге тең?

2. Диаметрі 16 см болатын барабан 0,4 м/с жылдамдықпен жүкті көтереді. Айналу жиілігі неге тең?

3. Дөңгелек бірқалыпты кемімелі қозғалу барысында жиілігін 300-ден 180 айн/мин-қа жеткізді. Дөңгелектің бұрыштық үдеуін және осы уақыттағы айналым санын табыңдар.

Айналмалы қозғалыстың көрсетілімі:

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/introducing-circular-motion

бірқалыпты айналмалы қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар

http://ru.solverbook.com/spravochnik/mexanika/kinematika/ravnomernoe-dvizhenie-po-okruzhnosti/

«өлі тұзақ»

https://www.youtube.com/watch?v=6l-U0iPdVAQ

электронның қозғалысы

https://www.youtube.com/watch?v=NP9x3Tiu3RE

орбитадағы планеталар қозғалысы

https://www.youtube.com/watch?v=9zW6c_hfZ4c

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: эксперименттік тапсырмалар

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыпты меңгереді

Оқушылардыі көпшілігі:

Есептерді шығарады

Кейбір оқушылар:

Қосымша тапсырмаларды орындайды

Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету

Формативті бағалау (жетістік критерийлері арқылы)

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу