Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 2.

Топтық жұмыс

Мысал – 1 (897).

Жолаушылар автобуспен елді мекеннен стансаға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен стансадан неше километр қашықтықта?

Мысал – 2.

Аулада тауықтар мен торайлар жүр. Олардың бастары 20, ал аяқтары 52. Ауладағы тауықтар мен торайлар санын табыңыз.

Мысал – 3 (888).

А стансасынан шыққан пойыз В стансасына 7,8 сағатта жетеді. Егер пойыз жылдамдығын 10 км/сағ-қа кемітсе, ол осы аралықты 1 сағ 30 мин ұзақ жүреді. А стансасы мен В стансасының ара қашықтығын табыңдар.

Мысал – 4 (889).

Ағасы мен інісі мектепке бару үшін үйден бірдей уақытта шықты. Ағасы 80 м/мин жылдамдықпен жүрсе, інісі одан 30 м/мин кем жылдамдықпен жүріп, мектепке ағасынан 6 мин кеш келді. Ағасы мектепке неше минутта келді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу