![]() |
|
![]() |
ПӘК (пайдалы әрекет коэффициенті). Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 7-4-4 | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 7.4A Энергия |
| ||||||||
Сынып: | Күні: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | ПӘК (пайдалы әрекет коэффициенті) | ||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.3.8 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысынды анықтау; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | -Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысында қолдану; -Тақырыпқа қатысты сандық және сапалық есептер шығару. | ||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар: -Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысында анықтай алады; -Тақырыпқа қатысты сандық және сапалық есептер шығара алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән үшін арнайы лексика мен терминдер: Энергия – energy Пайдаланылатын (пайдалы) – полезная – useful Толық – полная – total Шығын – Потеря – wasted ПӘК – КПД – efficiency Көлбеу жазықтық – наклонная плоскость- inclined plane | ||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖА білужәнетүсіну:
ЖА құндылықтары: -Қоршаған ортаға қамқорлық жәнеорнықтыдамуғаынта ЖА дағдылары: Өз-өзіне сенімділік жіне рефлексия дағдылары | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, химия | ||||||||
Қолдану дағдылары | ГЖ бойынша: өмір бойы білім алу, сыйластық, қарым-қатынаста болу | ||||||||
Бастапқы білім | Механикалық энергия, потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, жұмыс, қуат | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-10 мин | Мұғалім: ФБ арқылы өткен тақырыпты қайталауды жүргізеді:
Мұғаліммен тексеру | ФБ карточкалар 1 слайд | |||||||
Сабақтың ортасы 11-15 мин 16-30 мин 31-38 мин | Мұғалім: Сенка диаграммасының мысалын келтіру. Ми шабуылы. «Сенька диаграммасында не көрінеді?» Оқушылар: Диаграмманы талдайды және белгілі бір мақсатқа арналған энергияның жоғалуы, яғни барлық энергия жұмысқа кетпейтіні туралы бөлікке қорытынды жасайды. Мұғалім: «Осылайша, жұмыс істеуге арналған энергия белгілі бір шығынға ие. Бұл энергияның қанша жұмсалып жатқаны туралы біз бүгінгі сабақта қарастыратын боламыз». Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерин оқушыларға ұсынады Мұғалім: Иллюстрация бойынша жаңа тақырыпты өту. «Балалар, суретке қарап көрейік. Бұл балаға азық-түлікті көтеру үшін жұмысты атқару қажет. - Пайдалы жұмысты қалай анықтауға болады деп ойлайсыз? (Жұмыс - бұл энергияның өзгерісі, яғни түбінде және жоғарғы жағында потенциалдық энергияны тауып және олардың айырмашылығын табу керек). - Қалай ойлайсыз, баланың себетті көтеруге жұмсайтын жұмысы жеткілікті ме? (иә және әлі қалады). - Неліктен жұмсалған жұмыс пайдалы жұмыстан көп? (өйткені, жұмсалған энергияның бір бөлігі ауырлық күші, үйкеліс күшіне кетеді) «Сэнки диаграммасын қалай салуға болады?» (бір оқушы тақтаға Сэнки диаграммасын салады). Мұғалім оқушыларды ПӘК тұжырымдамасымен таныстырады, есептеу формуласын енгізеді. Оқушылар: ПӘК-ті анықтау үшін анықтаманы және формуланы жазады. Мұғалім: «Балалар, қалай ойлайсыңдар, ПӘК 100% тең болуы мүмкін? (Жоқ, өйткені пайдалы жұмыс толық жұмысқа тең емес). Мұғалім 1-ші және 2-ші есептерді тақтадағы түсініктемелермен бірлесіп шешуді ұсынады. Қалған есептерді дәптерлерге өздері шығарады. 1. Көлбеу жазықтықта жүктемені көтеру кезінде пайдалы жұмыс 800 Дж, ал толық жұмыс 1000 Дж. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңыз. Жауап: 80% 2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 0,6 м, биіктігі 20 см, көлбеу жазықтықта массасы 400 г, 2,5 Н күшімен бірқалыпты тартады, ПӘК-ін анықтаңыз. Жауап: 53% 3. Көлбеу жазықтықта салмағы 3,5 кН денені 1,4 м биіктікке дейін көтерді Егер көлбеу жазықтықтың ПӘК-і 60% болса, онда толық жұмыс неге тең болады? Жауап: 8167 Дж 4. 120 кг массасы денені 40 см биіктікке көтерілді, Рычагтың ПӘК-і 80%. Жазықтықтың ұзындығы қандай? Жауап: 0,5 м Жұпта бір-бірін тексеру. Мұғаліммен бірге есептерді талдау | 2 слайд 3-5 слайд 6-7 слайд Бағыттауыш карта | |||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Рефлексия Сөйлемді аяқта: Сабақтың мақсаты_________________________ Осы сабақта мен білдім__________________ Түсініксіз болды______________________________ Маған қиын болды ________________________________ | 8 слайд | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Оқушылардыңбарлығы Оқушылардың жартысы | -Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысынды анықтай алады; - тақырыпқа қатысты сандық және сапалық есептер шығара алады. | Партаны тазалық пен тәртіпте ұстап, керек емес заттарды алып тастау. Шыныдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде, оларды абайлап қолға ұстап, партаның үстіне қою | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023