Бас жиын және таңдама. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Жұптық жұмыс

Мысал 1. Дүкенде шегелерді өлшеу арқылы сатады. Менеджер бір килограмда неше шеге бар екенін бағалау үшін бір шегенің салмағын табуға шешім қабылдады. Өлшеудің дәл мәнін алу үшін лабораториялық таразыларда әртүрлі шегелерді өлшеп , мына қатарды алды:4,47; 4,44; 4,64; 4,32; 4,45, 4,32; 4,54; 4,58; Бұдан бір шегенің массасы ретінде қандай арифметикалық орта, мода, немесе медиананы алуға болады?

Дескриптор

Вариациалық қатар құрады

Арифметикалық ортасын табады

Модасын табады

Медианасын табады

Мысал 2. Саяси ойлаушы сайлаушыларға дауыс беру құқығы бар қаладағы 253000 тұрғынды зерттеді. Берілген таңдалымның қайсысысын репрезентативті деуге болады

А) Болашақ сайлаушылардың таңдалымын салуға үлкен сауда орталығында әрбір 15-ші адамнан сауалнама ала отырып орындауға болады.

Б) Телефон бойынша әрбір 100 адамнан сұрай отырып таңдалымды салуға болады

С) Бірнеше саясаткердің митингі қатысушыларынан сұрау арқылы таңдалымды салуға болады

Болашақ сайланушыларды анықтаудың таңдалымын салудың өз тәсілдеріңізді қарастырыңыздар.

Дескриптор

Талдау жасайды

Репрезентативті таңдаманы табады

Болашақ сайланушыларды анықтаудың таңдалымын салудың өз тәсілдерін ұсынады

Мысал 3.

Берілген таңдалымның қайсысысын репрезентативті деуге болады ? Басқа таңдалымдар неге

Репрезентативті болмайды?

Басты жиынтық

Зерттеу мақсаты

Таңдалым

1

Көлемі 1000 дана болатын бірдей детальдар

Бұзылған детальдар санын анықтау

1)5 қатар жатқан детальдар

2)5 кез келген жағдаймен әртүрлі партиядан алынған детальдар

3)100 кез келген жағдаймен әртүрлі партиядан алынған детальдар

2

Қалалық мектептер түлектерінің математикадан ҰБТбойынша барлық емтихан жұмыстары

Нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жасы бағаларының қатынастарын алдын –ала анықтау

  • Кездейсоқ алынған 5 жұмыс
  • Кездейсоқ алынған 50 жұмыс
  • Бір мектеп оқушыларының 50 жұмысы

3

Ауданы 1000 га болатын жерден алынған бидай өнімі

Осы жердің шығым өнімділігін анықтау

  • Төбенің солтүстік беткейіндегі 1 га жерден алынған өнім
  • Төбенің солтүстік және шығыс беткейлеріндегі 1 га жерден алынған өнімнің орташа мәндері
  • Әрқайсысы 10 га болатын 10 кездейсоқ алынған жердің өнімділігінің арифметикалық орта мәні

Дескриптор

Талдау жасайды

Репрезентативті таңдаманы табады

Жауабын негіздейді

Үй жұмысы

Сувенирлер сататын фирма жүмыс өнімділігін білгілері келді. Тізімде әр адамның белгілі бір күндерде жасалынған сувенирлер саны берілген:

92, 100, 89, 98, 101, 84, 113, 93, 81, 14, 113, 86, 98, 99, 105, 88, 101, 89, 93, 102, 101, 99, 87, 109, 92, 99, 111, 98, 102, 95

Таңдалымның модасын, медианасын және арифметикалық орта мәнін табыңыз.

[attachment=51952:kadyrov-talgat-osymsha.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу