Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Сабақтың сапалылығын арттыру мақсатында біріккен оқу ортасын құру.
Үй тапсырмасын тексеру, а параметрінің мәні туралы түсінік алу, жұмысты талдау.
Білімді өзектендіру:
- 2х + у = 6 теңдеуінің шешімі болатын сандар жұбын табыңыз:
(3; 0), (4; -2), (5; -2), (-1; 8).
2) теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
Жаңа материалды түсіндіру
Оқушылар мына теңдеулер жүйесін бірігіп шешуді қарастырайық:
Мысал – 1.
бұл теңдеудегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеп, бір айнымалысы бар теңдеуге келтіріп шешуді үйренейік. Ол үшін:
1. (1) теңдеудегі х-ті у арқылы өрнектеп алайық. Сонда x = 29+y болады.
2. Табылған өрнекті (2) теңдеуге х-тің орнына қою керек. Сонда ол бір айнымалысы бар теңдеуге айналады. ; ; .
3. у-тің табылған мәнін x = 29+y қойып, x = 35 екенін табамыз.
Жауабы: x = 35; .
Бұл екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің алмастыру тәсілі деп аталады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:
1) теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу керек;
2) табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады;
3) шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу;
4) табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.
Мысал -2.
Жауабы: (6; 13).
Жалпы сыныптық жұмыс тапсырмалары
Тақырыпты кеңінен түсініп, талқылап, алмастыру тәсілін толық түсініп пайдалану үшін сыныппен жұмыс жүргізіңіз.
№1. Теңдеулердегі айнымалылардың бірін екіншісі арқылы өрнектеп жазыңыздар:
1) ; 2) ; 3) .
№2. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңіздер:
1) ; 2) ; 3)
№3. Теңдеулер жүйесінің шешімін алмастыру тәсілімен табыңыздар:
1) ; 2) .
Жауабы: (2; -4); (-1; 6).
№4.
Жауабы: ( 1; 4).
Тақтада талданып орындалады, орындалған тапсырманы мұғалім бағалайды
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.
Жұппен жұмыс тапсырмалары
№1. Теңдеулер жүйесінің шешімін алмастыру тәсілімен табыңыздар:
1) ; 2) .
Жауабы: 1) (6; 6), 2) (2; 3).
№2. Теңдеулер жүйесінің шешімін алмастыру тәсілімен табыңыздар:
Жаубы: (3; -).
№3. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
1) ; 2)
Жауабы: 1) (2; 3), 2) (2; -2).
Дескриптор: Білім алушы:
- бөлшектердің бөлімінің ЕКОЕ табады;
- теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді;
Алдын ала дайындалып ұсынылған дескриптор, тапсырмалар жауаптары арқылы жұптар арасында өзара бағалау жұргізіңіз.
Сабақты қорытындылау:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын тұжырымда;
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешу алгоритмі.
Үйге тапсырма № 1499
3) ; 2)
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
1 | Бүгін мен ... білдім. |
2 | Маған ... қызық болды. |
3 | Маған ... қиын болды. |
4 | Мен .... тапсырмаларды орындадым. |
5 | Мен ... екендігін түсіндім. |
6 | Мен ... енді жасай аламын. |
7 | Мен ... үйрендім. |
8 | Мен ... жасап көремін. |
9 | Сабақ менің өміріме ... берді. |
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру