Тура пропорционалдық және оның графигі. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Тура пропорционалдық және оның графигі

Оқу мақсаттары:

6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру.

6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу.

6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру.

6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу.

6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

тура пропорционал тәуелділіктерді таниды;

тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін сала алады;

сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жаза алады;

тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы

тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп бере алады.

Психологиялық ахуал

Керемет

Тамаша

Орташа

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

«Миға шабуыл»

С-1: Шамалар арасындағы тәуелділік дегеніміз не? Мысал келтір

С-2: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдеріне мысал келтір.

С-3: Аналитикалық (формула арқылы) шамалар арасындағы тәуелділікті берілу тәсілдерінің бірін түсіндір және мысал келтір.

С-4: Кестелік шамалар арасындағы тәуелділікті берілу тәсілдерінің бірін түсіндір және мысал келтір.

С-5: Шамалар арасындағы тәуелділікті берілу графиктік тәсілді түсіндір және мысал келтір.

С-6: Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеуді бола ма, қалай?

Жаңа тақырып.

Анықтама. y = kx формуласымен берілетін x және y шамалары арасындағы тәуелділік тура пропорционалдық деп аталады. 

k – пропроционалдық коэффициенті, k ≠ 0.

y = kx формуласымен берілген тура пропорционалдықтың графигікоординаталар басынан өтетін түзу.

Жұптық жұмыс.

№1. Графиктің бойында жатқан нүктені табыңыз.

№2. a-ның мәнін табу арқылы әрбір тура пропорционал функцияның теңдеуін табыңыз.

№2. a-ның мәнін табу арқылы әрбір тура пропорционал функцияның теңдеуін табыңыз.

№3. Әрбір функция графигін оның теңдеуімен байланыстырыңыз:

№4. Әрбір функция графигінің бойында жататын нүктелерді таңдаңыз:

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8\

Үйге тапсырма:

Шығармашылық тапсырма «Тура пропорционалдыққа» есеп құрастыру және графигін салу.

Рефлексия:

«Пантомима» .

Қолдарын жоғары көтерсе – сабақ жақсы өтті,

Басы төмен - қанағаттанған жоқ,

Беттерін қолымен жауып алса – ұнамады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу