Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш»
Сабақтың мақсаты:
6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы
ұғымдарын біледі;
- арифметикалық ортаны таба алады;
- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.
Психологиялық ахуал
Керемет Тамаша Орташа
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.
«Миға шабуыл» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:
С-1: Статистикалық шамаларға қандай шамалар жатады?
С-2: Сандардың арифметикалық ортасы дегеніміз не? Мысал келтір.
С-3: Өзгеріс ауқымы дегеніміз не? Мысал келтір.
С-4: Медиана дегеніміз не? Мысал келтір.
С-5: Мода дегеніміз не? Мысал келтір.
Сыныпты топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Топқа арналған ереже:
- белсенді болу;
- шыдамдылық таныту;
- достық қарым-қатынаста болу;
- бір-бірінің ойын сыйлау;
- басқа адамды тыңдай білу;
- барлығын бірге жасау;
- ынтымақтастықта жұмыс жасау.
«Ой - қозғау» (ребусты шеше отырып тақырыпты ашу)
Сандарда құпия көп жасырылған
Жауабы: Санды дөңгелектеу
Жауабы: Арифметикалық орта
Жауабы: Өзгеріс ауқымы. Мода.
Оқушыларды топқа бөле отырып, оларға тапсырмалар беру. Оқушылар топтық жұмыстарын постерде жазып, қорғайды. Оқушылар өткен сабақ бойынша өз түсініктерін постерге түсіреді.
Топтық жұмыс
1 топ
№1. Бірнеше сандардың арифметиклық ортасы туралы айту, мысал келтіру.
№2. Арифметикалық ортасын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып қыздарының шаштарының ұзындықтары бойынша.
№3. Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде, массалары: 1,2 кг; 3,24 кг; 1,9 кг; 2,16 кг; 2 кг болды. Даниярдың аулаған бір балығының орташа массасы неше килограмм? Балықтардың массаларының өзгеріс ауқымы неше килограмм?
2 топ
№1. Сандардың өзгеріс ауқымы туралы айту, мысал келтіру.
№2. Өзгеріс ауқымын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып оқушыларының бойларының ұзындықтары бойынша.
№3. Комбайншы егін жинау кезінде: бірінші күні 15,2 га; екінші күні 16,2 га; үшінші күні 18,6 га; төртінші күні 16,2 га; бесінші күні 17,3 га жерден егін жинады. Комбайншының бір күнгі егін жинайтын егіс алқабының орташа ауданын табыңдар. Оның өзгеріс ауқымын есептеңдер. Модасы бар ма? Медианасы неге тең?
3 топ
№1. Сандардың модасы, медианасы туралы айту, мысал келтіру.
№2. Сандардың модасын, медианасын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып оқушыларының аяқ киімдерінің өлшемдері бойынша.
№3. Қараша айының бір күнінде ауаның температурасы таңертенгілік 20С, түсте 60С, кешке 30С, түнде 00С болды.
- Ауаның тәуліктік орташа температурасы неше градус?
- Тәулік ішіндегі температураның өзгеріс ауқымы неше градус?
Сол күнгі ауа температурасының модасы бар ма? Медианасы неге тең?
Топтық жұмысты болғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті: «Көңілді қалпақ» ойыны.
Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табады.
Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық
Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға тағы да топтық жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды.
Шығармашылық жұмыс
Статистикалық шамалар бойынша топтарға әр түрлі суреттер бере отырып, есептер құрастыру. Құрастырған есептерді топтар арасында бір-біріне бере отырып шығарту және оларды өз шығарғандары бойынша тексеру. Берілген суреттер бойынша шамалардың арифметикалық ортасын, модасын, медианасын және өзгеріс ауқымын табу.
1 топ
2 топ
3 топ
Топтық жұмысты орындап болғаннан соң, әр топ оқушылары өздерінің дайын жауаптарымен бірін-бірі тексеріп бағалайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.
Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Үйге тапсырма: №659.
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады және «Білім теңізіне кеме жіберіңіз» бойынша қорытындылайды.
Рефлексия: «Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады, өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
- http://calcs.su/html/math/grade7/srednee-arifmeticheskoe.html
- https://infourok.ru/reshenie-zadach-na-temu-srednee-arifmeticheskoemodarazmah-i-mediana-1284717.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру