Тізбек бөлігі үшін Ом заӊы Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:

Тізбек бөлігі үшін Ом заӊы

Есеп шығару

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

тізбектегі ток күшімен кернеу арасындағы тәуелділікті сипаттау;

тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

- тізбек бөлігі үшін Ом заӊын тұжырымдайды;

- кедергініӊ ток күші және кернеуге тәуелді еместігін түсінеді;

- тізбектегі ток күшімен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін біледі және түсінеді;

тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ток күші- amperage

Кернеу-voltage

Амперметр- ammeter

Вольтметр- voltmeter

Тізбектей жалғану-series connection

Параллель жалғану-parallel connection

Электрлік кедергі- resistor

өткізгіштіӊ меншікті кедергісі- Conductor resistivity

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

 Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал.

 Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған.

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Тізбектегі токты және кернеуді есептеу барысында, тәуелділік графиктерін сипаттауда математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелейді және түсіндіре алады.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Өткен сабақта ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеген болатын. Зерттеу қорытындысына байланысты оқушыларға сұрақтар қойылады.
  • Ток күшін физикалық мағынасы қандай?
  • Электр кернеуінің физикалық мағынасы қандай?
  • Кедергінің физикалық мағынасы қандай?
  • Тізбектегі ток күшімен кернеу арасындағы тәуелділікті сипаттаңдар.
  • Ом заңын тұжырымдаңдар
  • Қатені тап

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс бере отырып, жана сабақтың оқу мақсатына қарай оларды бағыттайды.

  • Оқушылар жұпта талқылауға берілетін тапсырма

а) Бөлмеде бір шам бар, 3 ажыратқыш бөлменің сыртында, олардың біреуі ғана осы бөлмедегі шамды жаға алады, қалған ажыратқыш жұмыс істемейді. Ажыратқыштардың қайсысы шамды жағатынын білу қажет. (Бөлмеге бір рет кіруге болады. Ажыратқыштардың барлығы бірдей, есіктер тығыз жабылған, ешбір жарық көрінбейді.)

Оқушылар жауаптарын дәлелдейді. Өзара кері байланыс жасайды.

b) Теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

Тапсырмалар:

1. Тұрақты температурадағы металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасының графигі бейнеленген. Графикті пайдалана отырып металл сымның кедергісін анықтаңыз.

2. Суретте ток күшінің уақытқа тәуелді графигі көрсетілген. Қай уақыт аралығында шамның ұштарындағы кернеу өзгермеген?

3. Суретте ток күшінің кернеуге тәуелді графигі көрсетілген. Қай өткізгіштің кедергісі жоғары.

4. Тізбектің бөлігіндегі кілтті тұйықтағанда амперметр көрсеткіші қалай өзгереді.

1- сурет 2-сурет

5. Электр тізбегіндегі қандай жалғаудағы құрал резистордың кедергісін дәл өлшейді

с) Қолдану дағдысын дамыту үшін, есептер шығаруда оқушылар Ом заңын қолданады

1.Электр үтігі 220В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элекментінің кедергісі 50Ом болса, ондағы ток күші қандай?

2. Кернеуі 12В тоқ көзіне қосылған электр шамы арқылы 2А ток өтеді. Кедергісі қандай?

3. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4, 5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?

4. I = 10 A ток t= 10 мин уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд қандай?

5. Кедергісі R=5 Ом өткізгіштен t = 1.5 мин уақытта q = 45Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу қандай?.

6.Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А тоқ өтетін болса,параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші неге тең?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ом заңын есептер шығаруда қолданады.

  • Ом заңын біледі
  • Ток күшін анықтайды
  • Кедергіні анықтайды
  • Кернеуді анықтайды
  • ХБЖ ға келтіреді.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8-сынып.

§38.

Берілген суреттерді қолданып кедергінің мәнін анықтаңдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу