Статика негіздеріне есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Хамитова Л.Б. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 А – Статика-моменттер

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 17.01.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Токтамысова И.Т.

Сынып: 9 В

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Статика негіздеріне есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.1 - дененің тепе-теңдігін сипаттау кезінде күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін пайдалану;

9.2.4.2 - денеге салынған жұп күштің дененің айналу осі маңайында денені айналдыруға ұмтылатындығын түсіну;

9.2.4.3 - күш моменті мен айналдырушы момент анықтамасын білу және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану;

9.2.4.4 - дененің тепе-теңдік шартын есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

- Дененің тепе-теңдігін сипаттау кезінде күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін түсіну;

- Денеге салынған жұп күштің дененің айналу осі маңайында денені айналдыруға ұмтылатындығын білу;

- Күш моменті мен айналдырушы момент анықтамасын білу және оларды есептерді шығаруда пайдалану;

- Дененің тепе-теңдік шартын есептер шығаруда қолдану;

 Бағалау критерийлері

  • Дененің тепе-теңдігін сипаттау кезінде күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін пайдаланады;
  • Денеге салынған жұп күштің дененің айналу осі маңайында денені айналдыруға ұмтылатындығын түсінеді;
  • Дененің тепе-теңдігін сипаттау үшін күштің векторлық қосындысының графикалық берілуін пайдаланады;
  • Күш моменті мен айналу моментін анықтау және оларды есептерді шығару кезінде пайдаланады;

 Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік терминология:

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, графикалық суреттер салуда масштаб сақтауды.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы презентация көрсету

Бастапқы білім

Жай мезанизмдер түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

7 мин

І. Ұйымдастыру

  • Физикалық диктант
  • Оқушыларға физикалық анықтамаларды өз беттерімен жазғызу
  • Жұптарымен алмастырып, бір бірінің жауаптарын тексерту

Сабақтың ортасы

20 мин

50 мин

ІІІ. Топқа бөлу

  • Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді
  • Топ басшысын сайлайды
  • Топ басшысына бағалау парағы беріледі

Топ мүшелерінің аты-жөні

Сабақ барысында атқаратын рөлдері

І тур. Физикалық диктанттан алған ұпай сандары (мах 5)

ІІ тур

(мах 3)

ІІІ тур

(бір сұраққа 1ұпай)

IV тур

(мах 5)

Топтың жинаған барлық ұпайы

1

2

3

4

5

6

7

8

Орташа ұпай саны:

IV.Сергіту сәті

Оқушыларға А4 форматтағы қағаздар мен бір үлкен және бір кіші мензурка ыдыстары беріледі. Оқушылар бір нүктеден екінші нүктеге кіші мензуркадағы суды үлкен мензурка құюы қажет.

V. 1-тур

Мақсаты: физика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін арнайы термин сөздерді пайдаланады.

  • Алдарыңыздағы жай механизм түріне сипаттама беріңіз
  • Аталмыш жай механизмнің түрлерін атаңыз. Аталу себебін түсіндіріңіз.
  • Өмірден кем дегенде екі мысалдан келтіріңіз.

Сабақтың соңы

3 мин

Мен білемін

Мен білдім

Мен білгем келеді

Стикерлерге өз ойларын түсіру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Теориялық мәліметтерді игереді, зертханалық жұмысты орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

График тұрғызуда нақты масштабты дұрып таңдап, градиент мәнін дәл анықтайды

Кейбір оқушылар:

Сұрақтар қояды

Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу