алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Механикалық жұмыс және куат. Механикалық жұмыс және куат. Есеп шығару. Физика, 7 сынып, презентация.


Механикалық қуат. Қуат бірліктері

Оқу мақсаттары

7. 2.3.2 қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

7. 2.3.3 A=FS, N=A/t, N=Fυ формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу

Бірдей жұмысты кім жылдам бітіреді?

Неліктен?

Механикалық қуат. Қуат бірліктері

Жұмыстың орындалу шапшаңдығын/тездігін сипаттайтын

физикалық скаляр шаманы қуат деп атайды

Қуат – механикалық жұмыстың сол жұмыс істеуге кеткен уақытқа қатынасымен өрнектеледі:

Қуаттың өлшем бірлігі ретінде [Вт] «Ватт» деген бірлік алынады: 1 Вт 1 секунд уақытта дене 1 джоульге тең жұмыс атқарғандағы қуатты білдіреді. Қуаттың Ватт деген бірлігі алғаш рет бу машинасын ойлап тапқан ағылшын өнертапқышы Джеймс Уаттың (1736 - 1819) құрметіне алынған

ХБЖ: [N] = Дж /c = Вт

 1 Вт = 1 Дж / 1с

Жұмыс пен қуат

Жоғарыдағы суретте көрсетілген жағдайларда:

Ат пен трактордың қайсысы жерді жылдам жыртады, соның қуаты көп болады;

Күрекпен және трактормен қар күреу кезінде, қайсысы қарды жылдам күреп бітірсе, соның қуаты көп болады, себебі, қуаттың формуласынан қуат уақытқа кері пропорционал екені белгілі

Бірқалыпты қозғалыстағы қуат

Қуатденелер мен механизмдердің жұмыс істеу шапшаңдығын сипаттайтын шама

Төмендегі жағдайларда қуаттарын салыстырыңдар:

Массалары бірдей екі бала үйдің үшінші қабатына жарыса жүгіріп шықты, олардың бірі 15 секундта, екіншісі 20 секундта 3 – ші қабатқа шыққан болса, қайсының қуаты көп?

Жердегі кілемнің шаңын екі түрлі шаңсорғышпен сорғанда, бірі кілемді шаңнан 20 минут бойы тазартады, ал, екіншісі 40 минут бойы тазартады, олардың қуаттары туралы не айтуға болады?

Адам бір шелек суды құдықтан алғашқыда 10 секундта, екінші жолы 17 секундта тартып шығарды. Осы екі жағдайда адам бірдей жұмыс жасай ма? Екі жағдайдағы қуаттары туралы не айтуға болады? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

Жануарлар мен адамның қуаттары


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы