Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»
Сабақтың мақсаты:
6.2.2.4
түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдалана алады;
- Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдалана алады;
- Есептеулерде санның модулінің қасиеттерін пайдалана алады;
- Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Психологиялық ахуал:
Керемет Тамаша
Орташа
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
«Миға шабуыл» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтарын беру:
С-1: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не, оған мысал келтір.
С-2: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуде қандай ережелерді және формулаларды пайдаланамыз?
С-3: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің неше тәсілін қарастырдық?
С-4: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің бірінші тәсілі қандай, мысал келтір.
С-5: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің екінші тәсілі қандай, мысал келтір.
Сыныпты топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Топқа арналған ереже:
- белсенді болу;
- шыдамдылық таныту;
- достық қарым-қатынаста болу;
- бір-бірінің ойын сыйлау;
- басқа адамды тыңдай білу;
- барлығын бірге жасау;
- ынтымақтастықта жұмыс жасау.
Топтық жұмыс
Оқушылар топтық жұмыстарын постерде жазып, қорғайды. Оқушылар өткен сабақ бойынша өз түсініктерін постерге түсіреді.
1 топ
№1.
Егер b 0 болса, онда х a= b, түріндегі теңдеулерді қалай шешеміз, мұндағы a және b – рационал сандар; Мысал келтір.
№2.
Теңдеуді шешіңдер:
= 4; Жауабы: -6; 2.
=12; Жауабы: -8; 16.
= 3; Жауабы: -1; 0,5.
= 3; Жауабы: 0,5; 3,5.
2 топ
№1.
Егер b 0 болса, онда х a= b, түріндегі теңдеулерді қалай шешеміз, мұндағы a және b – рационал сандар; Мысал келтір.
№2.
Теңдеуді шешіңдер:
= 0; Жауабы: 0,5
= 0; Жауабы: -3,5
= 0; Жауабы: -14
= 0; Жауабы: 1,2
3 топ
№1.
Егер b 0 болса, онда х a= b, түріндегі теңдеулерді қалай шешеміз, мұндағы a және b – рационал сандар; Мысал келтір.
№2.
Теңдеуді шешіңдер:
= -24; Жауабы: түбірлері жоқ.
= -17; Жауабы: түбірлері жоқ.
= -13; Жауабы: түбірлері жоқ.
= -72; Жауабы: түбірлері жоқ.
Сергіту сәті.
«Сиқырлы квадрат» - әр топқа сан бос ұяшыққа сандарды толтыруға тапсырма беру, оқушылардың шапшандығын бақылау.
1 топ
9 | 5 | |
11 | ||
13 |
2 топ
7 | ||
5 | 9 | |
15 |
3 топ
17 | ||
11 | 27 | |
13 |
Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушыларға оқу мақсатын меңгеру үшін топта орындайтын тапсырмалар беріледі, рет-ретімен бірін-бірі дескриптор, дайын жауап бойынша тексереді және бағалайды. Оқулық бойынша дифференциалданған тапсырмалар беру.
«Кім жылдам»
Дифференциалданған тапсырмалар беру
1 топ
Теңдеуді шешіңдер:
№914.
1) |2x+14|=6; Ж: -4; -10.
2) |9x-18|=27; Ж: 5; -1.
№918.
9|x|-2|x|-8=5|x|; Ж: -4; 4.
№920.
1) ||2x+3|-2|=5; Ж: 2; -5.
2 топ
№914.
3) |8x+12|=20; Ж: 1; -4.
4) |15x-10|=5; Ж: 1;
№918.
7|x|-2|x|=3|x|+12; Ж: -6; 6.
№920.
||3x-2|+3|=7; Ж: 2; -
3 топ
№914.
5) |9x+15|=6; Ж: -1; -
6) |8x-6|=14; Ж: 2,5; -1.
№918.
2|x|+3|x|-18=|x|-7|x|+15; Ж: -3; 3.
№920.
||4x+3|-5|=8; Ж: 2,5; -4.
Дескриптор: (1-2) Білім алушы
- түрлендірулерді орындайды;
- сызықты теңдеулерге көшеді;
- сызықтық теңдеулерді шешеді;
- теңдеу түбірлерінің санын табады;
- есептің жауабын негіздейді.
Дескриптор: (3) Білім алушы
- сыртқы модульді ашады;
- ішкі модульді ашады;
- модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді;
- модулі бар теңдеудің түбірін табады.
Топтық жұмыс талданып аяқталғаннан соң, қатар отырған топтар өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, жауаптарын дескриптор және дайын жауап бойынша тексереді, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №925 есеп.
Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.
Рефлексия:
«Жетістік» баспалдағы.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру