Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2

параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • параллель, перпендикуляр түзулер ұғымдарын білу
  • параллель, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;
  • параллель, перпендикуляр түзулерді салып білу.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • параллель, перпендикуляр түзулер ұғымдарын біледі;
  • параллель, перпендикуляр түзулер анықтамаларын біледі;
  • параллель, перпендикуляр түзулерді салады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жазықтықта екі түзудің өзара орналасуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • параллель түзулер;
  • қиылысатын түзулер;
  • перпендикуляр түзулер;
  • координаталық жазықтық;
  • координаталар жүйесі;
  • координата осьтері;
  • жазықтықтағы нүктенің координаталары;
  • абсцисса, ордината;
  • координаталық жазықтықтың ширегі;
  • симметрия;
  • осьтік симметрия, центрлік симметрия;
  • симметрия осі;
  • симметрия центрі;
  • фигура бейнесі;
  • фигураның бастапқы бейнесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық;

 Құндылықтарды

  дарыту

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойымен бөлісу, пікірін көпшілік алдында математикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Оқушылар алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, математикалық модельдеу идеяларының әлемді танудың жалпыланған әдісі ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру.

Бастапқы білім

Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіріп, өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында

«Ой қозғау»:

  • қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
  • қандай құралдармен перпендикуляр түзулер жүргіземіз?
  • квадрат салыңыз, әріптермен белгілеңіз, перпендикуляр түзулер жұбын жазыңыз.

Слайд 4

Сабақтың ортасы

4 14 мин

14 – 18 мин

18 26 мин

26 – 28 мин

28 - 32 мин

32 – 33 мин

33 – 38 мин

Жаңа білім.

Жаңа тақырыпты оқушылармен бірге ашу, ол үшін мына сызба жұмыстарына назар аударамыз:

  • бұл түзулер бізге таныс па?
  • суреттегі түзулер қалай орналасқан?

Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру, түсінік беру.

Анықтама: Бір жазықтықта жататын бір – бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады. Грек сөзі, қазақша «қатар жүруші» дегенді білдіреді.

Оқылуы: k түзуі l түзуіне параллель.

Параллель а және b түзулерін жүргізу үшін сызба бұрыштықты пайдалануды көрсету.

Параллель түзудің қасиеттері:

1.

Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.

s || t.

2. Бір жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.

, c || d болады.

Өмірден параллель түзуге мысалдар келтіру.

Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:

№1. Фигуралардың қай қабырғалары бір – біріне параллель (ауызша)?

№2. Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы берілген түзуге параллель түзу жүргізіңіздер:

Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысына кері байланыс беріңіз.

Жұптық жұмыс

№1.

Көпбұрыштардың қай қабырғалары параллель?

Белгіленулермен жазыңдар.

№2.

Қарама – қарсы қабырғалары параллель және бұрыштары тік бұрыш болатын төртбұрыш берілген. Оның параллель қабырғалары арасындағы арақашықтық 7 см және 3 см. Төртбұрыштың периметрін табыңдар.

Жауабы: 20 см.

№3.

m және n түзулері параллель. Е нүктесі m түзуінен 1 см қашықтықта болса, n түзуінен 3 см қашықтықта. m және n параллель түзулері бір – бірінен неше сантиметр қашықтықта? Сызып көрсетіңдер. Есептің неше шешімі бар?

Жауабы: есептің екі шешімі бар; 4 см, 2 см.

Дескриптор: Білім алушы:

  • параллель түзулер анықтамасын біледі;
  • параллель түзулерді салып біледі;
  • параллель түзулерді белгіленуімен жазады:
  • есеп шарты бойынша есептеу жүргізеді.

Жұптар арасында өзара бағалау жүргізу.

Тест тапсырмалары:

1. х – ті табыңыз:

А) 70; Б) 100; В) 90; С) 680; D) 220.

2. Төмендегі ұйғарымның қайсысы дұрыс?

А) ;

Б) ВАС бұрышы – тік;

В) ; - сүйір бұрыштар;

С) ;

D) барлық жауап дұрыс.

3. Сурет бойынша дұрыс жауапты табыңыз:

А) a||c

Б) c||b

В) a||b||с

С) a||b

D) барлық жауап дұрыс.

4. Параллель кесінділері бар суретті көрсетіңіз:

А) А; Б) АБ; В) В; С) СГ; D) АВ.

5. Параллель сәулелері бар суретті көрсетіңіз:

А) АГ; Б) АВГ; В) ВС; С) БСГ; D) А.

6. Параллель түзулерді табыңыз:

А)АВ||DC; Б)AB||CD; В)BC||AD; С)AD||CD; D)DC||BC.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

А

С

С

D

Б

B

Дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалауды жүргізу.

Өз бетімен орындалатын жұмыс

№1.

s түзуінде жатпайтын А нүктесі арқылы k, l және t түзулері жүргізілген. k, l және t түзулерінің қайсысы s түзуіне перпендикуляр, қайсысы параллель екенін белгілеулері арқылы жазып көрсетіңдер.

№2.

АВС үшбұрышының А төбесінен ВС қабырғасына, В төбесінен АС қабырғасына, С төбесінен АВ қабырғасына параллель түзу жүргізіңіз. Шыққан фигурада неше үшбұрыш бар? Параллель кесінділердің неше жұбы пайда болды? Параллель кесінділерді жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • сурет бойынша белгілеулермен жазып көрсете алады;
  • есеп шарты бойынша сызбаларды орындайды.

Дайын жауап арқылы оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 1

Слайд 5 - 7

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 2

Слайд – 8

Қосымша 3

Слайд – 9

Қосымша 4

Слайд 10 -11

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Қосымша 5

Слайд 12

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • қандай түзулер параллель болады?
  • параллель түзулердің қандай қасиеттері бар?

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтайды.

Үйге тапсырма: №1157

Параллель қырларын белгілеулермен жазыңыз:

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 6

Слайд 13-14

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сызба жұмыстары, дайын сызбаны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту көзделді. Жұппен жұмыс, жеке жұмыс тапсырмалары біртіндеп күрделеген. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Жұптық, жеке жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, көзге жаттығу орындау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу