Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, бағыттау.

Үйге тапсырмасы № 1520.

Жеміс ағаштары егілген жердің ауданы көкөніс егілген жердің ауданынан 6 га артық болған. Жеміс ағаштары егілген жердің ауданын 25% -ке, ал көкөніс егілген жердің ауданын 20% -ке арттырғанда барлығы 32 га болды. Алғашқыда жеміс ағаштары егілген жердің ауданы қандай болды? Көкөніс егілген жердің ауданы қандай болды?

А. 16 га; 10 га; В.15 га; 9; С.17га; 11га; D.20га; 14

Шешуі: х – жеміс ағаштары егілген жер ауданы

у – көкөніс ағаштары егілген жер ауданы болсын, сонда: , жауабы: А.

Оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді орта, тапсырмаларды орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу дағдысын өзектендіру.

Сыныппен талқылап орындауға ұсынылатын тапсырмалар:

Ол үшін «Борды беріп жібер» стратегиясын қолданайық.

Оқушыларға тапсырмалар жазылған үлестірме ұсыныңыз. Мұғалім тапсырманы түсіндірмей орындайды да борды (маркерді) кез келген оқушыға береді. Оқушы орындалған тапсырманы түсіндіреді және алдын ала дайындалған критерий бойынша бағалайды, содан соң өзі бір тапсырманы түсіндірмей орындайды да, борды басқа оқушыға береді, ойын осылайша жалғасады.

Жауабы: (7; 1).

Жауабы: (2; 3).

  • (a; b) қандай мәнінде берілген теңдеулер жүйесінің шешімдер жиыны (-1; 2) болады?

Жауабы: .

Жауабы: ().

Математикалық лабиринт ойыны:

Алдын ала сынып бөлмесінің әр жеріне тапсырмалар номерімен бекітіледі. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, әр топ өзіне берілген номердегі тапсырманы ретімен орындауы керек. Соңында әр топ шешімдерін салыстырып, бірін – бірі бағалайды.

1-3 топ:

2-4 топ: .

1.

Жауабы: ( -0,8; 0,5)

2.

Жауабы: (-1,5; -0,25).

3.

Жауабы: (11; 7).

4.

Жауабы: (5; 1).

5.

Жауабы: (-3,2; -7,8).

6.

Жауабы: (2,6; 7,4).

7.

Жауабы: (2; -6).

8.

Жауабы: (-6,8; -12,8).

9.

Жауабы: (43: -8).

10.

Жауабы: (3,75; -13,55).

Топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі, дайын жауап арқылы.

Сергіту сәті

Мына ребустарды дұрыс шешкенде Power Point бағдарламасына қатысты объектілер аты шығады:

Слайд.

Тест тапсырмалары

Оқушылардың тез есептеу дағдысын жетілдіру, ойлау қабілетін арттыру мақсатында тест тапсырмасын орындауды ұсыныңыз.

1. (7; -6) шешімі болатын теңдеулер жүйесін тап:

1. 2.

3. 4. .

2. (5; -4) шешімі болмайтын теңдеулер жүйесін тап:

1. 2.

3. 4.

3. Қайсысының бір ғана шешімі бар?

1. 2.

3. 4.

4. Қайсысының шексіз көп шешімі бар

1. 2.

3. 4.

5. m және n параметрінің қандай мәндерінде (-4; 5) сандар жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болады?

?

Жауаптары:

1

2

3

4

5

2

3

4

4

m = -10; n = 7,2

Дайын жауаптар арқылы өзін – өзі бағалауды жүргізу.

Тақтада орындаған оқушылар жұмысын критерий бойынша мұғаліммен бірге бағалайды.

Сабақты қорытындылау:

  • бөлімінің ЕКОЕ табу арқылы теңдеулер жүйесін шешу туралы пікір тыңдау;
  • мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін құру туралы пікір тыңдау.

Үйге тапсырма № 1522.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу