Джаз музыкасы. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Берілген тақырып алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Оқушыларда блюз, джаз ұғымдары туралы толық мәлімет бар. Сабақты ұйымдастыру бөлімінен бастаңыз. . Сабақтың мақсаты, критерийлерімен таныстырыңыз. Тақырып бойынша оқушыларда бар білімді тексеріп, бекіту мақсатында викторина жүргізіңіз.

Викторинада кездескен әртүрлі заманауи стиль түрлерін келесі сұрақтар көмегімен талқылаңыз:

 - Қандай стильдегі музыка әуендерін тыңдадық?

 - Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

 Импровизация және орындау тапсырмасында музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолдана отырып, өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялау қажет болады. Ол үшін сыныпты 3 топқа бөліңіз.

1 топ – «Қыс» тақырыбы

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

2 топ – «Күз» тақырыбы

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

3 топ – «Жаз» тақырыбы

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

 Берілген тақырыпқа байланысты топтар джаз, блюз стилінде өз импровизациясын дайындайды. Дайындыққа қажетті уақытты беріңіз.Топта барлық оқушылардың қатысқанын қадағалаңыз. Саралау жұмысын орындауда мұғалім ретінде ескергеніңіз жөн:

«Кейбір оқушылар ырғақтық суреттерге импровизация ойластыра алады. Вокалдық дағдысы жоғары оқушылар солист рөлін атқара алады. Аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар сүйемелдеу құрастыра алады».

 Топтар сынып алдында өз импровизациясын орындайды. Шығармашылық жұмысты көрсетпес бұрын бағалауға арналған дескрипторлармен таныстырыңыз:

-Джаз, блюз стилінде импровизация идеяларын ұсынады;

-Джаз, блюз стилінде импровизация орындайды;

-Музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолданады;

-Қажетті ырғақтық суреттер қолданады:

-Көркем образын, мінезін көрсете отырып, орындайды;

-Топта өз рөлін орындайды;

-Өзара бағалау жүргізеді.

*(өзгертулер нгізуге болады)

 Көрсетілімнен соң топтар, берілген дескрипторлар көмегімен бірін –бірі бағалай алады. Орындалған шығармашылық жұмысқа мұғалім ретінде кері байланыс бергеніңіз дұрыс болады.

 Сабақ соңында рефлексия жүргізіп, қорытындылаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу