Су дыбыстары. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Су - тіршілік көзі

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Су дыбыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1-әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.2.1.2 -қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • суды және судың музыкамен байланысын зерттейді;
  • су дыбыстарын шығарады;
  • ұлттық музыканы тыңдайды;
  • оркестрде ойнайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • тыңдалған музыканың жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайы;
  • музыкалық аспаптарды қолданып музыка шығарады және импровизация жасайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • су күйі
  • су дыбысы
  • «Көбік шашқан»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыканың сипаты қандай?
  • Бұл музыканың екпіні қандай?
  • Музыканың дыбысталуы қалай өзгерді?
  • Әнде не туралы айталады?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық өнерімізге деген құрмет

Топтық жұмыс жасау барысында ынтымымақтастық және бір біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану оқушылар судың күйін атайды және адам өміріндегі алатын орны туралы ойланады.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімде оқушылар қазақ музыка мәдениетінің өкілдерімен танысты, сал серлік өнер туралы біліп, Ақан серінің лирикалық әндерін үйренді. А.Жұбановтың қазақ өнеріне салған еңбегін білді, Құрманғазының батырлық күйлерін тыңдап, музыкалық импровизация жасады. Лирикалық, патриоттық музыканы анықтап үйренді. Түрлі әдістер арқылы шығармашылық жұмыстар жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

сабақтың ортасы

Оқушылармен сәлемдесу

1. Су туралы бейне материал қарау

/оқушыларғы twig-bilim.kz ресурсындағы бейне материал су туралы алдыңғы білімдерін анықтаe және сабақ пен бөлім тақырыбын оқушылармен бірге ашу үшін көрсетіледі./

2. Оқушылармен талдау

  • Су деген не?
  • Судың қандай күйін білесіздер?
  • Су не үшін қажет?
  • Судың түрлі күйі табиғатта қандай дыбыс береді?

3. Сабақ мақсаттары:

Бүгінгі сабақта біз

  • суды және судың музыкамен байланысын зерттейміз;
  • су дыбыстарын шығарамыз;
  • ұлттық музыканы тыңдаймыз;
  • оркестрде ойнаймыз.

4. Оқушыларды 3 топқа біріктіру

- Сандар бойынша топтарға бірігейік

Оқушылар үшке дейін саналып, үш топқа бірігеді

1 топ – қатты

2 топ – сұйық

3 топ – газ

5. Тапсырма. Зерттеу және импровизация

  • Топтарыңызда қандай музыкалық аспаптар арқылы судың күйін дыбыстауға болатынын талқылаңыздар. Қажет аспаптарды алыңыздар.
  • Судың дыбысын шығарыңыздар.

Дайындыққа 2 минут беріледі.

/оқушыларға тайм менеджмент дағдыларын қалыптастыру мақсатында уақыт таймер арқылы көрсетіледі /

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-water-cycle Су айналымы

Презентация

Балаларға арналған музыкалық аспаптар, 2 сыныпта жасаған рейнстиг аспабы.

Таймер

6. Шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау

Әр топ өз дыбыстарын сыныпқа орындайды.

Тыңдап отырған топтар дыбыстар сағат тілі бойынша орындалған дыбыстың судың күййне сәйкестігін бағалайды.

7. Музыка тыңдау

Құрманғазының «Көбік шашқан» күйін тыңдаңыздар

  • Музыканың сипаты қандай?
  • Бұл музыканың екпіні қандай?
  • Музыканың дыбысталуы қалай өзгерді?
  • Тыңдау кезінде көздеріңізге не елестеді?

Құрманғазы Сағырбайұлы:

Қазақтың халық музыканты, күйші, композитор, көп күйлердің (домбыраға арналған музыкалық шығарма) авторы. Қазақ музыка мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.

  • Балалар, Құрманғазы туралы біз 6 бөлімде өткен еді. Не білесіздер?
  • Композитор қандай күйлерді шығарған?

«Көбік шашқан» күйінің шығу тарихы

Теңіз 100 жыл сайын өте сирек тасиды дейді екен. Сондай теңіздің тасуының куәгері Құрманғазы болыпты. Каспий теңізі тасып, көп адамға зардап көрсеткен екен. Сол оқиғаны көрген, халықтың шеккен зарбадын көрген Құрманғазы өз күйінде халықтың ойын, шерін тарқатпақ болған екен.

Оқушылармен күйді талдау

  • Күйдің екпіні қандай?
  • Күйдің сипаты қандай?
  • Тыңдау барысында теңіздің жағалауға тиіп жатқан көбіктерін елестетуге бола ма?

Музыкалық аспаптарда ойнау.

«Көбік шашқан» күйіне ырғақтық сүйемелдеу жасайық.

Ырғақтық сүйемелдеуді жасау үшін біз үш топқа бөлінеміз

1 топ- жартылық нота

2 топ- ширек /төрттік/ нота

3 топ – сегіздік нота боласыздар.

Ең алдымен әр топ санап отырып өз нота ұзақтығымызды дұрыс орындап көрейік.

Ал енді музыкамен әр топ менің дирижерлеуіммен әуенге қосылады, бірақ сіздердің міндеттеріңіз тек қана өз нота ұзақтықтарыңызды нақтылықпен ойнау. Ол үшін іштеріңізден 1-ге, 2-ге деп санау қажет.

  • Сыныппен орындау.
  • Топтарды алмастыру әр топқа нота ұзақтықтарын ауыстырып ойнату.
  • Кейбір оқушыларға дирижер болуды ұсыну.

Дифференциация

Ырғақтық ұзақтықты жақсы орындаған кейбір оқушыларды жеке топқа біріктіріп өз ырғақтарын ойлап тауып, күйді сүйемелдеуді ұсыну.

Өзін-өзі бағалау (Қалыптастырушы бағалау) мұғалімнің ауызша қойған сұрақтар арқылы өткізіледі.

  • Әр топ өз ырғақтарын дұрыс орындай алды ма?
  • Әуенді осындай әдіспен сүйемелдеу сіздерге қиын болда ма? Неліктен?

Презентация

Презентация

Аудио материал

Презентацияда

Каспий теңізінің суреттер, теңіз тасыған суреттер

Нота ұзақтықтары презентацияда

Сабақтың соңы

5мин

Сабақ қорытындысы:

- Балалалар, сабақ мақсаттарына оралайықшы

- Мақсатқа жеттік пе?

- Бүгін қандай жаңа ақпарат білдік?

Рефлексия

«Идея қорабы»

Оқушыларға сабаққа қатысты өз идеяларын стикерлерге жазып, бір қорапқа салады. Мұғалім ішінен таңдалған стикерлерді алып, сыныпқа оқиды және оқушылардың жазылған пікірлері сыныппен талқыланады.

Музыкалық өрнектермен әшекейленген әдемі қорап.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға демеу болу. Көпіршелер орнату.

Ырғақтық ұзақтықты жақсы орындаған кейбір оқушыларды жеке топқа біріктіріп өз ырғақтарын ойлап тауып, күйді сүйемелдеуді ұсыну.

Бақылау

Өзара бағалау

Өзін өзі бағалау

Бағалау критерийлері бойынша

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу