Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Параллель түзулерді салу үшін сызба бұрыштық пен сызғыш пайдаланылады.

Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:

  • Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз
  • Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз.

Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.

||-параллельдік белгі. a ||b

Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель.

Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де өзара параллель болады.

1-әдіс 1.Бұрыштық сызғыш көмегімен салу.

Дескрипторлар:

1. а түзуін салу

2. оңнан перпендикуляр түзу салу;

3. осы перпендикулярға перпендикуляр болатын басқа b түзуін салу

4. b түзуін созу;

5. а және b түзулерін параллель дұрыс сызады.

2-әдіс 2.Бұрыштық сызғыш және сызғыш көмегімен салу.

Дескрипторлары:

1. а түзуін салады

2. бұрыштық сызғыштың бір қабырғасын осы түзуге орналастырып, сызғышты бұрыштық сызғыштың келесі қабырғасына беттестіреді

3. бұрыштық сызғышты сызғыш бойымен жылжытады

4. b түзуін сызады;

5. а және b түзулерін параллель дұрыс сызады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу