алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Жылу берілудің түрлерін (жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару) білу;
  • Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару түрлерін салыстыру.

Бағалау критерийлері

1. Жылу берілудің түрлерін біледі және мысалдар арқылы түсіндіре алады.

2. Тәжірибені сипаттай алады.

3.Жылу берілудің түрлерін салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіріп ауызша түсіндіру.

Пәнге тән лексика мен терминология: жылу, жылу энергиясы, кинетикалық энергия, жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу берілу үш түрі бар, олар: ……………… …………………..

Жылу өткізгіштік дегеніміз .....................................................................

Конвекция дегеніміз .................................................................................

Сәулелену дегеніміз .................................................................................

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Жылу берілудің түрлерін білудің адам өміріндегі маңыздылығы. Қолданылу аясын түсіндіру барысында тақырыптың техникамен, күнделікті өмірмен байланысы.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы тақырыптан ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдеріне мысалдар келтіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 минут

6-8 мин

8-10 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында https://learningapps.org/display?v=p0wvfhha317 бағдарламасымен қолдану.

Орындалған тапсырма нәтижесін ескере отырып мұғалім кері байланыс береді.

2. Ой қозғау.

Суық күні қатар жатқан мата мен металл шыбықты қолдарыңмен ұстасаңдар, олардың температурасы бірдей болғанымен, матаға қарағанда, металдың әлдеқайда салқын екенін сезесіңдер. Неге металл салқындау көрінеді? Оның себебі неде?

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • Жылу берілудің түрлерін (жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару) білу;
  • Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару түрлерін салыстыру.

https://learningapps.org/display?v=p0wvfhha317

Сабақтың ортасы

10-25 минут

25-35 минут

4. Түсіндіру.Мүғалім сыныпты үш топқа бөледі.Әр топ өздеріне берілген жылу берілудің түрлерін түсіндіреді.оқушылар 7 мин оқулықпен жұмыс жасайды.

І топ. Жылуөткізгіштік.

ІІ топ. Конвекция

ІІІ топ. Сәулелену

Мұғалім сырттай бақылайды, әр топты бағалап жүреді.

Бағалау критерийлері:

1. Тақырыптың мазмұнының ашылуы. 2. Баяндау шеберлігі.

3. Қоршаған ортадан мысалдар келтіру. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушылардың түсіндірмесін толықтырады және қорытынды тұжырымдаманы жасайды.

5. Сабақты бекіту.

Эксперименттік тапсырмалар(Топ оқушыларына үш түрлі тәжірибелік жұмыстар беріледі ) Мұғалім сырттай бақылап, кері байланыс беріп, жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отырады. (қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайды)

«Бір сөйлеммен барлығын айтып беру» әдісі.

Қабілетті оқушылар әрбір топтың жасаған тәжірибелерінің нәтижесін «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір сөйлеммен айтады

Бағалау критерийлері:

1.Жылу берудің түрлерін біледі және түсіндіре алады. 2.Тәжірибеге болжам жасай алады.

3.Тәжірибені сипаттап, түсіндіре алады.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

Үйде, далада немесе транспортта болғанда қандай заттар қолмен ұстағанда салқынырақ болатынын тексеріңіздер. Олардың жылуөткізгіштігі туралы не айтатындарыңды ойланыңдар.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулы және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сырттай бақылай отырып, кері байланыс беріп, орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отырамын. Қабілетті оқушылар әрбір топтың жасаған тәжірибелерінің нәтижесін «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір сөйлеммен айтады.

Материалды меңгергендігін тексеру үшін бағалау критерийлерін қолдану. Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындалуын сырттай бақылау арқылы бағалау.

Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындағанда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы