Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Сабақтың сапалылығын арттыру мақсатында, оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді орта, тапсырмаларды орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Өткен сабақ бойынша білім жүйесін нақтылау:

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу жолдары;

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер алмастыру тәсілімен жүйесін шешу алгоритмі.

Қорытынды пікір:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффициенті 1 – ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстыру, яғни еайнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуге жаттығу жүргізу.

Жұптық жұмыс тапсырмалары

Әр жұп өзіне берілген үлестірмедегі тапсырмаларды орындап, дұрыс табылса кестедегі сөзді оқиды.

Берілген теңдеулер жүйесін шешіп, кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойып, шыққан сөзге байланысты түсінік беріңіздер.

Ж. ; Ә. ;

Б.

Д.

І. ; М. ;

Ә. ; Л.

І. ; К.

x=6

y=-1

x=-2

y=3

-166 34

;

x=1

y=4

x=-3

y=4,5

x=-2

y=3

x=-1

y=-5

x=1

y=4

x=7

y=1

Ж.

Ә

б

д

і

м

ә

л

і

к

Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және 12 жасында әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды. Жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз. Дұрыс орындалса Ж. Әбдімәлік деген сөзді оқиды, оның кім екенін сыныпқа түсіндіріңіз.

Көзге жаттығу жасауды ұсыныңыз.

Топтық жұмыс

Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз.

Оқушылар уақыты келгенде құрамы ауысып тұратын топта да жұмысын жалғастыра алатынын ескертіңіз.

Әр топ орындайтын жұмыстарының тізімін алады.

Негізгі мақсат: «Топтың барлық мүшелері барлық тапсырмаларды шешіп білуі және олардың кез-келгенін көрсете білуі керек».

Сондықтан, әр оқушы өзіне тапсырма таңдайды. Ол тапсырманы толық шешімін, түсіндірмесін жазып орындайды, Егер оқушы таңдаған тапсырмасының шығару жолында қиындыққа кездессе немесе сенімсіз болса, онда осы тапсырманы орындауға жиналған басқа топтардан құралған жаңа топ мүшелерімен бірігеді. Шығару жолын жазады. Содан соң бастапқы топ мүшелері қайтадан бірігіп, өзара оқуды жүзеге асырады.

Егер соңында топ оқушылары берілген тапсырмаларды түсініп орындаса, онда топтар жұмысын толық орындады, оқушылар мақсатқа жетті деп бағалайсыз.

1- топ

1) ; 2)

2) ;

Жауаптары: (7; 2); (1,5; 0,5); (3; 2).

2- топ

1) ; 2) ; 3)

Жауаптары: (15; -14); (5; 3); (2; 6).

3- топ

1)

2)

Жауаптары: (-3; 1).

Жеке жұмыс

Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.

№1. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

Жауабы: (-2; -1).

№2.

Жауабы: (6; 3).

Дескриптор:

  • жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді дұрыс біріктіреді;
  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;

Уақыт болғанда тақтада дұрыс жауаптар мен дескрипторды көрсетіңіз, оқушылар өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Сабақты қорытындылау:

  • алмастыру тәсілін қандай кезде пайдаланған тиімді;
  • алмастыру тәсілінің алгоритмін қайталаңыз.

Үйге тапсырма № 1520.

Жеміс ағаштары егілген жердің ауданы көкөніс егілген жердің ауданынан 6 га артық болған. Жеміс ағаштары егілген жердің ауданын 25% -ке, ал көкөніс егілген жердің ауданын 20% -ке арттырғанда барлығы 32 га болды. Алғашқыда жеміс ағаштары егілген жердің ауданы қандай болды? Көкөніс егілген жердің ауданы қандай болды?

А. 16 га; 10 га; В.15 га; 9; С.17га; 11га; D.20га; 14 га.

Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу