Салмақсыздық. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Динамика

мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Салмақсыздық

Оқу мақсаттары

  • салмақсыздық жағдайын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуі тиіс: дене салмағының өзгеруін есептейді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: салмақсыздықты түсіндіреді және есеп шығарады

Кейбір оқушылар орындай алады: салмақсыздықты түсіндіреді және күрделі есептер шығарады

Құндылықтарды дарыту

Экспериментті талдау кезінде болжау жасауға және ой қорытуға бейімдеу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындайды: тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағының өзгеруін сипаттағанда арнайы терминдерді дұрыс қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: байланыс күші, салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ, нормаль қысым күші

қазақ

орыс

ағылшын

масса

Масса

mass

салмақ

вес

weight

салмақсыздық

невесомость

weightlessness

Алдыңғы білім

Салмақ (9 сынып)

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Ресурстар

0-1 мин

(Т)Ұйымдастыру кезені. Сабақ мақсаттарын белгілеу.

Презентация

1 – 3

(W) Тақырып бойынша негізгі түсініктерді қайталау.

Ауырлық күші- денеге Жер тарапынан әсер ететін тартылыс күші.

Салмақ- дененің тірекке немесе аспаға түсіретін қысым күші.

Дене үдемелі жоғары көтерілгенде – дене салмағы ..............

Дене үдемелі төмен түскенде – дене салмағы ..............

3-8 мин

(W) Ғарыш кемесінде ғарышкерлердің салмақсыздық күйін еркін түсумен түсіндіретін бейнефильмді көру.

Ғарыш кемесінде салмақсыздық:

https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=video&cd=6&cad=rja&

8-10

(W) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Дене үдемелі жоғары көтерілгенде оның салмағы артады.

Дене үдемелі төмен түскенде оның салмағы кемиді.

Дене еркін құлаған кезде, яғни а= g болған кезде, дене салмақсыздық күйде болады.

Презентация

10-15 мин

(W) Үйде салмақсыздық күйді қалай бақылауға болатыны туралы бейнефильмді көру.

Как создать невесомость дома:

https://www.youtube.com/watch?v=1Mh7r3h4yOM

15-20

) Есеп шығару мысалы

1 Ұшақ радиусы R «өлі тұзақ» күрделі пилотаждык фигураны жасайды және оның бойымен V жылдамдықпен қозғалады. Циклдің үстіңгі және астыңғы нүктелеріндегі массасы М ұшқыштың салмағын табыңыз.

Презентация

20-35

) Есептер шығару

1. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?А/ дене бірқалыпты жоғары қозғалғанда;В/ дене бірқалыпты үдеумен жоғары қозғалғанда;С/ дене жоғары қарай үдеумен қозғалғанда;Д/ дене бірқалыпты төмен қозғалғанда;Е/ дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.

2. Лифт табанында массасы жүк жатыр. Лифт 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалады. Жүктің лифт табанына түсіретін күші (g = 10 м/с2)

A) 240 Н.

B) 340 Н.

C) 140 Н.

D) 440 Н.

E) 540 Н.

3. Жоғары қарай 1 м/с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр. Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және бағыты?А) 770 Н;

В) 700 Н;

С) 630 Н;

Д) 675 Н;

Е) 725 Н.

Дидактикалық материал

35-40 мин

Қорытындылау

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қою:

Дене салмағы үдеу бағытына тәуелді қалай өзгереді?

Салмақсыздық күйін Жер бетінде сезінуге болады ма?

Рефлексия

«Үлкен бармақ» әдісі бойынша сабақта алған білім деңгейін бағалауды сұрау.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту

Бағалау

Пәнаралық байланыс

АКТ

Есептер шығару кезінде кейбір оқушыларға көмек беру.

Рефлексия

Қорытынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

https://www.youtube.com/watch?v=1Mh7r3h4yOM

javascript:playVideo(6,'1Mh7r3h4yOM')



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу