![]() |
|
![]() |
Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| ||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | 1.Жылу берілудің түрлеріне ұсынылған тәжірибені жоспарлайды 2.Эксперимент нәтижесін ғылыми тұрғыдан түсіндіреді 3.Жылу берілудің түрлерінің қандай параметрлерге байланыстылығын болжайды, болжамдарын дәлелдеу жолдарын анықтайды. 4.Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіріп оны түсіндіреді. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар білуі тиіс: Жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіріп ауызша түсіндіру. Пәнге тән лексика мен терминология: жылу, жылу энергиясы, кинетикалық энергия, жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару, ақ түсті және қара түсті беттердің жылу өткізгіштігі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жылу берілу үш түрі бар, олар: ……………… ………………….. Жылу өткізгіштік дегеніміз ..................................................... Конвекция дегеніміз ....................................................................... Сәулелену дегеніміз ...................................................................... Жылу өткізгіштің түрлерінің заттың күйіне және тегіне байланысты, себебі...... | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, өз болжамдарын ұсыну, көзқарастарын дәлелдеу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Заттың молекулалық құрылымы және зат күйлері химия пәнімен байланыс | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы тақырыптан ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдеріне мысалдар келтіре алады. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы
0-5-мин
6-7 мин | 1.Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында салыстыру кестесі беріледі. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері механикалық жұмыс жасау және жылу берілуді салыстыру
Бағалау критерийлері: 1. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін біледі; 2. Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра алады. Орындалған тапсырма нәтижесін ескере отырып мұғалім кері байланыс береді. 2. Ой қозғау. Жылу батареялары әдетте еденге жақын, ал кондиционерлер бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Неліктен? 3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
8-35 минут
| 4. Түсіндіру. Мүғалім сыныпты үш топқа бөледі.Әр топ өздеріне берілген эксперименттік тапсырманы орындайды 1-топ. Жылу өткізгіштік . 1-эксперимент Оқушыларға штатив, спиртовка, сіріңке, темір және алюминнен жасалған шыбықтар, кеңсе кнопкасы, пластилин берілген. Осы құралдарды пайдаланып металл шыбықтарға жылудың берілуін бақылап, тәжірибені сипаттайды және нәтижесін талдайды. Топ жұмыс жасап жатқанда жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетуге болады. Мысалы:
Оқушылар жылу өткізгіштің заттың тегіне байланысты болатынын түсіндіреді. 2- эксперимент Штатив, пробирка, су, мұз, жанарғы Оқушылар жылу өткізгіштік заттың күйіне байланысты екенін дәлелдейді.Тәжірибе нәтижесін топта талқылайды. Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 2-жаттығу бойынша 1,2,5,6 сұрақтарға дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды. 2-топ Конвекция 1-эксперимент Оқушылар сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасайды. 2-Эксперимент Оқушылар сынауыққа су құйып төменгі жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар бірінші эәне екінші эксперимент арасындағы айырмашылықты түсіндіреді. Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талқылайды. 3 – эксперимент Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген.Осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін дәлелдеп, тәжірибеге қорытынды жасайды. Топ мүшелеріне жетелеуші сұрақтар қоюға болады. Мысалы: 1.Судың төменгі қабаты қызғанда , оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар. 2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады 3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар 4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 3-жаттығу 1,2,3 сұрақтарды дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды. 3-топ Сәулелену 1-эксперимент Плитканы қыздыру, қызған плиткаға қолымызды жақындатамыз.Жылу бізге қалай беріледі ? Тірек сөздерге назар аударыңдар? Біздің қолымыз бен плитка арасында не бар? Ауа жылуды қалай өткізеді ( қатты заттар мен сұйықтарға қарағанда? Мысалы плиткаға қасықты қойсақ ол тез қызады, ыдыстағы суды қойсақ олда тез қызады) 2-эксперимент Қажетті құралдар сұйықты Монометр ( газдың немесе сұйықтың қысымын өлшейтін құрал ), жылу қабылдағыш ( оның құрлысына назар аударыңдар), стол лампасы немесе электр плиткасы 1.Монометрді жылу қабылдағышқа қосу, жылу қабылдағышты қыздыру Монометрдегі сұйық бағаны орын ауыстырды.неліктен монометрдегі сұйық бағанының деңгейі өзгергені бойынша оқушылар болжау жасайды. Болжамдарыңды топ ішінде талқылайды. 2.Жылу қабылдағыш пен қызған дене арасына қағаз парағын қойып, нәтижесін бақылап талдайды. 3.Сәулелену қарқындылығы қашықтыққа және, температураға, беттің түсіне байланысты екендігін дәлелдейтін тәжірибені жасап, нәтижесін топта талдайды 4.Сәулелену қандай ортада жүзеге асады? Қатты , сұйық, газ немесе вакуум Ерекше қабілетті оқушылар 4-жаттығудың 1,2,3 сұрақтарын талдап, басқа топ мүшелеріне қояды.
Бағалау критерийлері: 1.Экспериментті сипаттайды және талдайды 2. Топ алдында баяндау шеберлігі 3. Тәжірибе нәтижесіне қорытынды жасайды | Штатив, сіріңке, металл шыбықтар, сынауық , жанарғы
| |||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | 5. Рефлексия. - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй тапсырмасы 2-7/8,3-5, 4-8 Тест тапсырмаларын орындау | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сырттай бақылай отырып, кері байланыс беріп, орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отырамын. Қабілетті оқушылар сұрақтар дайындайды. | Материалды меңгергендігін тексеру үшін бағалау критерийлерін қолдану. Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындалуын сырттай бақылау арқылы бағалау. | Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындағанда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023