Сфералық айнада кескін алу. Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сфералық айнада кескін алу. Есеп шығару. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.5.1.3 - дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс: Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын білу және сипаттау; Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттау; Сфералық айналардың қолданысын білу; Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдану; | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын біледі және сипаттай алады; Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттай алады; Сфералық айналардың қолданысын біледі; Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдана алады; | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар білуі тиіс:Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: ойыс сфералық айна, дөӊес сфералық айна, сфералық айнаныӊ полюсі, сфералық айнаныӊ оптикалық центрі, шын кескін, жалған кескін. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сфералық айнаныӊ фокустық қашықтығы оныӊ сфералық бетініӊ радиусыныӊ жартысына теӊ. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар
| Геометрия –түзу сызықты пайдаланып көрінетін денелердің кескінін алу. | ||||||||||
Бастапқы білім | Шағылу заңы мен жарықтың түзу сызықты таралу заңын біледі | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 4-7 мин |
Ой қозғау.
2. Мақсатты болжау. Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын білу және сипаттау; Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттау; Сфералық айналардың қолданысын білу; Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдану; | Таратпа материал | |||||||||
Сабақтың ортасы 7-13 мин 13-24 мин 24-35 мин |
3.Жеке жұмыс. Тест.
А) дөңес айна Б) ойыс айна С) жазық айна Д) барлығы дұрыс 2. Сфералық беттің О центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық қалай аталады? А) фокус аралығы Б) центрі С) бас оптикалық ось Д) төбесі 3. Нәрсе ойыс айнаның F фокусы мен О центрінің арасына орналасса қандай кескін береді? А) төңкерілген, үлкейтілген, шын Б) төңкерілген, кішірейтілген, шын С) тура, үлкейтілген, жалған Д) тура, кішірейтілген, жалған 4. Егер нәрсе ойыс айна мен оның F фокус аралығында орналасса қандай кескін береді? А) тура, үлкейтілген, шын Б) төңкерілген, кішірейтілген, шын С) төңкерілген, жалған, үлкейтілген Д) тура, жалған, үлкейтілген 5. Егер нәрсені айнаның О центріне, 2F аралыққа орналастырса кескін қандай болады? А) тура, үлкейтілген, жалған Б) төңкерілген, кішірейтілген, шын С) шын, төңкерілген, өлшемі тең Д) тура, жалған, кішірейтілген 6. Егер нәрсе айнаның О центрінен үлкен, яғни R>2F қашықтықта орналасқан кездегі кескін: А) тура, үлкейтілген, жалған Б) төңкерілген, кішірейтілген, шын С) шын, төңкерілген, кішірейтілген Д) тура, жалған, кішірейтілген 7. Дөңес айна қандай кескін береді? А) тура, кішірейтілген, жалған Б) жалған, тура, кішірейтілген С) шын, төңкерілген, кішірейтілген Д) төңкерілген, жалған, кішірейтілген 8. Ойыс айналар қай жерлерде қолданылады? А) тұрмыста, көліктерде Б) әмбебап дүкендерде, көліктерде С) медицинада, құрылыста Д) тек көліктерде 9. Бас оптикалық оське параллель түскен сәуле ойыс айнадан шағылғаннан кейін... А) айна фокусынан өтеді Б) жоғалып кетеді С) бас оптикалық оське параллель қайтады Д) дұрыс жауабы жоқ 10. Радиобайланыста, теледидарда қолданылатын айналар. А) ойыс айналар Б) жазық айналар С) дөңес айналар Д) барлығы қолданылады
А) Б) С)
А)Радиусы 16 см болатын дөңес айнаның алдында айнадан 4 см қашықтықта дене тұр. Айнаның фокус аралығы неге тең?Бұл айнада пайда болған кескін айнадан қандай арақашықтықта орналасады? Б) Биіктігі 4,00 см болатын шам фокус аралығы 15,2 см болатындөңес айнадан 45,7 см қашықтықта орналасқан. Айнада пайда болған кескіннің өлшемі неге тең? Кескін айнадан қандай қашықтықта орналасқан? Бағалау критерийлері: -Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын біледі және сипаттай алады; -Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттай алады; -Сфералық айналардың қолданысын біледі; -Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдана алады; | Презентация Таратпа материал Таратпа материал | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | 7. Рефлексия«Бас бармақ» тәсілі. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: Жазбаша белгілейді. 8.Үйге тапсырма:
.
| Таратпа материал | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||
Оқушының топ ішіндегі, жұптағы жұмысын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану. | Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Бір-бірін итермей, сыйласымдылықпен, кезекпен жауап беру. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру