Су дыбыстары. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Су дыбыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Қабыкей Ахмерұлының «Сары ала қаз» күйін тыңдау және талдау;
  • Су әуенін құрастыру;
  • В. Стригоцкийдің «Желкенді кеме» әнін үйрену және орындау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды;
  • қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығарады;
  • импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде және олардың өзара байланыстылығын туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізеді;
  • аспаптық бағдарламалық музыканы талдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Су әуені.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Күй қай аспапта орындалып тұр?
  • Күйден қандай әсер алдыңыз?
  • Күйдің әуені нені суреттейді?
  • Күйдің екпіні қандай?
  • Судың дыбыстарын композитор қалай жеткізген?
  • Судың әуенін тағы қалай жеткізуге болады?

Құндылықтарды дарыту

Музыкалық құндылықтарымызды сақтауға, құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, химия

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәйкесін анықта.

Оқушылар судың түрлі деңгейіндегі дыбыстарды ести отырып суреттермен сәйкесін табады.

Судың дыбыстарының аудио жазбалары

Су туралы мәліметтер- https://www.youtube.com/watch?v=KLziJSL1O8k

Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма. Тыңдау және талдау.

Қабыкей Ахмерұлының күйі «Сары ала қаз» тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Күй қай аспапта орындалып тұр?
  • Күйден қандай әсер алдыңыз?
  • Күйдің әуені нені суреттейді?
  • Күйдің екпіні қандай?
  • Судың дыбыстарын композитор қалай жеткізген?
  • Судың әуенін тағы қалай жеткізуге болады?

2-тапсырма. Орындау және импровизация

Түрлі деңгейде су құйылған кеселермен музыкалық әуен құрастыр.

Орындауға кері байланыс;

  • Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?
  • Не дұрыс шықпады?
  • Тағы нені жақсартуға болады?

3-тапсырма. «Ән үйрен және орында

Е. Сейдахметовтың сөзіне жазылған

В. Стригоцкийдің «Желкенді кеме» әнін үйреніңіз.

«Сары ала қаз» күйі-

http://www.saz-alemi.kz/load/51-1-0-4976

https://www.youtube.com/watch?v=WGUP44vX7jU

космическая музыка бокалов-

https://www.youtube.com/watch?v=XMy7HjZnSII

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Шығарманы тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Орындау және импровизация тапсырмасында бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу