Есептер шығару. Физика, 8 сынып, презентация.


Есептер шығару

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаттары:

8.4.3.7 – есептер шығару кезінде өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласын қолдану.

8.4.3.9 –тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығару кезінде қолдану.

8.4.3.8 температурасы тұрақты металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу.

Бағалау критерийлері:

Сымның кедергісінің геометриялық параметрлері мен материалға тәуелділігін түсіндіреді;

Есептер шығару кезінде өткізгіштің кедергісін анықтау формуласын қолданады;

Өткізгіштің меншікті кедергінің өлшем бірліктерін біледі (Ом*м, Ом*мм2);

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығару кезінде қолдана алады.

Графикте өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын тұрғыза алады;

Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін түсіндіре алады;

График бойынша өткізгіштің кедергісін анықтай алады;

Физикалық диктант

Дескрипторлар:

Шамалардың белгіленуін, өлшем бірлігін дұрыс жазады.

Ток күшінің анықтама бойынша формуласын жазады.

Кернеудің анықтама бойынша формуласын жазады.

Кедергінің формуласын жазады.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Шамаларды формулалардан қорытады.

Қайталау сұрақтары:

Өткізгіштің кедергісі деген не?

Кедергінің белгіленуі, өлшем бірлігі?

Кедергіні өлшейтін құрал қалай аталады?

Кедергі өткізгіштің қандай параметрлеріне тәуелді?

Егер өткізгіштің ұзындығын 2 есе арттырып, көлденең қимасының ауданын 4 есе кемітетін болсақ, өткізгіштің кедергісі қалай өзгереді?

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңыз және формуласын жазыңыз.

Резистордың кедергісі ток күшіне/ кернеуге тәуелді ме? Неге?

1-тапсырма

Оқушы Ом заңының орындалуын тексеруге арналған зертханалық жұмыс орындау барысында келесі екі графикті тұрғызды. 1 және 2 графикте қандай шамалардың тәуелділігі көрсетілген?

2-тапсырма.

Оқушы зертханалық жұмысты орындау барысында алынған амперметр мен вольтмертлердің мәндерін келесі кестеге енгізді.

Берілген мәліметтер брйынша вольт-амперлік сипаттаманы және ток күшінің кедергіге тәуелділік графигін тұрғызыңыз. Оқушы резистор әлде шамды қолданды?

Дескрипторлар:

Х және У осьтерін сызады.

Осьтердегі шамалар мен өлшем бірліктерді белгілейді.

Кесте мәліметтері бойынша сәйкес нүктелерді белгілейді.

Графикті тұрғызады.

График түрін атайды.

1. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигінен әр өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Графиктен нүктелерді таңдайды.

Таңдалған нүктеге сәйкес ток күші мен кернеу мәндерін жазады.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

2. Алюминий өткізгіштің ұзындығы 500 м, оның көлденең қимасының ауданы 4 мм2 . Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

3. Көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс сымы 4 Ом кедергіге ие. Өткізгіштің ұзындығын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Ұзындықты формуладан қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

4. Күміс өткізгіштің ұзындығы 0,6 м, ал оның кедергісі 0,015 Ом. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданын анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Кедергінің формуласын жазады.

Көлденең қимасының ауданын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

5. Электр желілерінде қолданылатын алюминий сымының көлденең қимасының ауданы 2 мм2Желідегі сымның ұзындығы мен кедергісі өзгермейтіндей етіп, алюминий сымының орнына көлденең қимасы қандай никель сымын қолдануға болады.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасының ауданын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

6. Ұзындықтары бірдей екі болат сымдардың көлденең қималары сәйкесінше 0,05 және 1 мм2Сымдардың қайсысы азырақ кедергіге ие? Неше есе?

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасының ауданын қорытады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

7. Ұзындығы 1 км өткізгіштің кедергісі 5,6 Омға тең. Ұзындығы 100 м әр бөліктегі кернеуді анықтаңыз, егер ток күші 7 мА екені белгілі болса.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

ХБЖ айналдырады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергсін қорыады және мәнін анықтайды.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Кернеудің формуласын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

8. Оқушының қолында біртекті екі өткізгіш бар. Бірінші өткізгіш екінші өткізгіштен 8 есе ұзынырақ. Екінші өткішгіштің көлденең қимасының ауданы бірінші өткізгішке қатысты 2 есе көбірек. Қай өткізгіш көбірек кедергіге ие? Неше есе?

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

9. Телефонды ток көзіне қосатын өткізгіш көптеген жұқа мыс сымдардан тұрады. Осындай өткізгіштің кедергісін есептеңіз, егер өткізгіш 20 мыс сымынан тұратын болса және әр мыс сымының көлденең қимасының ауданы 0,05 мм2 , ал ұзындығы 3 м тең болса.

Зарплата от 300000 тенге и гибкий график: кто такой фулстек-разработчик и почему вы тоже можете им стать

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

Өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіш ішіндегі сымдар санын ескере өткізгіштердің көлденең қимасының форммуласын жазады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

10. Реостат қысқыштарындағы кернеу 45 В тең. Реостат ұзындығы 50 м және көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никель сымдардан жасалған. Реостаттағы ток күшін анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын жазады.

Өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Кедергінің мәнін анықтайды.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

11.Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 өткізгіштің кедергісі 180 Омға тең. Оқушы 36 Ом кедергіні алу үшін дәл сол материалдан жасалған, дәл сондай ұзындыққа ие көлденең қимасы қандай өткізгішті қолдану керек.

Дескрипторлар:

Есептің шартын жазады.

Бірінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Екінші өткізгіштің кедергісінің формуласын жазады.

Өткізгіштер кедергілеріңің қатынасын жазады.

Екінші өткізгіштің көлденең қимасын қорытады.

Математикалық амалдарды қолданады.

Есептің жауабын дұрыс жазады.

Рефлексия

«3М»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу