Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары Сабақ: 7 | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жобаны жоспарлау және құрастыру | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1 музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интерпретация жасау 6.2.2.1 музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Пәндік терминдерді қолданып, берілген тақырып төңірегінде талқылайды. Талдауға арналған сұрақтар: Біз рөлдерді осылай бөлген себебіміз…; Біздің сюжетке … музыка сәйкес келеді өйткені …; Музыкалық сүйемелдеу деген …; Терминдер және түсініктер: Интерпретация, шығармашылық, жақсарту, ұсыныс. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Рөлдерді тағайындап және тапсыру мерзімі графигін құру арқылы оқушылардың өз өздерін реттеу дағдылары дамиды. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | - | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Смартфон, планшет, ноутбук көмегімен (мүмкіндігінше) талдау тапсырмасында қолдануға болады. | ||||||
Бастапқы білім | Осы сабақтың мазмұны оқушылардың осыған дейінгі тақырыптың негізінде құрастырылған. Бұл сабақ тарау бойынша жасалатын шығармашылық жобаны жасауға бағытталған. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 мин. 12 мин.
| Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Алдынғы сабақта рефлексияда көрсетілген оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Сабақтың тірек сөздерін талқылау: интерпретация, шығармашылық, жақсарту, ұсыныс. Тапсырма: Сыныптағы талқылау Оқушыларды 3 топқа бөлу - «Оркестр», «Опера», «Балет». Берілген тақырыптармен таныстырып, қысқа сюжет құрастыруға уақыт беру. 1 топ – шулы аспаптар көмегімен оркестрге арналған композиция орындау; 2 топ - «Біржан- Сара» операсы негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету; 3 топ - «Щелкунчик» балеті негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету. Бағалау критерийлері:
Осы тарауда өткен музыкалық шығармаларды оқушылардың естеріне түсіріп, қайталаңыз. | Power Point презентациясы; Интерактивті тақта (мүмкіндік болса); "Оркестр", "Опера", "Балет" атаулары жазылған орама қағаздар (әр оқушыға); | |||||
Сабақтың ортасы 14 мин. 10 мин. | Тапсырма: Талқылау Оқушылар топта шығармашылық жобаға байланысты өз идеяларын ұсына отырып, топтағы рөлдерін анықтайды. Соның нәтижесінде таратылған жұмыс графигін толтырады. Тапсырма. Орындау және талқылау. Балаларға өз тақырыптарының кез келген жерінен үзінді орындауға тапсырма беру. Талқылауға арналған сұрақтар:
Көрініске арналған декорация, костюм элементтерін, сонымен қатар оркестр дайындауға шулы аспаптарды дайындау қажет. Бөлімнің қорытындысы болып саналатын шығармашылық жобаны дайындауға оқушыларға керекті уақыт беріп жұмыстарын дұрыс бағытта жасауына ықпал жасау. Өз жоба жоспары, орындауы бойынша топтар бір біріне кері байланыс беруін ұсыну. Үй тапсырмасы. Әр топ өзіне керекті ресурстарды дайындау және музыкалық сүйемелдеуді құрастыру. | жұмыс графигі бар үлестірме парақшалары; Мүмкіндік болса ноутбук (әр топқа) Музыкалық материал: М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсы; "Щелкунчик" балеті; Шулы аспаптар; Көрініске керекті костюм элементтері; | |||||
Сабақтың соңы 2 мин. |
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Рөлдерге бөліну тапсырмасында оқушылар таңдау еркімен не қабілеттеріне қарай бөліне алады. Барлық оқушы жоспарлауға үлесін қоса алады. Ақпаратты талқылауға арналған тапсырма барысында оқушыларға көмек көрсету. Орындау тапсырмасында музыкалық қабілеттері жақсы оқушылар әуенді немесе аспаптарда ойнауды нақты көрсете алады. | Фронталды жауап. Шығармашылық жобаға бағалау критерийлері берілген. Бірін бірі бағалауды орындау тапсырмасында ұйымдастыру. Топта өз өздерін бағалау рефлексия кезеңінде көзделген. Талдауға арналған тапсырмаларда мұғалім жағынан бақылау жүргізу. | Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?