Саяхат басталады! Музыка, 2 сынып, қосымша материал.
5С-бөлім: Саяхат | ||
Тақырып: Саяхат басталады! | ||
Оқу мақсаты: | 2.1.5.1 материалдар және оларды үйлестіру тәсілдерін анықтай отырып, формалар мен бұйымдардың жасалу жолын және олардың қалай жұмыс істейтінін түсіну 2.1.6.1 өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық идеяларын шығару және дамыту | |
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Қолдану | |
Бағалау критерийі: | Білім алушы -оқушы көліктің не екенін біледі, ажырата алады; -оқушы өзінің қалауы бойынша көліктеррді салып әсемдей алады; | |
Тапсырма. Тақырыпты, мақсатты, критерилерді анықтап алғаннан кейін оқушыларға олардың осы тақырып барысында қозғалатын көлік құралдарын жобалап және жасайтынын түсіндіру. Ол көлік құралын елестету немесе нақты техникаға еліктеп жасауы мүмкін. Оқушыларға көліктердің суреттері бейнеленген карточкалар таратылады, мысалы;
Өзіңіз таңдаған көлік құралын атаңыз. Ол не үшін қолданылады? Оның формасы қандай? Оның ерекшеліктері бар ма? Ол қандай дыбыс шығарады? Ол қалай жұмыс істейді? Онда қанша дөңгелектер бар? Оны кім пайдаланады? (Ж,Т,қ) Оқушылар суреттерге/көлік құралдарына қарапайым сипаттамалар береді. (Ұ,қ) Барлық көлік құралдарының дөңгелектері бар ма? Олардың барлығында саны бірдей ме? Олардың дөңгелектерініңүлкендігі бірдей ме? Барлығы үнемі тек бір орында ма? Көлік құралдары неліктен әртүрлі формалы болып келеді? Олардың қайсысы қозғалатын /көтерілетін/шу шығаратын бөліктерге ие? Ол неліктен? Әсемделген көліктер видиосы http://www.youtube.com/watch?v=rCthb1OdrMc (Ж) Оқушылар таңдауы бойынша альбомдарына кез-келген көлік құралының суретін салып, дөңгелек, фарасын, көлік құралының түрі тәрізді бөлшектерін белгілейді. Олар көліктің сыртқы түрі туралы толық ақпарат қоса алады. (Ұ) Оқушылар өздерінің көлік құралдары және өздері болған саяхаттар туралы тарихтарымен бөліседі. | ||
Дескриптор: | Білім алушы -оқушы көліктің не екенін біледі, ажырата алады; -оқушы өзінің қалауы бойынша көліктеррді салып әсемдей алады; |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?