Электр тогының жұмысы мен қуаты. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

 Оқу мақсаты: Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

  • Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.

2. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

 Қосымша тапсырмалар:

1. 3,5 А ток күшімен 12 В кернеуге есептелген электршамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар. 2. Электр қозғалтқышыныңқуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар. 3. Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. 4. Электр құралы 45 мин ішінде 5 Атокпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?

 5. Кернеуі 120 В ток көзіне кезектестіріп, бірдей уақытта кедергісі 20 Ом және 40 Ом болатын өткізгіштер жалғанады. Бұл екі жағдайдың қайсысында электр тогының жұмысы қанша есе көп? 6. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электрқозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай? 7. Қыздырғышта тұрған 4,5 л суды 23°С температурадан қайнағанға дейін қыздыру үшін 0,5 кВт*сағ электр энергиясы жұмсалады. Қыздырғыштың ПӘК-і неге тең?

Топтық жұмыс

1. Егер өткізгіштегі ток күшін 3 есе арттырса, ток жүріп жатқан өткізгіштің бөліп шығаратын жылу мөлшері қалай өзгереді? (9 есе артады)

2. Өзара тізбектей жалғанған екі шам ток көзіне қосылған. Бірінші шамның кедергісі екіншісіне қарағанда аз. Тізбекті тұйықтаған кезде, қай шам жарығырақ жанады? (екінші шам)

3. Өзара параллель жалғанған екі шам ток көзіне қосылған. Бірінші шамның кедергісі екіншісіне қарағанда аз. Тізбекті тұйықтаған кезде, қай шам жарығырақ жанады? (бірінші шам)

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу