«Тұрақты ток. Өткізгіштерді жалғау. Электр энергиясын тұтыну» бойынша есептер шығару. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

“Тұрақты ток” бөлімі бойынша есептер шығару

Оқу мақсаттары:

8.4.3.2 - электр сұлбаларын графикалық бейнелеуде электр тізбектерінің шартты белгілерін қолдану және олардың маңызын түсіндіру;

8.4.3.7 - өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолдану;

8.4.3.8 - тұрақты температурадағы металл өткізгіштің вольт –амперлік сипаттамасын салу және түсіндіру, алынған мәліметтерді құралдардың қателіктерін ескеріп талдау.

Бағалау критерийлері:

Өткізгіштің ток күші, кернеуін, кедергісін есептейді.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңына есептер шығарады.

ВАС тұрғызады және талдайды.

(I/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

- Есептер шартын дұрыс жазады;

- Шамаларды ХБЖ өрнектейді;

- Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;

- Формулаларды түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

(І/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

- Есептер шартын дұрыс жазады;

- Шамаларды ХБЖ өрнектейді;

- Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;

- Формулаларды түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 1. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?

(І/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

- Есептер шартын дұрыс жазады;

- Шамаларды ХБЖ өрнектейді;

- Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;

- Формулаларды түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 2. Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңіздер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.

(І/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

- Есептер шартын дұрыс жазады;

- Шамаларды ХБЖ өрнектейді;

- Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;

- Формулаларды түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 3. Ұзындығы 2 м, қимасының ауданы 0,18 мм2 , никелин сымының кедергісін табыңыздар.

(І/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

- Есептер шартын дұрыс жазады;

- Шамаларды ХБЖ өрнектейді;

- Ток күші, кернеу, кедергі формулаларын есептеуде қолдана алады;

- Формулаларды түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 4. Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 240 Кл зарядты тасымалдағанда 16 мин уақыт ішінде 1200 Дж жұмыс жасалды. Тізбектегі кернеуді және ток күшін табыңыздар.

Рефлексия

Сабақтың тақырыбы:

“Өткізгіштерді жалғау және Электр энергиясын үнемдеу” бөлімі бойынша есептер шығару

Оқу мақсаттары:

8.4.3.11 - эксперимент арқылы өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын алу;

8.4.3.12 ­- өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;

8.4.3.13 - токтың жұмысы мен қуатын эксперимент арқылы айнымалы және тұрақты шамалардың көмегімен анықтау;

8.4.3.15 - кВт/сағ өлшем бірлігін қолданып,электр энергиясының құнын анықтауда практикалық есептеулер жүргізу.

Бағалау критерийлері:

Тізбектің жалпы кедергісін есептей алады;

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбегінің ток күші мен кернеуін есептей алады;

Токтың жұмысы мен қуатының, жылу мөлшерінің формуласын біледі;

Өлшем бірліктерін ХБЖ-гі негізгі бірліктері арқылы өрнектей алады;

Жұмыс пен жылу мөлшері, қуаты формуласын есептер шығаруда қолданады.

(I/W) Есептер шығару

Дескрипторлар:

Берілгенін жазады;

Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;

Тізбектегі кернеуі мен ток күшін анықтайды;

Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды.

№ 1. Ұзындықтары бірдей мыс және темір сымдар параллель қосылған. Темір сымның диаметрі мыс сымның диаметрінен 2 есе артық. Мыс сымдағы ток күші 60 мА. Темір сымдағы ток күші қандай?

Дескрипторлар:

Берілгенін жазады;

Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;

Тізбектегі ток күшін анықтайды;

Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды.

2. Сызбадағы тізбектің жалпы ток күші неге тең? Тізбектің кернеуі 120 В.

Дескрипторлар:

Берілгенін жазады;

Өткізгіштердің жалпы кедергілерін анықтайды;

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады;

Тізбектегі ток күшін анықтайды;

Алынған білімдерге негізделіп қорытынды жасайды.

№ 3. Сурет бойынша екінші вольтметрдің көрсеткішін анықтаңыз.

№ 4. Сурет бойынша тізбек бойынша жалпы кернеуді анықтаңыз.

№ 5. Берілген тізбектің жалпы ток күшін және бірінші шамның ток күшін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

- Есептің шартын жазады;

- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;

- Есепті шығаруда қуат формуласын қолдана алады;

- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 6. Берілген тізбектің ток күштері мен қуаттарын анықтаңыздар.

Дескрипторлар:

- Есептің шартын жазады;

- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;

- Есепті шығаруда қуат формуласын қолдана алады;

- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

Тапсырма

Әр түрлі электр тогын тұтынушы құралдар мен олардың техникалық паспортын қолдарыңызға алыңыздар.

Паспорты бойынша осы құралдардың қуатын қолданыңыз.

Теориялық жолмен осы құралдарда электр тогының атқаратын жұмысын мына уақыт аралықтары үшін есептеңіздер: 1,5 сағ.

Алынған мәндерді кестеге жазыңыздар.

Осы уақыттар ішіндегі шығындалған электр энергиясының құнын төмендегі формула бойынша есептеңіздер:

(І/W) Есептер шығару

№ 1. Берілген шаңсорғыштың қуаты 2000 Вт. Шаңсорғыштың жұмысын, энергия шығынын (Дж), 1,5 сағат жұмыс істеген кездегі құнын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

- Есептің шартын жазады;

- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;

- Есепті шығаруда энергия шынының формуласын қолдана алады;

- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

№ 2. Берілген электр үнемдеуші шамның қуаты 15 Вт. Шамның жұмысын, энергия шығынын (Дж), 1 айда (30 күн) 1,5 сағаттан жұмыс істеген кездегі құнын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

- Есептің шартын жазады;

- Шамаларды ХБЖ-ға өрнектей алады;

- Есепті шығаруда жұмыстың формуласын қолдана алады;

- Белгісіз шаманы анықтауда формуланы түрлендіре алады;

- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алады.

РЕФЛЕКСИЯ

Үй жұмысы

«Тұрақты ток, Өткізгіштерді жалғау, Электр энергиясын тұтыну» теориялық материалын қайталау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу