Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.14
бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
- Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
- Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
- Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Психологиялық ахуал
«Әр елдің амандасу салты»
Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.
Қазақтар - қол алысады,
Италияндықтар – құшақтасады,
Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады,
Зимбабалықтар –арқасымен амандасады,
Македониялықтар – шынтақпен,
Никарагулықтар - иықпен амандасады,
Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
«Ой түрткі» - өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары.
C-1: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не? ( Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері).
С-2: Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін табу алгоритмін атаңыз.
(-Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
-Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;
- Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;
- Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады).
«Кім тез есептейді» - өткен тақырыптар бойынша қайталау есептерін шығару, жұпта қатар отырған оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дайын жауап бойынша тексереді.
1 нұсқа
1. Сызықтық теңдеуді көрсет:
А)12х + 5 = 27;B) ;C) х2 + 2 = 12;D) дұрыс жауабы жоқ
2. х = 5 қай теңдеудің түбірі болады:
A) 3х + 15 = 0; B) 25 – 5х = 0; C) 10х = 2; D) дұрыс жауабы жоқ
3. Қай теңсіздік сызықтық емес:
A)6 – 2х > 0; B)20х – 12 < 13 + 4х;
C)4х2 ≤ 0; D)дұрыс жауабы жоқ
4. Теңсіздікті шеш: 6х ≤ 18.
A) ( -∞; 3); B) ( -∞; 3]; C) [3; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
5. Қос теңсіздіктің шешімін сан аралығы түрінде жаз: -2 < х ≤ 9.
А) ( -2; 9); В) [ -2; 9); С) [ -2; 9]; D ) дұрыс жауабы жоқ
6. Сызықтық теңдеуді шеш: 2х = 17 + 3х.
А ) х = - 17; В) х = 17; С) х = 3,5; D) дұрыс жауабы жоқ
7. Сызықтық теңсіздікті шеш: 5х + 4 > -7х – 8.
А) ( -∞; -1); В) ( -∞; -1]; С) (-1; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
8. Қос теңсіздікті шеш: 7 ≤ 5х – 3 < 12.
А) [ 2; 3); В) ( 2; 3 ]; С) (2; 3); D) дұрыс жауабы жоқ
9. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 8 см-ге үлкен. Периметрі 40см-гетең болса, тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
А) 14 см және 6 см; В) 2см және 10 см;
С) 24 см және 16 см; D) дұрыс жауабы жоқ
10. Теңсіздікті шеш: 3(х2 – х) – х (3х + 4) > 14.
А) ( -∞; 2); В) ( -∞; -2 ); С) (-2; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
2 нұсқа
1. Сызықтық теңдеуді көрсет:
А) -2х + 5 = 27; В) ;
С) х2 + 8 = -5; D) дұрыс жауабы жоқ
2. х = 3 қай теңдеудің түбірі болады:
А) -3х + 6 = 0; В) 12 – 4х = 0;
С) 6х = 2; D ) дұрыс жауабы жоқ
3. Қай теңсіздік сызықтық емес:
А) 6 + 4х > 0; В) -2х + 10 ≤ 18 - 4х;
С) 8х2 ≤ 0; D ) дұрыс жауабы жоқ
4. Сызықтық теңсіздікті шеш: 3х ≥ 18.
А) ( 6; +∞); В) ( -∞; 6];
С) [6; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
5. Қос теңсіздіктің шешімін сан аралығы түрінде жаз: 7 ≤ х < 8.
А) (-7; 8); В) [-7; 8); С) [-7; 8]; D) дұрыс жауабы жоқ
6. Сызықтық теңдеуді шеш: 5х = 15 + 8х.
А) х = - 5; В) х = 5; С) х = 3,5; D) дұрыс жауабы жоқ
7. Сызықтық теңсіздікті шеш:: 4х + 8 > -9х – 5.
А) ( -∞; -1); В) ( -∞; -1]; С) (-1; +∞); D) дұрыс жауабы жоқ
8. Сызықтық теңсіздікті шеш: 5 ≤ 4х – 3 < 9.
А) [ 2; 3); В) ( 2; 3 ]; С) (2; 3); D) дұрыс жауабы жоқ
9. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 4 см -ге үлкен. Периметрі 40см-ге тең болса, тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
А) 14 см және 6 см; В) 8см және 12 см;
С) 24 см және и 16 см; D) дұрыс жауабы жоқ
10. Теңсіздікті шеш: 5(х2 – х) – х (5х + 4) > 18.
А) ( -∞; 2); В) ( -∞; -2 ); С) (-2; +∞); D ) дұрыс жауабы жоқ.
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1-Н | А | B | С | В | В | А | С | С | А | В |
2-Н | А | B | С | С | В | А | С | А | В | В |
Тест жұмысын орындау. Өткен сабақ бойынша қайталау жұмыстары жүргізіледі. Алғаш тапсырманы орындап болған оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау.
Оқу мақсатын меңгеру мақсатында оқушыларға жұпта орындауға тапсырмалар беру. Қатар отырған жұптар бірін-бірі дайын жауап бойынша тексеру және бағалау.
Жұптық жұмыс
№1. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер және шешімін координат түзуіне салып, жауабын аралық түрінде беріңдер:
1) | 2) | 3) | 4) |
№2. Теңсіздіктер жүйесін шешіп, жауабын сәйкестендіріңдер:
| 1) (-2;3) 2) [5; +∞) 3) (-12; 5) 4) (-1;4) 5) [ -3;4) | ||
|
№3. Қатесін тауып, шешіңдер:
Жауабы: (-8;-2,25) | |
Жауаптары:
№1. 1) (0; 5); 2) ; 3) ; 4) (-1).
№2. 1) ; 2) (-2;3); 3) (-1;4)
Бағалау: Тапсырмалары бірдей қатар отырған жұптар бір-бірінің жұмыстарын дайын жауап бойынша тексереді және бағалайды.
Жұптық жұмыс болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.
Сергіту сәті
«Жаңылыспаймын» әдісі
Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жеке жұмыстар жүргізу. Екі нұсқада деңгейлік тапсырмалар беру.
Жеке жұмыс
1 нұсқа 2 нұсқа
Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
А деңгейі | ||
В деңгейі | ||
С деңгейі |
Жауаптары:
1 нұсқа: 1) ( 11; +∞) 2) [-2;2) 3) [-4; 6]
2 нұсқа: 1) (-3;7] 2) ( -2; 7] 3) (-4;3]
Қосымша:
а)
Ж: [-2;3].
б)
Ж: [-4;3].
Жеке жұмыс аяқталғаннан соң, жұпта отырған оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын дайын жауап бойынша тексереді. Әр оқушы өз жұмыстары бойынша жалпы қорытынды жасайды
Содан соң үйге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №1056 есеп.
Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.
Рефлексия:
«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру