Су дыбыстары. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
7 бөлім «Су – тіршілік көзі»
1 тақырып «Су дыбыстары»
Су туралы бейне материал қарау. Су туралы алдыңғы білімдерін анықтау және сабақ пен бөлім тақырыбын оқушылармен бірге ашу үшін twig-bilim.kz ресурсындағы бейне материал көрсетіледі.
Бейне материалды көрген соң оқушыларға талқылауға арналған ашық дәрежелі сұрақтар қойыңыз:
- Су деген не?
- Судың қандай күйін білесіздер?
- Су не үшін қажет?
- Судың түрлі күйі табиғатта қандай дыбыс береді?
Оқушылармен талқылаудың негізіне сүйеніп, оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын айтыңыз.
Зерттеу және импровизация тапсырмасын өткізу үшін оқушыларды 3 топқа біріктіруді санау арқылы жүзеге асырыңыз. Оқушылар үшке дейін саналып (бірінші, екінші, үшінші), үш топқа бірігеді. Әр топқа судың бір күйі беріледі. Бұл тапысрманы ұйымдастырмас бұрын оқушыларды табиғатта су қандай түрде кездеметіні жайлы сұрап , презентация арқылы суреттерді көрсету қажет. Оқушылар, судың, шық, тұман, мұз, теңіз, жаңбыр, бұршақ т.б болатыны жайлы айтуы мүмкін. Дыбыстау кезінде осы табиғат құбылысын естеріне алуларын ескертіңіз.
Тапсырманы айтқан соң, оқушылардың түсінгенін тексеру мақсатында бір оқушыдан «қандай тапсырма берілді?» деп сұраңыз.
1 топ – қатты
2 топ – сұйық
3 топ – газ
Тапсырма.
- Топтарыңызда қандай музыкалық аспаптар арқылы судың күйін дыбыстауға болатынын талқылаңыздар. Қажет аспаптарды алыңыздар.
- Судың дыбысын шығарыңыздар.
Дайындыққа 2 минут беріледі.
/оқушыларға тайм менеджмент дағдыларын қалыптастыру мақсатында уақыт таймер арқылы көрсетіледі /
6. Шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау
Әр топ өз дыбыстарын сыныпқа орындайды.
Тыңдап отырған топтар сағат тілі бойынша орындалған дыбыстың судың күйіне сәйкестігін бағалайды. Бағалау кезінде оқушыларға әр топ бір ғана топты бағалайтыны жөнінде ескертіп айту керек.
7. Музыка тыңдау үшін оқушыларға Қазақстандағы Каспий теңізімен балйанысты оқиғаға арнап шығарылғын халық музыкасы ұсынылады. Құрманғазының «Көбік шашқан» күйін тыңдағаннан кеін оқушылардан композитор жайлы не білетіндерін сұраңыз. Бұл жерде оқушылар 6 бөлімде алған білімдерін естеріне түсіріп, композитор жайлы ақпаратты өзі айтуы керек. Күйді тыңдап болған соң музыкалық көркемдеуші құралдарын оқушылармен бірге анықтаңыздар.
- Музыканың сипаты қандай?
- Бұл музыканың екпіні қандай?
- Музыканың дыбысталуы қалай өзгерді?
- Тыңдау кезінде көздеріңізге не елестеді?
Музыкалық аспаптарда ойнау үшін алдымен оқушылармен біргеи нота ұзақтықтарын саналуы мен ороындалуын қайталап алу қажет.
«Көбік шашқан» күйіне ырғақтық сүйемелдеу жасау үшін сыныпты 3 топқа бөліңіз.
1 топ- жартылық нота
2 топ- ширек /төрттік/ нота
3 топ – сегіздік нота боласыздар.
Ең алдымен әр топ санап отырып өз нота ұзақтығымызды дұрыс орындап көреді, сонан соң мұғалімнің дирижерлеуімен сыныптық орындауға қатысады. Уақыт жеткілікті болған жағдайда топтардың тапсырмасын алмасытырып, әр топ кем дегенде екі нота ұзақтығыны орындауын ұйымдастырыңыз.
Ал енді музыкамен әр топ менің дирижерлеуіммен әуенге қосылады, бірақ сіздердің мәндеттеріңіз тек қана өз нота ұзақтықтарыңызды нақтылықпен ойнау. Ол үшін іштеріңізден 1-ге, 2-ге деп санау қажет.
- Сыныппен орындау.
- Топтарды алмастыру әр топқа нота ұзақтықтарын ауыстырып ойнату.
- Кейбір оқушыларға дирижер болуды ұсыну.
Дифференциация үшін ырғақтық ұзақтықты жақсы орындаған кейбір оқушыларды жеке топқа біріктіріп өз ырғақтарын ойлап табуды ұсынуға болады.
Өзін-өзі бағалау (Қалыптастырушы бағалау) мұғалімнің ауызша қойған сұрақтар арқылы өткізіледі.
- Әр топ өз ырғақтарын дұрыс орындай алды ма?
- Әуенді осындай әдіспен сүйемелдеу сіздерге қиын болда ма? Неліктен?
Сабақ қорытындысы:
- Балалалар, сабақ мақсаттарына оралайықшы
- Мақсатқа жеттік пе?
- Бүгін қандай жаңа ақпарат білдік?
Рефлексия үшін алдыңғы сабақта болған «Идея қорабы» әдісін өткізіңіз.
Оқушыларға сабаққа қатысты өз идеяларын стикерлерге жазып, бір қорапқа салады. Мұағлім ішінен таңдалған стикерлерді алып, сыныпқа оқиды және оқушылардың жазылған пікірлері сыныппен талқыланады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?