Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу. | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •бірнеше сандардың медианасының анықтамасын біледі және . статистикалық санды сипаттамаларды есептейді. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Статистика бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б.. Оқушылар кейбір құбылыстар немесе процесстерге бақылаулар жүргізу нәтижесін жинақтауға және оларды талдауға үйренеді. | ||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-1 мин 1-4 мин 4-8 мин 8-10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Білімді өзектендіру Сыныппен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; Ой қозғау. Келесі сөздерді кем дегенде бір рет қолдана отырып сөйлем құрастыр:
Тапсырма 1. а) 1, 2, 3, 4, 5; б) 1, 2, 3, 4, 100. Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасын есептеңіз. Екі сандар қатарындағы орташа мәнін белгілеңіз.
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылардың жауаптарын қорыта келе мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту: •сандардың арифметикалық ортасын, құлашын (өзгеріс ауқымын), модасын, медианасын анықтайды; •деректерді есептер шығаруда қолданады. | . Қосымша1. Статистика. Вероятность. Комбинаторика / Я. С. Бросдкий. — М.: ООО «Издательство Оникс»: ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008. — 544 с. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 мин 15-20 мин 20-21 мин 21-24 мин 24-26 мин 26-28 мин 28-37 мин | 3. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Тапсырма 2.
Оқушылар басқа жұптарға сұрақтар қояды, басқа жұптардың сұрағына жауап береді. Өз ойларының барысын сендіруге тырысу керек. Бағалау:мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді. 4. Жаңа сабақты меңгеру. Тапсырма 3. Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2 ; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 . Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табыңыз. Тапсырма 4. Мәриям апта бойы сағат 12:00-де даланың температурасын тексеріп, жазып алды. Алайда сәрсенбі күннің температурасы жазылған дерек белгісіз бір себеппен өшіп қалыпты: 17°С, 20°С, ___,21°С, 14°С, 18°С, 22°С. Егер Мәриям аптадағы температураның арифметикалық ортасы 19°С екенін білсе, апта температурасының: a) модасын; b) өзгеріс ауқымын; c) медианасын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаның анықтамасын қолданады; - белгісіз мүшені табады; - сандардың модасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - сандардың медианасын есептейді. Әр оқушы есепті өзі жеке шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате шығарылса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 4. Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алган заттарының саны тіркелді. 5, 4, 3, 7, 4, 8, 6, 3, 3, 12, 1, 3, 1. Тіркелген заттардың модасын, өзгеріс ауқымын, медианасын және арифметикалық ортасын есептеңіз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаны табу өрнегін құрады; - сандардың арифметикалық ортасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - медианасын есептейді; - сандардың модасын есептейді. Тапсырма 5. Бастауыш сынып оқушыларының бір минутта оқыған сөздері санының кестесі берілген.
Осы оқушылардан кімнің оқыған сөздерінің санын оқушылардың 1 минутта оқыған сөздерінің медианасы ретінде қабылдауға болады? Тапсырма 6. Мәдина математикадан сынақ тестін тапсырды. Екі рет «3»-тік баға, үш рет «4»-тік баға, және бір рет «5»-тік баға алды. Мәдинаның осы математикадан сынақ тестен алған бағаларының медианасын табыңдар. Мәдинаның алған бағаларының модасы бар ма? Тапсырма 7. Шебер жұмыс күнінің алғашқы төрт сағатында даярлаған тетіктерінің санын кестеге толтырып отырды. Шебердің бірінші сағатта даярлаған тетіктерінің саны кестеде берілді.
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыздар:
Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. | Қосымша2. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. Қосымша3. Қосымша4. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 6. Сабақты қорытындылау. - Медиана нені анықтайтын статистикалық сипаттама? - Берілген сандардың саны тақ болса, медиана қалай табылады? - Берілген сандардың саны жұп болса, медиана қалай табылады? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Осы аптада аптаның орташа температурасы қандай болды? Оны қалай анықтадың? Температураның қандай мәні ең жиі кездеседі? |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Дем алу» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру