Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Центрлік симметрия. Осьтік симметрия
6.3.1.5
осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;
6.3.1.6
осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;
6.3.2.5
тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;
Сабақ мақсаттары:
- осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын түсіну;
- түзуге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды салуды үйрену;
- нүктеге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды салуды үйрену;
- осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар білу;
- симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;
- тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басына қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салып үйрету;
- тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салып үйрету.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз
Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін және ББЖ бағалауға дайындықты нақтылау үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.
Үй тапсырмасы бойынша түсінбеген сұрақтарды талқылау.
Қайталау сұрақтары
Сөзжұмбақ шешу арқылы өткен тақырыпты сұрау.
ОХ осінің атауы – ОУ осінің атауы-
Жер қабатының қозғалысын -Жүрек соғуының графигі- Ауа-райын бақылау құралы- Нүктенің жазықтықтағы орны- Жазықтықтың координаталық осьтермен бөлгендегі бөлігі- Екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта сызықпен кескіндеу- Бір- бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу-
А | Б | С | Ц | И | С | С | А | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
О | Р | Д | И | Н | А | Т | А | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Т | Е | Р | М | О | Г | Р | А | Ф | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
К | О | О | Р | Д | И | Н | А | Т | А | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Е |
|
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы сыныптық жұмыс
№1.
Суреттегі АВС үшбұрышындағы АВ=ВС және ВС=9 см. Осы үшбұрышты k түзуіне қатысты симметриялы көшіргенде ADC үшбұрышы алынған. ABCD фигурасының периметрін табыңдар.
Жауабы: 36 см.
№2.
Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін табыңдар. Симметрия центрі АВ кесіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.
Жауабы: АО= ОВ=4 см.
№3.
l және k түзулері ABCD тік төртбұрышының симметрия осьтері. ABCD тік төртбұрышының А төбесінің l симметрия осінен қашықтығы 5 см, ал k симметрия осінен қашықтығы 3 см. ABCD тік төртбұрышының периметрін және ауданын табыңдар.
Жауабы: P = 32 см, S = 60 см2.
№4.
ABCD квадратын қабырғасын 4 см етіп сызып алып, оның D төбесіне қатысты симметриялы квадрат салыңдар.
Дескриптор: Білім алушы:
- k түзуіне қатысты симметриялы үшбұрышты салады;
- шыққан фигураның периметрін табады;
- кесіндінің симметрия центрін дұрыс табады, бөліктерінің ұзындығын дұрыс есептейді;
- берілген шамаларды дұрыс анықтап, ABCD тік төртбұрышының периметрін және ауданын табады;
- D төбесіне қатысты симметриялы квадратты дұрыс салады.
Алдын ала ұсынылған дескриптор бойынша өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.
Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары:
Тапсырма
1. Төмендегі шарттарға байланысты мысалдар келтіріңіз. Егер фигуралар:
а) центрлік симметриясы бар, бірақ осьтік симметриясы жоқ;
b) осьтік симметриясы бар, бірақ центрлік симметриясы жоқ;
c) центрлік және осьтік симметриясы бар.
2. Координаталық жазықтықта ABCD төртбұрыш төбелері сәйкесінше (– 2; 2), (5; 3), (5; – 5), (– 1; – 7) нүктелерінде жатыр.
a) ВС қабырғасы абсцисса осімен;
b) АВ қабырғасы ордината осімен;
c) АС кесіндісінің ордината осімен;
қай нүктеде қиылысатынын жазыңыз.
3. M(–3; –4), N(–2; –5) және Р(–6; –6) нүктелері берілген. МNР үшбұрышын салыңыз:
а) МNР үшбұрышына абсцисса осіне карағанда симметриялы;
b) МNР үшбұрышына ордината осіне карағанда симметриялы;
c)МNР үшбұрышына координаталар басына карағанда симметриялы болатындай үшбұрыштар салыңыз.
Бағалау критерилері | Тапсырма № |
| Балл | |||||||||||
Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады. | 1 |
|
| |||||||||||
Координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады. | 2 |
|
| |||||||||||
| 3 |
|
| |||||||||||
|
|
«Координаталық жазықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар
Білім алушының аты-жөні: ______________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады. | Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы фигураларға мысалдар келтіруде қиналады.. | Осьтік симметриялы / центрлік симметриялы фигураларға мысалдар келтірудеқателіктер жібереді. | Осьтік симметриялы жәнецентрлік симметриялы фигураларға мысалдардұрыс келтіреді.. | ||
Координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады | Абсциссажәне ордината осьтері мен кесінділердің қиылысунүктесін табуда қиналады. | Абсцисса / ордината осьтері мен кесінділердің қиылысу нүктесін табуда қателіктер жібереді. | Абсциссажәне ордината осьтері мен кесінділердің қиылысунүктесін дұрыс табады.. | ||
Тікбұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы фигураларды салады. | Фигураларды абсцисса,ордината, координаталық бас нүктеге қарағандағы симметриясын салуда қиналады | Фигураларды абсцисса /ордината/ координаталық бас нүктеге қарағандағы симметриясын салуда қателіктер жібереді.. | Фигураларды абсцисса,ордината және координаталық бас нүктеге қарағандағы симметриясын дұрыс салады. | ||
Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.
Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың бүгінгі сабақ барысында алған әсерлерін тыңдау.
Үйге тапсырма
Практикалық тапсырма
Тапсырма координаталық жазықтықта берілген нүктелерді белгілеу. Координаталық жазықтықта берілген А(0;7), В(–0,5;4,5),С(–1;6), D(-2;7), Е(-3;7), F(-5;6), G(-6;5), H(-6;3), J(-5;2), K(-3;2), L(-2;3),
M(-2;4), N(-2.5;5), O(-3.5;5), P(-4;4.5), Q(-4;4), R(-3;4), S(-3.5;3), T(4.5;3), U(-5;3.5), V(-5;5), W(-3;6), X(-2;6), Y(-1;4), Z(-1;2), I(-3;1), A1(-5;1), B1(-7;0) нүктелерді белгілеп, нүктелерді қосатын сызықтар бізге «қошқар мүйіз» оюын береді Бұл нүктелер жиынтығы есеп бойынша координата жазықтығының ІІ ширегінде орналасады.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Рефлексия
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру