Салмақсыздық. Есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Механикалық тербелістер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Сабаққа қатыстқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салмақсыздық. Есептер шығару.

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.18 – тірек немесе аспа үдеумен қозғалған кезде дененің салмағын анықтау.

9.2.2.19 – салмақсыздық күйін түсіндіру;

Бағалау критерийлері

Оқушы

- салмақсыздық және асқын салмақ пайда болатын шарттарды түсіндіреді;

- салмақсыздық күйін түсіндіреді;

- салмақсыздықтың бар екеніне анықтама береді.

Тілдік мақсаттар

Мысалдар, лексика мен тіркестерді қоса отырып тілдік мақсаттарды анықтаңыз

ЭМТ түсінігін қолдану арқылы жарықтың поляризациясы құбылысын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен теримнология:

Поляризация, поляроид, турмалин.

Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер:

Жарықбұл . . .

Турмалиннен өткен кезде жарық….

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау, алынған тәжірибелерді талдау және синтездеу арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдылары.

Пәнаралық байланыс

Биология

ИКТ қолдану дағдылары

Презентация

Алғашқы білім

Физика 7 сынып – күштер.9 сынып – Ньютон заңдары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызметі

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастырушылық кезең.

1. Оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына аударту.

2. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру.

3. Оқушылардың бағалау критерийлерін талдау.

Презентация, слайдтар:1-3

Сабақтың ортасы

3-15 мин

15-25 мин

25-35 минут

(G) Жұппен жұмыс.

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

(W) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дененің салмағын өлшеуін келесі жағдайлар үшін қарастыруға болады:

  • Дененің вертикаль ось бойымен үдеумен қозғалуы;
  • Дененің ойыс немесе дөңес көпір бойымен қозғалысы;
  • Дененің вертикаль жазықтықта айналуы.

Лифт ішіндегі дененің қозғалысын қарастырайық. Осы кезде бірнеше жағдайлар болуы мүмкін:

  • 1. Лифт қозғалмайды.
  • 2. Лифт үдеумен жоғары қозғалады.
  • 3. Лифт үдеумен төмен қозғалады, осы кезде .
  • 4. Лифт үдеумен төмен қозғалады, осы кезде .
  • 5. Лифт үдеумен төмен қозғалады, осы кезде .

Салмақсыздық (салмақтың жоқтығы) –дененің тірек немесе аспаға әрекет етпейтін күйі.

Асқын салмақ – салмақтың артуы байқалатын күй.

Асқын салмақ еселігі дене салмағының модулінің ауырлық күшіне қатынасына тең физикалық шама.

Есептер шығару.

  • Автомомбиль 72 км/сағ тұрақты жыдамдықпен шеңбер доғасына ие дөңес көпір бетімен қозғалады. Бұл шеңбер раидусының қандай мәнінде жүргізуші көпірдің жоғарғы нүктесінде салмақсыздықты сезінеді?
  • Егер ұшақ 360 км/сағ жылдамдықпен ұшатын болса, ұшқыш радиусы 200 м қауіпті шеңбердің төменгі нүктесінде қалыпты жағдайдан қанша есе көп жүктемені сезінеді? Ұшқыштың массасы 80 кг.
  • Көлбеулік бұрышы 300 болатын көлбеу жазықтықтан білеуше қандай үдеумен сырғанайды? Үйкеліс коэффициенті 0,2.
  • Массасы 4 т автомобиль тауға 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Тарту күшін анықтаңыз, егер көлбеулік 0,02 (техникада көлбеулік деп жазықтықтың горизонтқа көлбеулік бұрышының синусын айтады) және кедергі коэффициенті 0,04 болса.

Дескрипторлар:

- денеге әрекет ететін күштерді кескіндейді;

- Ньютонның екінші заңын векторлық түрде жазады;

- координаталық осьтерді таңдайды;

- Ньютонның екінші заңын проекция түрінде жазады;

- күштердің формуласын жазады (қажет болса);

- кинематика формулаларын жазаы (қажет болса);

- теңдеулер жүйесінен белгісіз шамаларды табады;

- алынған нәтижесін шындыққа тексереді.

Дифференциация: Есептер шығару кезінде мұғалім оқушыларға жеке кеңестер береді. Кейбір оқушылар тапсырмаларды тезірек орындайды. Оларға қосымша тапсырма беріледі.

Бағалау: Есептер шығару кезінде өзара бағалау, өзін бағалау, қалыптастырушы бағалау.

Презентация

Сабақтың соңы

35-40 мин

3М рефлексиясы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Физика кабинетінде қауіпсіздік техника мен тәртіп сақтау ережелерін ескеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу